User's Guide

HP принтер бағдарламалық құралы арқылы сканерлеу
Компьютерге сканерлеу
Жаңа сканерлеу таңбашасын жасау (Windows)
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Компьютерге сканерлеу
Компьютерге сканерлемес бұрын HP принтерінің ұсынылған бағдарламалық құралы
орнатылғандығын тексеріңіз
. Принтер мен компьютер жалғанған және қосулы болуы қажет.
Құжатты немесе фотосуретті файлға сканерлеу (Windows)
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып
салыңыз.
2. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін, жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет
басыңыз немесе келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
Windows XP, Windows Vista және Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінен Пуск (Бастау)
түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін
басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені
таңдаңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралында Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу түймесін
басыңыз.
4. Қажетті сканерлеу түрін таңдап, Сканерлеу түймесін басыңыз.
Құжатты (немесе фотосуретті) PDF файлы ретінде сақтау үшін PDF ретінде сақтау
параметрін таңдаңыз.
Құжатты (немесе фотосуретті) сурет файлы ретінде сақтау үшін JPEG ретінде сақтау
параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қандай да бір сканерлеу параметрін тексеру және өзгерту үшін, Сканерлеу
диалогтық терезесінің оң жақ жоғары бөлігіндегі Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) (49-бет) бөлімін
қараңыз.
Сканерлегеннен кейін көру құралын көрсету параметрі таңдалған болса, алдын ала қарап алу
экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасай аласыз.
KKWW HP принтер бағдарламалық құралы арқылы сканерлеу 47