User's Guide

Көшіру
Принтер дисплейіндегі Көшіру мәзірі қара немесе түрлі-түсті көшірмелерді оңай жасауға және
көшірмелер санын таңдауға мүмкіндік береді.
Қара немесе түрлі-түсті көшірмелер жасау
1. Науаға қағазды салыңыз.
2
. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып
салыңыз.
Түпнұсқаны салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Түпнұсқаларды салу (11-бет) бөлімін
қараңыз.
3. Басты экранда Көшіру белгішесін түртіңіз.
4. Көшірмелер саны мен параметрлерді көрсетіңіз.
Көшірмелер санын енгізу үшін қажетті көшірмелер санын орнатыңыз немесе
(Пернетақта) пайдаланыңыз.
Көшіру әрекетін реттеу үшін (Параметрлер) түймесін басыңыз.
5. Көшіруді бастау үшін Қара түспен көшіруді бастау немесе Түсті көшіруді бастау тармағын
таңдаңыз.
Көшіру параметрлері
Көшіру әрекетін Көшіру мәзірі арқылы реттеуге болады.
Науа мен қағаз: Кіріс науасына қағаздың салынғанын тексеріңіз. Қарапайым қағаз параметрі
қарапайым қағазда қалыпты басып шығару сапасымен басып шығарады. Фотосурет қағазының
параметрі фотосурет қағазының ең жақсы сапасымен басып шығарады.
Өлшемін өзгерту: Көшірілетін сурет немесе құжат өлшемін басқарады.
44 5-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW