User's Guide

Картридждармен жұмыс істеу туралы кеңестер
Сия картридждермен жұмыс істегенде мына кеңестерді пайдаланыңыз:
Сия картридждерін кеуіп кетуден қорғау үшін әрдайым Қуат түймесі арқылы принтерді өшіріңіз
де, Қуат түймесінің шамы өшкенше күтіңіз.
Орнатуға дайын болмайынша қақпақсыз картридждерді ашпаңыз. Картридждерде қақпақтарды
қалдыру сияның булануын азайтады.
Сия картридждерін сәйкес ұяларына салыңыз. Әр картридждің түсін және белгішесін әр ұяның
түсі мен белгішесіне сәйкестендіріңіз
. Барлық картридждердің орнына шырт етіп түсуін
тексеріңіз.
Жаңа картридждерді салғаннан кейін принтерді ең жақсы басып шығару сапасына туралаңыз.
Қосымша ақпаратты Басып шығару ақаулары (109-бет) бөлімінен қараңыз.
Принтер бағдарламалық құралындағы Анықталған сия деңгейлері сия картридждерінің екеуінде
де сияның аз екенін көрсетеді, ықтимал басып шығару кідірістерін болдырмау үшін
картридждерді ауыстырған жөн. Басып шығару сапасы жарамсыз болмайынша сия
картридждерін ауыстырудың қажеті жоқ. Қосымша ақпаратты Сия картридждерін ауыстыру
(81-бет) бөлімінен қараңыз.
Сия картриджін ешбір себепсіз принтерден алып тастаған болсаңыз, оны қайтадан мүмкіндігінше
қайта ауыстырып қойыңыз. Принтердің сыртқы жағы қорғалмаса, сия картридждері құрғай
бастайды.
86 7-тарау Сия картридждерін басқару KKWW