User's Guide

Факс жіберу
Жағдайға немесе қажеттілігіңізге байланысты факсты түрлі жолмен жіберіге болады.
Принтердің басқару тақтасынан қалыпты факс жіберу
Компьютерден стандартты факс жіберу
Факсты телефоннан жіберу
Мониторда теруді қолдану арқылы факс жіберу
Факсты қатені түзету күйінде жіберу
Принтердің басқару тақтасынан қалыпты факс жіберу
Принтердің басқару тақтасын қолдану арқылы бір немесе бірнеше ақ-қара және түсті факстарды оңай
жіберуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Факстардың сәтті жіберілгені туралы басып шығарылған растау қажет болса, факсты
растауды факстарды жібермес бұрын қосыңыз.
Принтердің басқару тақтасынан стандартты факс жіберу
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз
немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып
салыңыз.
Түпнұсқаны салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Түпнұсқаларды салу (11-бет) бөлімін
қараңыз.
2. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз.
3. Қазір жіберу түймесін түртіңіз.
4. Факс нөмрін енгізу пәрменін түртіңіз. Факс нөмірін пернетақта арқылы енгізіп, OK белгішесін
түртіңіз.
КЕҢЕС: Енгізілетін факс нөміріне үзіліс қосу үшін, * түймесін дисплейде сызықша (-)
көрсетілгенше қайталай басыңыз.
5. Қара немесе Түсті түймесін басыңыз.
Егер принтер құжатты беретін құралға түпнұсқаның салынғанын анықтаса, ол құжатты енгізілген
нөмірге жібереді.
КЕҢЕС: Алушы жіберілген факстың сапасына қатысты мәселені хабарласа, факстың
ажыратымдылығын немесе контрастын өзгертіп көріңіз.
Компьютерден стандартты факс жіберу
Құжатты басып шығармай компьютерден тікелей факспен жіберуге болады.
Осы мүмкіндік пайдалану үшін HP принтерінің бағдарламалық құралы компьютерге орнатылғанын,
принтердің жұмыс істейтін телефон желісіне жалғанғанын, факс функциясының орнатылғанын және
дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеріңіз.
54 6-тарау Факс KKWW