User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Модемнің бағдарламалық құралында факсты автоматты түрде қабылдау
функциясын ажыратпаған болсаңыз, принтер факстарды қабылдай алмайды.
7. Авто жауап беру параметрін қосыңыз.
8. Жауап беру құрылғысын қоңыраулардың аз санынан кейін жауап беретін етіп орнатыңыз.
9. Принтердегі Жауап берілетін қоңыраулар параметрін өнім арқылы қолдау көрсетілетін
қоңыраулардың ең көп санына өзгертіңіз. (Ең үлкен қоңыраулардың саны елге/аймаққа
байланысты әртүрлі болады).
10. Факс сынағын іске қосыңыз.
Телефон қоңырау шалғанда, орнатылған қоңыраулардың санынан кейін жауап беру құрылғысы
жауап беріп, жазылған сәлемдесуді ойнатады. Принтер осы уақытта қоңырауды басқарады, факс
сигналдарын «тыңдайды». Кіріс факс сигналдары анықталған болса, принтер факсты қабылдау
сигналдарын шығарып, факстарды қабылдайды; факс сигналдары болмаса, принтер желіні
басқаруды тоқтатады және жауап беру құрылғысы дыбыстық хабарламаны жазады.
Принтерге қосымша жабдықты орнату кезінде ақаулар туындаса, келесі көмектерді алу үшін
жергілікті қызметті берушімен немесе сатушымен байланысыңыз.
Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютердің DSL/ADSL модемі және жауап беру
құрылғысы бар факс желісі
1 Телефон ұясы
2 Параллель сплиттер
3 DSL/ADSL сүзгісі
4 Жауап беру құрылғысы
5 Телефон (қосымша)
6 DSL/ADSL модемі
7 Компьютер
8 Принтердің артындағы «1-LINE» портына жалғанған телефон сымы.
Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады.
182 ә қосымшасы Қосымша факсты орнату KKWW