User's Guide

3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз
да, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз.
Қолжетімді принтерлер тізімі шығады.
4. Қолжетімді принтерлер тізімі арасынан DIRECT-**-HP DeskJet 3830 секілді көрсетілген Wi-Fi Direct
атауын таңдаңыз (бұнда ** сіздің принтеріңізді анықтайтын бірегей таңба), содан кейін
принтеріңіз бен мобильді құрылғыңыздың экранында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолданбайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз www.hp.com/global/us/en/eprint/
mobile_printing_apps.html.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыдағы Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді құрылғымен
бірге берілген құжаттан қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Мобильді құрылғыңыз Wi-Fi байланысын қолдамаса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Мобильді құрылғыдан жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу
нүктесіне қосылу үшін пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP DeskJet 3830
сияқты көрсетілген сымсыз желілер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұл жердегі **
принтерді анықтау үшін берілген бірегей таңбалар болып табылады).
Сұралған болса, Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
4. Құжатты басып шығарыңыз.
Сымсыз жұмыс істейтін компьютерден басып шығару (Windows)
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Компьютердің Wi-Fi байланысын қосыңыз. Қосымша ақпаратты компьютерде берілген құжаттан
қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Wi-Fi байланысын қолдамайтын болса, Wi-Fi Direct мүмкіндігін
пайдалану мүмкін емес.
3. Компьютерден жаңа желіге қосылыңыз. Әдетте жаңа сымсыз желі немесе қол жеткізу нүктесіне
қосылуға пайдаланылатын процесті пайдаланыңыз. DIRECT-**-HP DeskJet 3830 ретінде
көрсетілген сызмсыз желілердің тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (** белгісі - принтерді
анықтайтын бірегей таңбалар және ХХХХ - принтерде орналасқан принтер моделі).
Сұралған кезде Wi-Fi Direct құпиясөзін енгізіңіз.
4. Егер принтер орнатылып сымсыз желі арқылы компьютерге қосылған болса, 5 қадамға өтіңіз.
Егер принтер орнатылып компьютерге USB кабелі арқылы қосылған болса, HP Wi-Fi Direct
қосылымын пайдаланатын принтер бағдарламалық құралы орнату үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
а. Операциялық жүйеге қарай келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
90 8-тарау Принтерді жалғау KKWW