User's Guide

Сымсыз қосылым параметрлері
Принтердің басқару тақтасынан принтердің сымсыз қбайланысын орнатып және басқаруға, сондай-ақ
әр түрлі желі басқару тапсырмаларын орындауға болады.
ЕСКЕРТУ: Желі параметрлері ыңғайлылық үшін беріледі. Дегенмен, жетілдірілген пайдаланушы
болмасаңыз, осы параметрлердің кейбірін (мыс., байланыс жылдамдығы, IP параметрлері, әдепкі
шлюз және желіаралық қалқан параметрлері) өзгертудің қажеті жоқ.
Принтердегі сымсыз байланыс мүмкіндігін қосу немесе өшіру
Принтердің сымсыз байланыс мүмкіндігі қосулы кезде принтердің басқару тақтасында сымсыз
байланыстың көк шамы жанып тұрады.
1. Принтердің басқару тақтасындағы (Сымсыз) түймесін басыңыз.
2. Параметрлер белгішесін түртіңіз.
3. Оны қосу не өшіру үшін Сымсыз байланыс түймесін түртіңіз.
Сымсыз байланыс бойынша мәліметтерді көру
1. Басты экранда (Сымсыз) белгішесін түртіңіз, содан кейін Параметрлер белгішесін түртіңіз.
2. Сымсыз байланыс мәліметтері белгішесін түртіңіз.
Сымсыз байланыстың сынақ есебін басып шығару
Сымсыз байланыстың сынақ есебі принтердің күйі, аппараттық құрал (MAC) мекенжайы және IP
мекенжайы туралы мәліметтерді береді. Принтер желіге қосылған болса, сынақ беті желі параметрлері
туралы мәліметтерді көрсетеді.
1. Принтердің басқару тақтасындағы (Сымсыз) түймесін басыңыз.
2. Параметрлер мәзірін түртіп, Факс есептері параметрін таңдаңыз.
3. Сымсыз байланыс сынағының есебі түймесін түртіңіз.
Желіні конфигурациялау бетін басып шығару
1. Принтердің басқару тақтасындағы (Сымсыз) түймесін басыңыз.
2. Параметрлер тармағын, Басып шығару есептері, содан кейін Желі конфигурациясының беті
тармағын түртіңіз.
Сымсыз байланыс параметрлерін өзгерту
1. Басты экранда (Сымсыз) белгішесін түртіңіз, содан кейін Параметрлер түймесін түртіңіз.
2. Дополнительные параметры (Қосымша параметрлер) түймешігігін түртіңіз.
3. Өзгертілетін параметрді таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
92 8-тарау Принтерді жалғау KKWW