User's Guide
iii. Қызметтер түймесін екі рет басып, Принтердегі спулер бағдарламасын таңдаңыз.
iv. Принтердегі спулер бағдарламасын тінтуірдің оң жағымен басып, қызметті қайта іске
қосу үшін Қайта іске қосу түймесін басыңыз.
ә. Әдепкі принтер ретінде дұрыс құрылғы орнатылғанына көз жеткізіңіз.
Әдепкі принтердің жанында қара немесе жасыл дөңгелекке белгі қойылған.
б. Басқа құрылғы әдепкі принтер ретінде орнатылса, дұрыс құрылғыны тінтуірдің оң жағымен
басыңыз және Әдепкі принтер ретінде орнату параметрін таңдаңыз.
в. Принтерді қайтадан қолданып көріңіз.
6. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
7. Басып шығару кезегін тазалаңыз.
Басып шығару кезегін тазалау
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
● Windows 8.1 және Windows 8: Шебер түймелер тақтасын ашу үшін экранның жоғарғы
оң жақ бұрышына меңзеңіз немесе түртіңіз, Параметрлер белгішесін басыңыз, Басқару
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз, содан соң Құрылғылар мен принтерлерді қарау
тақтасын басыңыз немесе түртіңіз.
● Windows 7: Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мәзірінен Устройства и принтеры
(Құрылғылар және принтерлер) пәрменін басыңыз
● Windows Vista: Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мәзіріндегі Панель управления
(Басқару тақтасы) параметрін басып, Принтеры (Принтерлер) түймешігін басыңыз.
● Windows XP: Windows жүйесіндегі Пуск (Бастау), Панель управления (Басқару тақтасы),
Принтеры и факсы (Принтерлер және факстар) тармақтарын таңдаңыз.
ә. Басып шығару кезегін ашу үшін принтер белгішесін екі рет басыңыз.
б. Принтер мәзірінде Барлық құжаттарды болдырмау немесе Баспа құжатын тазарту
тармағын таңдап, растау үшін Иә түймесін басыңыз.
в. Кезекте құжаттар бар болса, компьютерді қайта іске қосыңыз және компьютер қайта іске
қосылғаннан кейін қайтадан басып шығарыңыз.
г. Басып шығару кезегінің таза екеніне көз жеткізу үшін оны қайтадан тексеріңіз және
қайтадан басып шығарып көріңіз.
Басып шығару мәселелерін шешу (OS X)
1. Қате туралы хабарламалардың бар-жоғын тексеріп, ақаулықтарды жойыңыз.
2. USB кабелін ажыратыңыз және қайта қосыңыз.
3. Құрылғы тоқтатылмағанын немесе желіге қосылмағанын растаңыз.
112 9-тарау Мәселені шешу KKWW










