User's Guide

Құжатты беретін құралға күтім көрсету
Құжатты беретін құрал бірнеше бетті алатын болса немесе қарапайым қағазды алмайтын болса,
шығыршықтар мен бөлгіш тіректі тазартыңыз.
Шығыршықтарды немесе бөлгіш тіректі тазарту
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Принтерді тазаламас бұрын оны Қуат түймесін ( ) басып өшіріп, электр
розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз.
1. Құжаттарды салатын науадан барлық түпнұсқаларды алып тастаңыз.
2. Құжатты беретін құралдың қақпағын көтеріңіз.
Бұл шығыршықтар (1) мен бөлгіш тірекке (2) оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
3. Тазартылған сумен таза мамықсыз матаны жайлап ылғалдаңыз, одан кейін матадан шамадан тыс
сұйықтықты сығып тастаңыз.
4. Шығыршықтардан немесе бөлгіш тіректен кез келген қалдықтарды алып тастау үшін дымқыл
матаны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қалдық тазартылған сумен кетпесе, изопропил (жылтырататын) спиртін
пайдаланып көріңіз.
5. Құжатты беретін құралдың қақпағын жабыңыз.
KKWW Құжатты беретін құралға күтім көрсету 133