User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Параллель сплиттерді сатып алу қажет. Параллель сплиттердің алдыңғы жағында бір
RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар. 2 сымды телефон сплиттерді, сериялық
сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11 порты бар және артқы жағында ашасы бар параллель
сплиттерді қолданбаңыз.
Cурет ә-7 Параллель сплиттердің мысалы
Принтерді компьютерде DSL/ADSL модемімен бірге орнату
1. DSL провайдерінен DSL сүзгісін алыңыз.
2. Телефон сымының бір ұшын DSL сүзгісіне жалғаңыз, содан соң екінші ұшын принтердің
артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады.
3. DSL сүзгісін параллель сплиттерге қосыңыз.
4. DSL модемін параллель сплиттерге қосыңыз.
5. Параллель сплиттерді ұяға қосыңыз.
6. Факс сынағын іске қосыңыз.
Принтерге қоңырау шалынғанда, принтер Жауап берілетін қоңыраулар параметрінде орнатылған
бірнеше қоңыраудан кейін автоматты түрде жауап береді. Принтер факсты қабылдау сигналдарын
жіберуші факс құрылғысына шығарып, факсты қабылдайды.
Принтерге қосымша жабдықты орнату кезінде ақаулар туындаса, келесі көмектерді алу үшін
жергілікті қызметті берушімен немесе сатушымен байланысыңыз.
H жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютер модемі бар факс
желісі
Компьютердегі телефон порттарының санына негізделген принтерді компьютермен бірге орнатуға
арналған екі түрлі жол бар. Бастамас бұрын бір немесе екі телефон порттарының болуын қарау үшін
компьютерді тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде тек бір ғана телефон порты болса, суретте көрсетілгендей параллель
сплиттерді сатып алу қажет (жалғастырғыш деп те аталады). (Параллель сплиттердің алдыңғы
жағында бір RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар. Екі сымды телефон сплиттерді,
сериялық сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11 порты бар және артқы жағында ашасы бар
параллель сплиттерді қолданбаңыз).
Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде теру модемі бар факс
Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде DSL/ADSL модемі бар факс
Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде теру модемі бар факс
Факс және телефон қоңыраулары үшін бірдей телефон желісін пайдаланып жатсаңыз, факсты орнату
үшін осы нұсқауларды пайдаланыңыз.
KKWW Факсты орнату (параллель телефон жүйелері) 175