User's Guide

Мобильді құрылғыдан басып шығару
HP мобильді басып шығару технологиясы арқылы смартфоннан немесе планшеттен принтерге оңай
басып шығаруға болады.
Үйде немесе кеңседе болсаңыз, басып шығаруға смартфондағы не планшеттегі басып шығару
мүмкіндігін пайдалану үшін:
1. Мобильді құрылғы мен принтер бір желіде екендігін тексеріңіз.
2. Басып шығарғыңыз келген фотосуретті немесе құжатты таңдап, кейін принтерді таңдаңыз.
3. Басып шығару параметрлерін растап, басып шығарыңыз.
Желіге кірмей-ақ басып шығару қажет болса, қосымша ақпарат алу үшін, Принтерге
маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз (89-бет) fбөлімін қараңыз.
Жолда болсаңыз, құжатты HP ePrint бағдарламасымен HP ePrint қосылған принтеріне электрондық
хабар жіберу арқылы басып шығара аласыз. Қосымша ақпаратты HP ePrint құрылғысымен басып
шығару (38-бет) бөлімінен қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін HP мобильді басып шығару веб-сайтына ( www.hp.com/go/mobileprinting )
кіріңіз.
KKWW Мобильді құрылғыдан басып шығару 29