User's Guide
Факстың сақтық көшірмесін жасауды орнату
Қалауыңыз бен қауіпсіздік талаптарыңызға байланысты принтерді барлық алынған факстерді, ол қате
күйде болғанда алатын факстарды ғана немесе алатын факстардың ешқайсысыне сақтауға орнатуға
болады.
Принтердің басқару тақтасынан факстың сақтық көшірмесін жасауды орнату
1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз.
2. Теңшеу белгішесін түртіңіз.
3. Басымдықтар түймесін түртіңіз.
4. Создать резервную копию факса (Факстың сақтық көшірмесін жасау) түймесін басыңыз.
5. Қажетті параметрлерді басыңыз.
Қосулы Әдепкі параметр. Факстың сақтық көшірмесін жасау параметрі Қосулы болса, принтер
барлық алынған факстарды жадта сақтайды. Бұл жадта әлі де сақталған болса, ең соңғы
алынған факстарды шығаруға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Принтердің жады төмен болса, ол ескі, басып шығарылған факстардың үстіне
жаңа алынған факстарды жазады. Егер жад басып шығарылмаған факстармен толы болса,
принтер кіріс факс қоңырауларына жауап беруді тоқтатады.
ЕСКЕРТПЕ: Алынңан факстар айнымалы жадта сақталады. Принтер өшіріліп, қайта
қосылған кезде, алынған факстарды қайта басып шығаруға қолжетімді болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Тым егжей-тегжейлі түсті фотосурет сияқты өте үлкен факсты қабылдаған
болсаңыз, жадтың шектеулеріне байланысты ол жадта сақталмауы мүмкін.
Тек қате кезінде Принтердің факстарды басып шығаруын болдырмайтын қате жағдайы бар болғанда ғана
принтер жадта факстарды сақтайтын болады (мыс., принтердің қағазды шығындауы). Жад
қол жетімді болған кезде принтер кіріс факстарын сақтауды жалғастыра береді. (Егер жад
толы болса, принтер кіріс факс қоңырауларына жауап беруді тоқтатады.) Қате жағдайы
шешілген кезде, жадта сақталған факстар автоматты түрде басып шығарылады және олар
жадтан жойылады.
Өшірулі Жадта ешқашан сақталмайтын факстар. Мысалы, қауіпсіздік мақсаттары үшін Создать
резервную копию факса (Факстың сақтық көшірмесін жасау) параметрін өшіргіңіз келуі
мүмкін. Принтердің басып шығаруын болдырмайтын қате жағдайы туындайтын болса
(мыс., принтердің қағазды шығындауы), принтер кіріс факс қоңырауларына жауап беруді
тоқтатады.
Жадтан алынған факстарды қайта басып шығару
Алынған факстар айнымалы жадта сақталады. Принтер өшіріліп, қайта қосылған кезде, алынған
факстарды қайта басып шығаруға қолжетімді болмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Жады толып кеткен кезде, жадтағы факстарды басып шығармағанша немесе
жоймағанша, принтер жаңа факстарды қабылдай алмайды. Солай да, қауіпсіздік немесе құпиялылық
мақсаттарда жадтағы факстарды өшіруге болады.
Принтердің басқару тақтасынан жадтағы факстарды қайта басып шығару
1. Кіріс науасына қағаздың салынғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу
(7-бет) бөлімін қараңыз.
2. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз.
KKWW Факс алу 59










