User's Guide
Факс параметрлерін өзгерту
Принтермен бірге берілген жұмысты бастау нұсқаулығында қадамдарды орындауды аяқтағаннан
кейін, факс үшін бастапқы параметрлерді өзгерту немесе басқа параметрлерді теңшеу үшін келесі
қадамдарды орындаңыз.
●
Факстың тақырыпшасын теңшеу
●
Жауап беру күйін (автоматты түрдегі жауап) орнату
●
Жауап бермес бұрын қоңыраулардың санын орнату
●
Арнайы қоңырау үшін қоңырауға жауап беру үлгісін өзгерту
●
Теру түрін орнату
●
Қайта теру параметрін орнату
●
Факс жылдамдығын орнату
●
Факс дыбысының деңгейін орнату
Факстың тақырыпшасын теңшеу
Факстың тақырыпшасы жіберілетін әрбір факстың жоғарғы жағында атауды және факс нөмірін басып
шығарады. HP компаниясы НР принтерінің бағдарламалық құралын пайдалану арқылы факс
тақырыбын орнатуды ұсынады. Осы жерде сипатталғандай принтердің басқару тақтасын қолдану
арқылы да факс тақырыпшасын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір елдерде/аймақтарда факс тақырыпшасының мәліметтері заңмен талап етіледі.
Факс тақырыпшасын орнату немесе өзгерту
1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз.
2. Теңшеу түймесін, одан кейін Басымдықтар басыңыз.
3. Заголовок факса (Факс тақырыбы) түймесін басыңыз.
4. Жеке немесе компания атын енгізіп, Дайын түймесін басыңыз.
5. Факс нөмірін енгізіп, OK басыңыз.
Жауап беру күйін (автоматты түрдегі жауап) орнату
Жауап беру күйі принтердің кіріс қоңырауларына жауап беретінін не жауап бермейтінін тексереді.
● Авто жауап беру параметрін принтердің факстарға автоматты түрде жауап беруін қалаған кезде
қосыңыз. Принтер барлық кіріс қоңырауларына және факстарға автоматты түрде жауап береді.
● Авто жауап беру параметрін принтердің факстарды қолмен қабылдап алуын қалаған кезде
ажыратыңыз. Кіріс факс қоңырауына өзіңіз жауап беру керексіз, әйтпесе принтер факстарды
қабылдап алмайды.
66 6-тарау Факс KKWW










