User's Guide
● Орналасу қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз.
● Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality
Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдап, Color (Түс)
аумағынан қажетті түсті таңдаңыз.
● Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті хатқалта өлшемін таңдау үшін,
Дополнительный (Қосымша) түймесін басыңыз.
5. Басып шығару диалогтық терезесінде OK түймешігін басып, Басып шығару немесе OK түймешігін
басыңыз.
Хатқалталарды басып шығару (OS X)
1. Бағдарламалық жасақтаманың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймеcін
таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз.
3. Басып шығару параметрлерін орнатыңыз.
Басып шығару диалогтық терезесінде опцияларды көрмесеңіз, Мәліметтерді көрсету түймесін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Келесі параметрлер USB кабеліне жалғанған принтер үшін қол жетімді.
Опциялардың орындары әр бағдарламада әртүрлі болады.
а. Размер бумаги (Қағаз өлшемі) қалқымалы мәзірінен сәйкес хатқалта өлшемін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемі параметрін өзгертсеңіз, дұрыс қағаз салынғандығын тексеріңіз.
ә. Қалқымалы мәзірден Қағаз түрі/Сапа параметрін таңдаңыз және қағаз түрі параметрінің
Қарапайым қағаз күйіне орнатылғанын тексеріңіз.
4. Басып шығару түймешігін басыңыз.
Ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығын пайдалану арқылы басып шығару
Фотосурет қағаздарына жоғарғы сапалы, анық суреттерды басып шығару үшін, ең үлкен нүкте/дюйм
өлшемін қолданыңыз.
Ең үлкен нүкте/дюйм өлшемінде басып шығаруға басқа параметрлерде басып шығаруға қарағанда
ұзағырақ уақыт кетеді және оған дисктен үлкен бос орын қажет.
Ең үлкен нүкте/дюйм режимінде басып шығару (Windows)
1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз.
2. Принтердің таңдалғандығын тексеріңіз.
3. Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосымшасына байланысты бұл түймешік Свойства (Сипаттар), Опции
(Параметрлер), Установка принтера (Принтерді орнату), Свойства принтера (Принтер сипаттары),
Принтер немесе Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) деп аталуы мүмкін.
4. Бумага/Качество (Қағаз/Сапа) қойындысын басыңыз.
26 3-тарау Басып шығару KKWW










