User's Guide
Құжатты немесе фотосуретті электрондық поштағ сканерлеу (Windows)
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып
салыңыз.
2. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін, жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет
басыңыз немесе келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
● Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows XP, Windows Vista және Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінен Пуск (Бастау)
түймесін басып, Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдап, НР түймесін
басыңыз, содан соң принтерге арналған қалтаны басып, принтер атауы бар белгішені
таңдаңыз.
3. Принтердің бағдарламалық құралында Құжатты немесе фотосуретті сканерлеу түймесін
басыңыз.
4. Қажетті сканерлеу түрін таңдап, Сканерлеу түймесін басыңыз.
Тіркеме ретінде сканерлен файлы бар электрондық поштаның бағдарламалық құралын ашу
үшін, Электрондық хабар PDF ретінде немесе Электрондық хабар JPEG ретінде параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қандай да бір сканерлеу параметрін тексеру және өзгерту үшін, Сканерлеу
диалогтық терезесінің оң жақ жоғары бөлігіндегі Қосымша сілтемесін басыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) (49-бет) бөлімін
қараңыз.
Сканерлегеннен кейін көру құралын көрсету параметрі таңдалған болса, алдын ала қарап алу
экранында сканерленген суреттерге түзетулер жасай аласыз.
НР принтер бағдарламалық құралынан түпнұсқаны сканерлеу (OS X)
1. HP Scan (HP сканерлеу) пәрменін ашыңыз.
HP сканерлеу белгішесі қатты дисктің жоғарғы деңгейіндегі Applications (Бағдарламалар)/
Hewlett-Packard қалтасында орналасады.
2. Сканерлеу түймесін басыңыз.
3. Қажетті сканерлеу профилінің түрін таңдаңыз және экрандағы нұсқаулықтарды орындаңыз.
Жаңа сканерлеу таңбашасын жасау (Windows)
Сканерлеуді жеңілдету үшін, жеке сканерлеу таңбашасын жасауға болады. Мысалы, фотосуреттерді
көбіне JPEG пішімінде емес, PNG пішімінде сканерлеу және сақтау қажет болуы мүмкін.
48 5-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW










