HP DeskJet Ink Advantage 3830 All-in-One series
Maзмұны 1 HP DeskJet 3830 series анықтамасы .............................................................................................................. 1 2 Жұмысқа кіріскенде .................................................................................................................................... 3 Принтер бөлшектері ............................................................................................................................................ 4 Басқару тақтасы және күй шамдары ...
HP принтер бағдарламалық құралы арқылы сканерлеу .............................................................................. 47 Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу ............................................................................................................... 51 Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер .............................................................................................. 52 6 Факс ...................................................................................
Құжатты беретін құралға күтім көрсету ....................................................................................................... 133 HP қолдау қызметі ........................................................................................................................................... 134 қосымшасы а Техникалық мәліметтер ....................................................................................................... 137 Hewlett-Packard Company ескертулері ..........................
vi KKWW
1 HP DeskJet 3830 series анықтамасы HP DeskJet 3830 series принтерін пайдалану әдісін үйреніңіз.
2 1-тарау HP DeskJet 3830 series анықтамасы KKWW
2 KKWW Жұмысқа кіріскенде ● Принтер бөлшектері ● Басқару тақтасы және күй шамдары ● Медиа құралын салу ● Түпнұсқаларды салу ● Қағаз негізгілері ● HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) ● Күту режимі ● Тыныш режимі ● Автоматты түрде өшіру 3
Принтер бөлшектері 4 1 Қағаз енін бағыттауыш 2 Кіріс науасы 3 Кіріс науасының қақпағы 4 Құжатты беруші науа 5 Құжатты беруші науа ұзартқышы 6 Сканер әйнегі 7 Сканер әйнегі 8 USB порты 9 Факс порты (2-EXT) 10 Құжатты беретін құрал 11 Шығыс науасын ұзартқыш (науаны ұзартқыш деп те аталады) 12 Шығару науасы 13 Алдыңғы есік 14 Басқару тақтасы 15 Картриджге кіретін есік 16 Сия картридждері 17 Қуат қосылымы 18 Факс порты (1-LINE) 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW
Басқару тақтасы және күй шамдары ● Түймешіктерге және шамдарға жалпы шолу ● Басқару тақтасы дисплейінің белгішелері Түймешіктерге және шамдарға жалпы шолу Жапсырма Аты және сипаттамасы 1 Қуат түймесі: Принтерді қосады немесе өшіреді. 2 Басты түймесі: Принтерді бірінші рет қосқанда көрсетілетін Басты экранға қайтарады. 3 Дисплей панели управления (Басқару тақтасының дисплейі): Мәзір опцияларын таңдау үшін экранды түртіңіз немесе мәзір элементтерін айналдырыңыз.
Белгіше Мақсат Факс : Факс жіберу немесе факс параметрлерін өзгертуге болатын экранды көрсетеді. HP арқылы басып шығарылатындар:: купондар, боялған беттер, жұмбақтар және т.б. сияқты Интернеттегі мәліметтерге қол жеткізу және басып шығарудың жылдам әрі оңай жолын береді. Жылдам пішіндер : Жылдам пішіндер мәзірін ашады, бұл мәзірде басып шығару үшін пішімді таңдай аласыз. Теңшеу : Теңшеу мәзірін ашады.
Медиа құралын салу Жалғастыру үшін қағаз өлшемін таңдаңыз. Толық өлшемді қағазды салу KKWW 1. Кіріс науасын алыңыз. 2. Қағаз енінің бағыттауыштарын сол жаққа қарай сырғытыңыз. 3. Қағаздар бумасын қысқа шетін төмен қаратып және басып шығарылатын жағын жоғары қаратып кіріс науасына салыңыз да, қағаздар бумасын тоқтағанша төмен қарай жылжытыңыз.
4. Қағаздың ұшына жетіп тоқтағанша қағаз енін бағыттауышты оң жаққа қарай сырғытыңыз. 5. Шығыс науасы мен науа ұзартқышын алыңыз. Кіші өлшемдегі қағазды салу 8 1. Кіріс науасын алыңыз. 2. Қағаз енінің бағыттауыштарын сол жаққа қарай сырғытыңыз.
3. Фотосурет қағазының дестесін кіріс науасының оң жағына қысқа шетін төмен қаратып және басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз да, қағаз дестесін тоқтағанша төменге сырғытыңыз. 4. Қағаздың ұшына жетіп тоқтағанша қағаз енін бағыттауышты оң жаққа қарай сырғытыңыз. 5. Шығыс науасы мен науа ұзартқышын алыңыз. Хатқалталарды салу 1. KKWW Кіріс науасын алыңыз.
2. Қағаз енінің бағыттауыштарын сол жаққа қарай сырғытыңыз. 3. Кіріс науасының оң жақ шетіне бір немесе бірнеше хатқалталарды салыңыз да, хатқалталар дестесін тоқтағанша төменге сырғытыңыз. Басып шығарылатын бет жоғары қаратылуы қажет. Қақпағы сол жақта және төмен қаратылып салынуы қажет. 10 4. Қағаз енінің бағыттауышын оңға және хатқалталар дестесіне қарай тоқтатылғанша сырғытыңыз. 5. Шығыс науасы мен науа ұзартқышын алыңыз.
Түпнұсқаларды салу Құжатты беретін құралға түпнұсқаны салу ЕСКЕРТПЕ: Құжатты беретін құралға тек қарапайым қағазды салыңыз. Құжатты беретін құралға фотоқағаз немесе басқа да қағаз түрлерін салмаңыз; бұл қағаз кептелісіне әкелуі мүмкін. 1. Құжатты беру құралының науасы мен науа ұзартқышын ашыңыз. 2. Қағазды ені бойынша құжатты беру құралын сыртқа қарай сүйреңіз. 3. Құжаттарды автоматты түрде салатын құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін (бірінші, жоғарғы жағын салады) жоғары қаратып салыңыз.
Сканер әйнегіне түпнұсқаны салу 12 1. Сканер қақпағын көтеріңіз. 2. Түпнұсқаны сканер әйнегінің оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып қойыңыз. 3. Сканер қақпағын жабыңыз.
Қағаз негізгілері Принтер кеңсе қағаздарының көптеген түрлерімен жақсы жұмыс істеу үшін жасалған. Көптеген мөлшерде сатып алмастан бұрын басып шығару қағаздарының әр түрлісін сынап көру жақсы ақыл. Тиімді басып шығару сапасы үшін HP қағазын пайдаланыңыз. НР медиа құралы туралы Қосымша ақпарат алу үшін НР www.hp.com веб-сайтына кіріңіз. HP компаниясы күнделікті құжаттарды басып шығару үшін ColorLok ені бар қарапайым қағаздарды ұсынады.
8,5 x 11 дюйм, 5 x 7 дюйм және 10 x 15 см (4 x 6 дюйм) өлшемдерін қамтиды. Ол құжаттарды ұзақ уақытқа сақтау үшін құрамында қышқылды қамтымайды. ● HP компаниясының фотосуреттерге арналған жиынтықтары НР корпорациясының фотосуреттерге арналған жиынтықтары уақытыңызды үнемдеу және НР принтерімен фотосуреттерді лабораториялық сапада, ықтимал басып шығаруға арналған болжамдарды алу үшін бастапқы HP сия картридждері мен HP жетілдірілген фотосурет қағазын ыңғайлы жинақтайды.
HP кеңседе қолдануға арналған қайта өңделген қағазы 30% қайта өңделген талшықтан тұратын жоғары сапалы көп функциялы қағаз болып табылады. HP қағаз материалдарына тапсырыс беру Принтер кеңсе қағаздарының көптеген түрлерімен жақсы жұмыс істеу үшін жасалған. Тиімді басып шығару сапасы үшін HP қағазын пайдаланыңыз. HP қағаздарына және басқа жабдықтарына тапсырыс беру үшін, www.hp.com торабына өтіңіз. Қазіргі уақытта HP веб-сайттарының кейбір бөлігі тек қана ағылшын тілінде қол жетімді.
HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) HP принтер бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін, оны ашу үшін жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін тінтуірмен екі рет түртіңіз немесе келесі әрекеттердің бірін орындаңыз: 16 ● Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер атауын таңдаңыз. ● Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
Күту режимі Күту режимінде қуат аз тұтынылады. Принтердің бастапқы орнатуларынан кейін, принтер 5 минут жұмыс істемесе, Күту режиміне өтеді. Қуат түймесінің шамы Ұйқы режимінде бұлыңғырланады. Уақытты Күту режиміне ауыстыру KKWW 1. Басты экранда Теңшеу белгішесін түртіңіз. 2. Қуат шығынын басқару түймесін түртіңіз. 3. Ұйқы режимі түймесін түртіп, қажетті опцияны басыңыз.
Тыныш режимі Тыныш режимі жалпы шуды азайту мақсатында басып шығаруды жылдамдығын азайтады, бірақ оның сапасына әсер етпейді. Тыныш режимі тек қарапайым қағазға Қалыпты басып шығару сапасымен басып шығару кезінде ғана жұмыс істейді. Басып шығару шуын азайту үшін, Тыныш режимін қосыңыз. Қалыпты жылдамдықпен басып шығару үшін, Тыныш режимін өшіріңіз. Тыныш режимі әдепкі бойынша өшірулі болады.
3. Режимді қосу үшін Тыныш режимі белгішесінен кейін тұрған Өшірулі түймесін түртіңіз де, растау үшін OK түймесін түртіңіз. 4. Кесте өрісінің жанындағы Өшірулі түймесін басыңыз да, кестенің басталу және аяқталу уақытын белгілеңіз. Принтердің бағдарламалық құралынан Тыныш режимін қосу немесе өшіру (Windows) 1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (16-бет) бөлімін қараңыз. 2. Тыныш режимі қойындысын басыңыз. 3.
Автоматты түрде өшіру Бұл функция қуаттың тұтынылуын үнемдеуге көмектесу мақсатында принтерді қолданыста болмаған жағдайда 2 сағаттан кейін өшіреді. Автоматты түрде өшіру параметрі принтерді толығымен өшіреді, сондықтан принтерді қайтадан қосу үшін "Қосу" түймесін пайдалану керек Егер принтеріңіз осы қуатты үнемдеу мүмкіндігіне қолдау көрсететін болса, Автоматты түрде өшіру параметрі принтер мүмкіндіктері мен қосылым параметрлеріне байланысты автоматты түрде қосылады немесе өшіріледі.
3 KKWW Басып шығару ● Компьютерден басып шығару ● Жылдам пішіндерді басып шығару ● Мобильді құрылғыдан басып шығару ● AirPrint құрылғысымен басып шығару ● Дұрыс басып шығару туралы кеңестер 21
Компьютерден басып шығару ● Құжаттарды басып шығару ● Фотосуреттерді басып шығару ● Хатқалталарды басып шығару ● Ең көп нүкте/дюйм ажыратымдылығын пайдалану арқылы басып шығару Құжаттарды басып шығару Құжаттарды басып шығару алдында, кіріс науасына қағаздың салынғанын және шығыс науаның шығарылып тұрғанын тексеріңіз. Қағаз салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (7-бет) бөлімін қараңыз. Құжатты басып шығару (Windows) 1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз. 2.
● Қағаз өлшемін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемі параметрін өзгертсеңіз, қағаздың дұрыс салынғандығын тексеріңіз және сәйкестендіру үшін принтердің бақылау тақтасына қағаз өлшемін орнатыңыз. 4. ● Бағдар параметрін таңдаңыз. ● Масштабтау пайызын енгізіңіз. Басып шығару түймешігін басыңыз. Беттің екі жағында басып шығару (Windows) 1. Бағдарламалық құралдан Басып шығару түймесін таңдаңыз. 2. Принтердің таңдалғанын тексеріңіз. 3. Свойства (Сипаттар)тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
6. Принтерден шыққан соңғы беттердің принтердің ішіне қайтадан кіретіндей және құжаттың бос беті принтердің алдына қаратылатындай етіп құжатты қайта салыңыз. 7. Басып шығару диалогтік терезесінде Қағазды басып шығаруға дайындау ашылмалы мәзіріне қайта оралыңыз және қағаз ретін Қалыпты күйге және беттерді Бір рет басып шығару күйіне орнатыңыз. 8. Басып шығару түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Келесі параметрлер USB кабеліне жалғанған принтер үшін қол жетімді. Опциялардың орындары әр бағдарламада әртүрлі болады. а. Қағаз өлшемі қалқымалы мәзірінен сәйкес қағаз өлшемін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Қағаз өлшемі параметрін өзгертсеңіз, қағаздың дұрыс салынғандығын тексеріңіз және сәйкестендіру үшін принтердің бақылау тақтасына қағаз өлшемін орнатыңыз. 4. ә. Бағдар параметрін таңдаңыз. б.
5. ● Орналасу қойындысында Портрет немесе Пейзаж бағдарын таңдаңыз. ● Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality Settings (Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдап, Color (Түс) аумағынан қажетті түсті таңдаңыз. ● Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен тиісті хатқалта өлшемін таңдау үшін, Дополнительный (Қосымша) түймесін басыңыз.
5. Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен сәйкес қағаз түрін таңдаңыз. 6. Дополнительный (Қосымша) түймешігін басыңыз. 7. Возможности принтера (Принтер мүмкіндіктері) аймағындағы Да (Иә) түймешігін Ең жоғарғы нүкте/дюйм өлшемі ашылмалы терезесінен таңдаңыз. 8. Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы тізімінен сәйкес қағаз өлшемін таңдаңыз. 9. Жетілдірілген параметрлерді жабу үшін OK түймешігін басыңыз. 10.
Жылдам пішіндерді басып шығару Қызық және пайдалы беттерді басып шығару үшін HP жылдам пішіндерін пайдаланыңыз. Жылдам пішіндерді басып шығару 28 1. Принтер дисплейіндегі Басты экраннан Жылдам пішіндер белгішесін түртіңіз. 2. Жылдам пішін параметрлерінің бірін таңдаңыз. 3. Таңдауыңыздың бір ішкі санатын түртіңіз де, басқа параметрлерді таңдау үшін экран бетіндегі нұсқауларды орындаңыз. 4. Басып шығаратын көшірмелер санын белгілеп, Басып шығару түймесін түртіңіз.
Мобильді құрылғыдан басып шығару HP мобильді басып шығару технологиясы арқылы смартфоннан немесе планшеттен принтерге оңай басып шығаруға болады. Үйде немесе кеңседе болсаңыз, басып шығаруға смартфондағы не планшеттегі басып шығару мүмкіндігін пайдалану үшін: 1. Мобильді құрылғы мен принтер бір желіде екендігін тексеріңіз. 2. Басып шығарғыңыз келген фотосуретті немесе құжатты таңдап, кейін принтерді таңдаңыз. 3. Басып шығару параметрлерін растап, басып шығарыңыз.
AirPrint құрылғысымен басып шығару Apple компаниясының AirPrint мүмкіндігі арқылы басып шығару iPad (iOS 4.2), iPhone (3GS немесе кейінгі), iPod touch (үшінші шығарылым немесе кейінгі) және Mac (OS X 10.7 немесе кейінгі) үшін қолданылады. AirPrint мүмкіндігін пайдалану үшін келесіні тексеріңіз: 30 ● Принтер мен Apple құрылғысы AirPrint қосулы құрылғымен бірдей желіге қосылуы керек. AirPrint мүмкіндігі және оған үйлесімді HP құрылғылары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.hp.
Дұрыс басып шығару туралы кеңестер Дұрыс басып шығару үшін HP картридждері жеткілікті сиямен дұрыс жұмыс істеуі керек, қағазды дұрыс салу керек және құрылғыда сәйкес параметрлер бар болуы керек. Басып шығару параметрлері көшіруге немесе сканерлеуге қолданылмайды. Сия туралы кеңестер ● HP компаниясы шығарған сия картридждерін пайдаланыңыз. ● Қара және үш түсті картридждерді бірдей дұрыс орнатыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Сия картридждерін ауыстыру (81-бет) бөлімін қараңыз.
басыңыз. Сонымен қатар, жоғары сападағы қара және ақ суретті басып шығаруға мүмкіндік береді. Жоғары сапалы сұр реңк параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз. – Бір парақта орналасатын беттер: Бір парақта құжаттың бірнеше бетін басып шығарсаңыз, беттер ретін көрсетуге көмектеседі. ЕСКЕРТПЕ: Орналасу қойындысында қарап шығу Бір парақта орналасатын беттер ашылмалы тізімінде таңдалған параметрлерге әсер етпейді.
Принтер параметрлері туралы кеңес (OS X) ● Басып шығару диалогтық терезесіндегі принтерге жүктелген қағаз өлшемін таңдау үшін Қағаз өлшемі қалқымалы мәзірін пайдаланыңыз. ● Басып шығару диалогтық терезесінде Қағаз түрі/Сапа қалқымалы мәзірін таңдаңыз және қажетті қағаз түрі мен сапаны таңдаңыз. ● Тек қара сияны пайдаланып қара және ақ құжатты басып шығару үшін қалқымалы мәзірдегі Қағаз түрі/сапасы аймағын таңдап, түрлі-түсті қалқымалы мәзірден Сұр түс реңктері параметрін таңдаңыз.
34 3-тарау Басып шығару KKWW
4 KKWW Веб-қызметтерді қолдану ● Веб-қызметтері дегеніміз не? ● Веб-қызметтерді орнату ● HP ePrint құрылғысымен басып шығару ● HP арқылы басып шығарылатындар: пайдалану ● HP Connected веб-торабын пайдалану ● Веб-қызметтерді жою 35
Веб-қызметтері дегеніміз не? HP ePrint ● HP ePrint — HP компаниясының кез келген жерде, кез келген уақытта Интернет арқылы қосылған принтерде басып шығару мүмкіндігін беретін тегін қызметі. Принтерде веб-қызметтерді қосқан кезде принтерге тағайындалған электрондық пошта мекенжайына электрондық пошта жіберу сияқты қарапайым. Ешбір арнайы драйвер немесе бағдарламалық құрал қажет етілмейді. Электрондық поштаны жібере алатын болсаңыз, HP ePrint қызметін қолданып кез келген жерде басып шығаруға болады.
Веб-қызметтерді орнату Веб-қызметтерді орнату алдында принтер сымсыз байланысты қолдану арқылы интернетке қосылғандығын тексеріңіз. Веб-қызметін орнату үшін келесі әдістердің бірін қолданыңыз: Принтердің басқару тақтасын пайдаланып веб-қызметтерді орнату 1. Басты экранда (HP ePrint) түймесін басыңыз 2. Орнату белгішесін түртіңіз. 3. HP Connected шарттарын қабылдау үшін Қабылдау белгішесін түртіп, Веб-қызметтерді қосыңыз. 4.
HP ePrint құрылғысымен басып шығару HP HP ePrint кез келген уақытта, кез келген жерден HP ePrint қосылған принтеріне басып шығару мүмкіндігін береді. HP ePrint мүмкіндігін пайдаланбас бұрын принтер Интернет байланысымен қамтамасыз ететін белсенді желіге қосылғандығын тексеріңіз. Құжатты HP ePrint арқылы басып шығару 1. Веб-қызметтердің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Веб-қызметтерді орнату (37-бет) бөлімін қараңыз. 2.
HP арқылы басып шығарылатындар: пайдалану HP компаниясының тегін HP арқылы басып шығарылатындар: қызметін орнату арқылы компьютерді пайдаланбастан вебтен беттерді басып шығарыңыз. Сіздің елде/аймақта қол жетімді бағдарламаларға байланысты бояу беттерін, күнтізбелерді, бас қатырғыштарды, рецепттерді, карталарды және т.б. басып шығара аласыз. Қосымша ақпарат және нақты шарттарды алу үшін HP Connected веб-торабына өтіңіз: www.hpconnected.com .
HP Connected веб-торабын пайдалану HP компаниясының тегін HP Connected веб-торабын пайдаланып HP ePrint үшін артық қауіпсіздікті орнатыңыз да, принтеріңізге электрондық пошта жіберуге рұқсат етілген электрондық пошта мекенжайларын көрсетіңіз. Сондай-ақ, сіз өнім жаңартуларын, қосымша бағдарламаларды және басқа тегін қызметтерді ала аласыз. Қосымша ақпарат және нақты шарттарды алу үшін HP Connected веб-торабына өтіңіз: www.hpconnected.com .
Веб-қызметтерді жою Веб-қызметтерді жою үшін келесі нұсқауларды орындаңыз. KKWW 1. Басты экранда Теңшеу белгішесін түртіңіз, содан кейін Веб-қызметтер параметрін түртіңіз. 2. Удалить веб-службы (Веб-қызметтерді алып тастау) түймесін басыңыз.
42 4-тарау Веб-қызметтерді қолдану KKWW
5 KKWW Көшіру және сканерлеу ● Көшіру ● Принтердің басқару тақтасын қолдану арқылы сканерлеу ● HP принтер бағдарламалық құралы арқылы сканерлеу ● Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу ● Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер 43
Көшіру Принтер дисплейіндегі Көшіру мәзірі қара немесе түрлі-түсті көшірмелерді оңай жасауға және көшірмелер санын таңдауға мүмкіндік береді. Қара немесе түрлі-түсті көшірмелер жасау 1. Науаға қағазды салыңыз. 2. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып салыңыз. Түпнұсқаны салу туралы қосымша ақпарат алу үшін Түпнұсқаларды салу (11-бет) бөлімін қараңыз. 3.
– Нақты: Түпнұсқа өлшемімен бірдей көшірме жасайды, дегенмен көшірілген суреттің шеттері кесілуі мүмкін. – Подогнать под размер страницы (Бетке сәйкестендіру): Шеттеріндегі ақ жиекпен орталықтандырылғаннан көшірме жасайды. Өлшемі өзгертілген сурет таңдалған шығарылатын қағаздың өлшеміне қарай үлкейтілуі немесе кішірейтілуі мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Сканер әйнегі Бетке сәйкестендіру мүмкіндігінің дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін таза болуы қажет.
Принтердің басқару тақтасын қолдану арқылы сканерлеу Принтер басқару тақтасынан түпнұсқаны сканерлеу 1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып салыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Түпнұсқаларды салу (11-бет) бөлімін қараңыз. 46 2. Сканерлеу түймесін түртіңіз. 3. Сканерлеу қажет компьютерді басыңыз. 4. Қажетті сканерлеу түрін таңдаңыз. 5. OK түймесін түртіңіз.
HP принтер бағдарламалық құралы арқылы сканерлеу ● Компьютерге сканерлеу ● Жаңа сканерлеу таңбашасын жасау (Windows) ● Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows) Компьютерге сканерлеу Компьютерге сканерлемес бұрын HP принтерінің ұсынылған бағдарламалық құралы орнатылғандығын тексеріңіз. Принтер мен компьютер жалғанған және қосулы болуы қажет. Құжатты немесе фотосуретті файлға сканерлеу (Windows) 1.
Құжатты немесе фотосуретті электрондық поштағ сканерлеу (Windows) 1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып салыңыз. 2. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін, жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет басыңыз немесе келесі әрекеттердің бірін орындаңыз: ● Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер атауын таңдаңыз.
1. Құжатты беретін құралға түпнұсқаны басып шығарылатын бетін жоғары қаратып салыңыз немесе сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына басып шығарылатын бетін төмен қаратып салыңыз. 2. Принтердің бағдарламалық құралын ашу үшін, жұмыс үстеліндегі принтер белгішесін екі рет басыңыз немесе келесі әрекеттердің бірін орындаңыз: ● Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер атауын таңдаңыз.
● Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер атауын таңдаңыз. ● Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бардарламалар жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, принтер атауын таңдаңыз.
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу Интернетте сканерлеу веб-браузер арқылы компьютерге принтерден фотосуреттерді және құжаттарды сканерлеуге мүмкіндік беретін ендірілген веб-сервердің (EWS) мүмкіндігі болып табылады. Бұл мүмкіндік компьютерде принтер бағдарламалық құралын орнатпағанда да қол жетімді болады. ЕСКЕРТПЕ: Әдепкіше интернетте сканерлеу мүмкіндігі өшірулі болады. Осы мүмкіндікті енгізілген веб-серверден қосуға болады.
Сәтті көшіру және сканерлеу туралы кеңестер Сәтті көшіру және сканерлеу үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз: 52 ● Әйнек пен қақпақтың артын таза ұстаңыз. Сканер кез келген дақты немесе белгіні сканерленетін кескіннің бөлігі ретінде таниды. ● Түпнұсқаны әйнектің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
6 Факс Принтерді түсті факстарды қамтитын факстарды жіберу және қабылдау үшін қолдана аласыз. Факстарды кейінірек жіберілетін етіп жоспарлауға және жиі жіберілетін нөмірлерге факстарды жылдам әрі оңай жіберу үшін телефон кітапшасының контактілерін орнатуға болады. Сондай-ақ, принтердің басқару тақтасынан жіберілетін факстардағы ашықтық және қараңғылық арасындағы контраст пен ажыратымдылық сияқты факс параметрлерінің бірнешеуін орнатуға болады.
Факс жіберу Жағдайға немесе қажеттілігіңізге байланысты факсты түрлі жолмен жіберіге болады. ● Принтердің басқару тақтасынан қалыпты факс жіберу ● Компьютерден стандартты факс жіберу ● Факсты телефоннан жіберу ● Мониторда теруді қолдану арқылы факс жіберу ● Факсты қатені түзету күйінде жіберу Принтердің басқару тақтасынан қалыпты факс жіберу Принтердің басқару тақтасын қолдану арқылы бір немесе бірнеше ақ-қара және түсті факстарды оңай жіберуге болады.
Қалыпты факсті компьютер арқылы жіберу (Windows) 1. Факс жіберілетін компьютердегі құжатты ашыңыз. 2. Бағдарламалық құралдың Файл (Файл) мәзірінде Печать (Басып шығару) түймешігін басыңыз. 3. Название (Аты) тізімінен атауында «факс» делінген принтерді таңдаңыз. 4. Параметрлерді өзгерту үшін (мыс., құжатты қара түсті факс немесе түсті факс ретінде жіберуді таңдау), Свойства (Сипаттар) тілқатысу терезесін ашатын түймешікті басыңыз.
4. Факс жіберу түймешігін басыңыз. 5. Факсты жіберуге дайын болған кезде Қара немесе Түсті түймесін басыңыз. Факс жіберіліп жатқанда телефон тыныш болады. Осыдан кейін де алушымен сөйлескіңіз келсе, толық жіберілгенге дейін желіде болыңыз. Алушымен сөйлесіп болсаңыз, факс жіберіліп бастаған кезде телефон тұтқасын көтеруіңізге болады.
Қатені түзету күйін ажырататын болсаңыз: ● Факстарды жіберудің және қабылдаудың тарату жылдамдығының сапасына әсер етіледі. ● Жылдамдық параметрі автоматты түрде Орташа деп орнатылған. ● Бұдан былай түсті факстарды қабылдау немесе жіберу мүмкін болмайды. Басқару тақтасын қатені түзету күйін өзгерту KKWW 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2. Теңшеу белгішесін түртіңіз. 3. Басымдықтар түймешігін басыңыз. 4.
Факс алу Факстарды автоматты түрде және қолмен алуға болады. Авто жауап беру параметрін өшірген болсаңыз, факстарды қолмен алуыңыз қажет болады. Авто жауап беру параметрі қосулы болса (әдепкі параметр), принтер кіріс қоңырауларына автоматты түрде жауап беріп, Жауап берілетін қоңыраулар параметрі арқылы көрсетілген қоңыраулардың санынан кейін факстарды қабылдайды. (Әдепкі Жауап берілетін қоңыраулар параметрі бес қоңырау болады.
Факстың сақтық көшірмесін жасауды орнату Қалауыңыз бен қауіпсіздік талаптарыңызға байланысты принтерді барлық алынған факстерді, ол қате күйде болғанда алатын факстарды ғана немесе алатын факстардың ешқайсысыне сақтауға орнатуға болады. Принтердің басқару тақтасынан факстың сақтық көшірмесін жасауды орнату 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2. Теңшеу белгішесін түртіңіз. 3. Басымдықтар түймесін түртіңіз. 4. Создать резервную копию факса (Факстың сақтық көшірмесін жасау) түймесін басыңыз. 5.
3. Қайта басып шығару түймесін түртіңіз. Факстар ең соңғы алынған факс алдымен басып шығарылатындай және т.б. кері ретте басып көрсетіледі. 4. Басып шығарғыңыз келетін факсті таңдап, Басып шығару белгішесін түртіңіз. Факстарды басқа нөмірге әрі қарай жіберу Принтерге факстарды басқа факс нөміріне қайта жіберу мүмкіндігін орнатуға болады. Барлық факстардың бағыты бастапқы жіберілу әдісіне қарамастан, ақ-қара түсте өзгертіледі.
Принтердің басқару тақтасынан автоматты түрде кішірейтуді орнату 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2. Теңшеу белгішесін түртіңіз. 3. Басымдықтар түймешігін басыңыз. 4. Оны қосу немесе өшіру үшін Автоматты азайту түймесін басыңыз. Қалаусыз факс нөмірлерін блоктау Телефон провайдері арқылы қоңырау шалушының идентификаторына жазылған болсаңыз, принтер осы нөмірлерден факстарды қабылдамайтындай етіп нақты факс нөмірлерін блоктауға болады.
62 3. Басымдықтар түймешігін басыңыз. 4. Қалаусыз факсты блоктау басыңыз. 5. Алып тастағыңыз келетін нөмірді басып, Жою түймесін түртіңіз де, OK белгішесін түртіңіз.
Телефон кітапшасының контактілерін орнату Жиі қолданылатын факс нөмірлерін телефон кітапшасының контактілері ретінде орнатуға болады. Бұл принтердің басқару тақтасын пайдалану арқылы сол нөмірлерді жылдам теруге мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Принтердің басқару тақтасынан телефон кітапшасының контактілерін жасап және басқарып қана қоймай, сондай-ақ НР принтер бағдарламалық құралы мен принтер EWS секілді компьютеріңізде қолжетімді құралдарды пайдалануға болады.
8. Нөмір түймесін түртіп, контактінің факс нөмірін өзгертіңіз де, OK түймесін түртіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Аймақ коды, жеке телефон станциясынан (PBX) тыс жерлердегі нөмірлер үшін рұқсат коды (әдетте 9 немесе 0) немесе ұзақ арақашықтықтағы префикс сияқты басқа да қажетті нөмірлерді немесе үзілістерді енгізгеніңізді тексеріңіз. 9. Дайын түймешігін басыңыз. Топтық телефон кітапшасының контактілерін орнату және өзгерту Факс нөмірлері тобын топтық телефон кітапшасының контактілері ретінде сақтауға болады.
Телефон кітапшасының контактілерін жою Телефон кітапшасының контактілерін немесе топтық телефон кітапшасының контактілерін жоюға болады. 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2. Қазір жіберу түймесін түртіңіз. 3. 4. 5. KKWW (Телефон кітапшасы) түймесін түртіңіз. Контактілер немесе Топтық контактілер белгішесін түртіңіз. (Өңдеу) түймесін түртіңіз. 6. Жойылатын контактінің атауын басыңыз. 7. Жою түймесін түртіңіз. 8. Растау үшін Иә белгішесін түртіп, OK түймесін түртіңіз.
Факс параметрлерін өзгерту Принтермен бірге берілген жұмысты бастау нұсқаулығында қадамдарды орындауды аяқтағаннан кейін, факс үшін бастапқы параметрлерді өзгерту немесе басқа параметрлерді теңшеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
Жауап беру күйін орнату 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2. Теңшеу түймесін, одан кейін Басымдықтар басыңыз. 3. Оны қосу немесе өшіру үшін Авто жауап беру түймесін басыңыз. Басты терезедегі (Факс күйі) таңбашасын басу арқылы да осы мүмкіндікке кіруге болады. Жауап бермес бұрын қоңыраулардың санын орнату Авто жауап беру параметрі қосулы болса, кіріс қоңырауларына автоматты түрде жауап берілмес бұрын қанша қоңыраулар қабылданатынын көрсетуге болады.
Арнайы қоңырау қызметі болмаса, Барлық стандартты сақиналар болатын арнайы қоңырау үлгісін пайдаланыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Негізгі телефон нөмірі қабылдағыш болмаса, принтер факстарды қабылдай алмайды. Арнайы қоңырау үшін қоңырауға жауап беру үлгісін өзгерту 1. Принтердің факс қоңырауларына автоматты түрде жауап берілетін етіп орнатылғанын тексеріңіз. 2. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 3. Теңшеу түймесін, одан кейін Басымдықтар тармағын таңдаңыз. 4. Арнайы қоңырау басыңыз. 5.
● Бос болмағанда қайта теру: Осы параметр қосулы болғанда, принтер бос емес сигналын қабылдағанда автоматты түрде қайта тереді. Әдепкі параметр - Қосулы. ● Повторно набирать, когда нет ответа (Жауап болмағанда қайта теру): Осы параметр қосулы болғанда, принтер қабылдаушы факс құрылғысы жауап бермегенде автоматты түрде қайта тереді. Әдепкі параметр - Өшірулі .
3. Жылдамдық басыңыз. 4. Параметрді таңдау үшін басыңыз. Факс дыбысының деңгейін орнату Факс дыбыстарының деңгейін өзгертуге болады. Факс дыбысының деңгейін орнату 70 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2. Теңшеу түймесін, одан кейін Басымдықтар басыңыз. 3. Дыбыс деңгейі түймесін түртіңіз. 4. Тихий (Бәсең), Громкий (Қатты) немесе Өшірулі параметрін таңдау үшін басыңыз.
Факс және сандық телефон қызметтері Көптеген телефон компаниялары тұтынушыларға келесі сияқты сандық телефон қызметтерін береді: ● Сандық абоненттік желі (DSL): Телефон корпорациясы арқылы сандық абоненттік желі (DSL) қызметі. (Сандық абоненттік желі (DSL) сіздің еліңізде/аймағыңызда ассиметриялық сандық абоненттік желі (АDSL) деп аталуы мүмкін.) ● Жеке телефон станциясы (PBX): Жеке телефон станциясының (PBX) телефон жүйесі.
Интернет протоколы арқылы дыбыстық факс жіберу Интернетті қолдану арқылы принтермен факстарды жіберуге және қабылдап алуға мүмкіндік беретін төмен бағадағы қызметке жазылуыңызға болады. Бұл әдіс интернет протоколы арқылы факс жіберу (VoIP) деп аталады. Келесі көрсеткіштер сіз пайдалануыңыз мүмкін VoIP қызметі. ● Факс нөмірінің қасына арнайы курі кодын теріңіз ● Факс байланысы үшін аналогты телефон порттарын беретін және Интернетке байланысды беретін идентификация нүктесін түрлендіргіш қорапша бар.
Есептерді қолдану Принтерді әрбір жіберілетін және қабылдап алынатын факс үшін қате есептерін және растау есептерін басып шығаратын етіп орнатуға болады. Талап етілгенде жүйенің есептерін қолмен басып шығаруға да болады. Бұл есептер принтер туралы пайдалы жүйе мәліметтерін береді. Әдепкі бойынша принтер факсты жіберу немесе қабылдап алу кезінде Ақау болғанда ғана есепті басып шығаратын етіп орнатылады.
Қосулы (Факс жіберілгенде) Әрбір жіберілген факс үшін факсты растау есебін басып шығарады. Қосулы (Факс қабылданғанда) Қабылданған әрбір факс үшін факсты растау есебін басып шығарады. Қосулы (Факс жіберілгенде және қабылданғанда) Жіберілген және қабылданған әрбір факс үшін факсты растау есебін басып шығарады. Растау есебіне факстың кескінін қосу 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2. Теңшеу түймесін түртіңіз. 3. Есептер түймесін, содан соң Факсты растау түймесін басыңыз. 4.
Принтердің басқару тақтасынан факс жұрналын басып шығару 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2. Теңшеу түймесін, одан кейін Есептер басыңыз. 3. Факс есептерін басып шығару түймешігін басыңыз. 4. Соңғы 30 транзакцияның факс журналдары белгішесін түртіңіз. 5. Басып шығаруды бастау үшін Басып шығару түймешігін басыңыз. Факс жұрналын тазалау Факс жұрналын тазалау жадта сақталған барлық факстарды да жояды. Факс жұрналын тазалау 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2.
Қоңырау шалу тарихын қарап шығу Принтерден болған барлық қоңыраулардың тізімін көруге болады. ЕСКЕРТПЕ: Қоңыраулар журналын басып шығару мүмкін емес. Қоңыраулар журналын көру 1. Басты экранда Факс белгішесін түртіңіз. 2. Қазір жіберу түймесін түртіңіз. 3. 4. 76 (Телефон кітапшасы) түймесін түртіңіз.
7 Сия картридждерін басқару Осы бөлімде келесі тақырыптар бар: KKWW ● Анықталған сия деңгейлерін тексеру ● Сия жабдықтарына тапсырыс беру ● Дұрыс картридждерді таңдау ● Сия картридждерін ауыстыру ● Жалғыз картридж режимін пайдалану ● Картриджінің кепілдігі туралы мәлімет ● Картридждармен жұмыс істеу туралы кеңестер 77
Анықталған сия деңгейлерін тексеру Картриджді қашан ауыстыру керектігін анықтау үшін сия жабдығының деңгейін оңай тексеруге болады. Сия жабдығының деңгейі картридждерде қалған сия көлемін анықтап көрсетеді. Сия деңгейін принтер басқару тақтасынан тексеру ● Басты экранда болжалды деңгейлерді көрсету үшін (Сия) белгішесін түртіңіз. HP бағдарламалық құралынан сия деңгейін тексеру принтер бағдарламалық құралы (Windows) 1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз.
Сия жабдықтарына тапсырыс беру Картридждарға тапсырыс берместен бұрын, картридждың дұрыс нөмірін табыңыз. Принтердегі картридж нөмірін табу ● Картридж нөмірі кіріс есігінде орналасқан. принтер бағдарламалық құралы бағдарламалық құралынан картридж нөмірін табу (Windows) 1. HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (16-бет) бөлімін қараңыз. 2.
Дұрыс картридждерді таңдау HP компаниясы өздері шығарған сия картридждерін пайдалануға кеңес береді. Түпнұсқа HP картридждері бірнеше рет жақсы нәтижелерді оңай беруге көмектесу үшін жасалып, HP принтерлерінде тексерілген.
Сия картридждерін ауыстыру Сия картридждарын ауыстыру 1. Қуат қосулы тұрғанын тексеріңіз. 2. Шығыс науасының ұзартқышын жауып, шығыс науасын принтерге салу үшін, оны сағат тілінің бағымен айналдырыңыз. 3. Сия картриджін алып тастаңыз. 4. KKWW а. Принтердің алдыңғы есігін ашыңыз. ә. Картриджге өту есігін ашып, басып шығару жылжымасының принтердің ортасына өткенін күтіңіз. б. Картриджді босату үшін төмен басып, оны ұясынан шығарып алыңыз. Жаңа картридж салыңыз.
а. Картриджді орауыштан шығарыңыз. ә. Тарту ілмегін қолданып пластикалық таспаны алып тастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Сия картриджіндегі электр байланыстарына тиіспеңіз. б. Сия картриджі орнына тырс етіп салынғанша оны ұясына қарай сырғытыңыз. в. Картриджға қол жеткізу есігін жабыңыз. ЕСКЕРТПЕ: HP принтер бағдарламалық құралы жаңа картриджді орнатқаннан кейін құжатты басып шығарған кезде картридждерді туралауды сұрайды.
г. 5. KKWW Принтердің алдыңғы есігін жабыңыз. Шығыс науасы мен науа ұзартқышын алыңыз.
Жалғыз картридж режимін пайдалану Принтерді бір картриджбен ғана пайдалану үшін, жалғыз картриджді режимді пайдаланыңыз. Сия картриджі сия картриджы орнынан шығарылған кезде, жалғыз картриджды режим іске қосылады. ЕСКЕРТПЕ: Принтерді жалғыз картриджді режимде жұмыс істегенде, принтер дисплейінде хабар көрсетіледі. Хабар көрсетілсе және өнімге екі сия картриджы орнатылса, пластик таспаның қорғаныш бөлігінің сия картриджынан алынғанын тексеріңіз.
Картриджінің кепілдігі туралы мәлімет HP картриджінің кепілдігі өнім тағайындалған НР басып шығару құрылғысында пайдаланылғанда қолданыста болады. Осы кепілдіктің күші қайта толтырылған, қайта өңделген, жөнделген, дұрыс пайдаланылмаған немесе қолдан жасалған НР сия өнімдеріне қатысты қолданылмайды. Кепілдік кезінде НР сиясы таусылып қалмаса және кепілдік күнінің соңына жетпесе, ол өнімге қолданылады.
Картридждармен жұмыс істеу туралы кеңестер Сия картридждермен жұмыс істегенде мына кеңестерді пайдаланыңыз: 86 ● Сия картридждерін кеуіп кетуден қорғау үшін әрдайым Қуат түймесі арқылы принтерді өшіріңіз де, Қуат түймесінің шамы өшкенше күтіңіз. ● Орнатуға дайын болмайынша қақпақсыз картридждерді ашпаңыз. Картридждерде қақпақтарды қалдыру сияның булануын азайтады. ● Сия картридждерін сәйкес ұяларына салыңыз. Әр картридждің түсін және белгішесін әр ұяның түсі мен белгішесіне сәйкестендіріңіз.
8 KKWW Принтерді жалғау ● Принтерді маршрутизатор арқылы сымсыз байланыс желісіне қосу ● Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз ● Сымсыз қосылым параметрлері ● Принтерді компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз (желісіз байланыс) ● USB қосылымын сымсыз желі қосылымына өзгерту ● Принтердің қосымша бақару құралдары (желілік принтерлер үшін) ● Желілік принтерді орнату және пайдалану туралы кеңестер 87
Принтерді маршрутизатор арқылы сымсыз байланыс желісіне қосу Принтерді біріктірілген сымсыз WLAN 802.11 желісіне қосу үшін келесі әрекетті орындау керек: ● Сымсыз маршрутизаторды немесе кіру нүктесін қамтитын сымсыз 802.11b/g/n желісі болу керек. ЕСКЕРТПЕ: Принтер 2,4 Гц пайдаланатын байланыстарды ғана қолдайды. ● Принтерді жалғағыңыз келетін компьютер сымсыз желіге қосылған. ● Желі атауы (SSID). ● WEP түймесі немесе WPA құпиясөз орамы (қажет болса).
Принтерге маршрутизаторсыз сымсыз қосылым арқылы қосыңыз Бұрыннан бар сымсыз желіге қосылмай-ақ, Wi-Fi Direct арқылы компьютерден, смартфоннан, планшеттен немесе сымсыз жұмыс істейтін құрылғыдан сымсыз түрде басып шығара аласыз. Wi-Fi Direct құрылғысын пайдалану нұсқаулықтары ● Компьютеріңіздің немесе мобильді құрылғыңыздың қажетті бағдарламалық құралы бар екенін тексеріңіз: – Егер компьютер қолданып жатқан болсаңыз, НР принтер бағдарлама жасақтамасы орнатылғанын тексеріңіз.
3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз да, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз. Қолжетімді принтерлер тізімі шығады. 4. Қолжетімді принтерлер тізімі арасынан DIRECT-**-HP DeskJet 3830 секілді көрсетілген Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз (бұнда ** сіздің принтеріңізді анықтайтын бірегей таңба), содан кейін принтеріңіз бен мобильді құрылғыңыздың экранында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
● Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып, принтер атауын таңдаңыз да, Қызметтік бағдарламалар түймесін басыңыз. ● Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарламалар жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, Қызметтік бағдарламалар түймесін басыңыз.
Сымсыз қосылым параметрлері Принтердің басқару тақтасынан принтердің сымсыз қбайланысын орнатып және басқаруға, сондай-ақ әр түрлі желі басқару тапсырмаларын орындауға болады. ЕСКЕРТУ: Желі параметрлері ыңғайлылық үшін беріледі. Дегенмен, жетілдірілген пайдаланушы болмасаңыз, осы параметрлердің кейбірін (мыс., байланыс жылдамдығы, IP параметрлері, әдепкі шлюз және желіаралық қалқан параметрлері) өзгертудің қажеті жоқ.
Желі параметрлерін әдепкі параметрлерге қою KKWW 1. Басты экранда (Сымсыз) белгішесін түртіңіз, содан кейін Параметрлер түймесін түртіңіз. 2. Желі параметрлерін қалпына келтіру түймесін түртіңіз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Принтерді компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз (желісіз байланыс) Принтер компьютерге қосылу үшін жоғары жылдамдықты артқы USB 2.0 портына қолданады. Принтердің USB кабелімен қосу 1. принтер бағдарламалық құралы бағдарламасын жүктеп алу және орнату үшін, 123.hp.com вебсайтына өтіңіз. ЕСКЕРТПЕ: USB кабелін принтерге нұсқау берілгенше жалғамаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сізге ұсынылғанда USB экранының Қосылым параметрлері таңдап құрылғыны компьютерге қосыңыз. 3.
USB қосылымын сымсыз желі қосылымына өзгерту Егер алдымен принтерді орнатып, USB кабелімен принтерді компьютерге тікелей жалғау арқылы бағдарламаны орнатқан болсаңыз, сымсыз қосылымға оңай ауысуға болады. Сымсыз маршрутизаторды немесе кіру нүктесін қамтитын 802.11b/g/n сымсыз желісі қажет болады. ЕСКЕРТПЕ: Принтер 2,4 Гц пайдаланатын байланыстарды ғана қолдайды.
Принтердің қосымша бақару құралдары (желілік принтерлер үшін) Принтер желіге қосылған кезде, күй туралы ақпаратты көру, параметрлерді өзгерту және оны компьютерден басқару үшін принтердің ендірілген веб-серверін (EWS) пайдалануға болады. ЕСКЕРТПЕ: Интернетке қосылым болмаса да, енгізілген веб-серверді ашуға және қолдануға болады. Дегенмен, кейбір мүмкіндіктер қолданыста болмайды. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір параметрлерді көру немесе өзгерту үшін, сізге құпиясөз қажет болуы мүмкін.
«Сookie» файлдары туралы Енгізілген веб-сервер (EWS) шолу орындалып жатқан кезде қатты дискіге өте кішкентай мәтін файлдарын (cookie) орналастырады. Осы файлдар келесіде кіргенде ендірілген веб-сервердің компьютерді тануына мүмкіндік береді. Мысалы, енгізілген веб-сервердің тілін теңшеген болсаңыз, «cookie» файлдары келесі рет енгізілген веб-серверге кіргенде, беттер сол тілде көрсетілуі үшін таңдалған тілді есте сақтауға көмектеседі.
Желілік принтерді орнату және пайдалану туралы кеңестер Желілік принтерді орнату және пайдалану үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Сымсыз желілік принтерді орнатқанда, сымсыз маршрутизатор қосылғанын тексеріңіз. Принтер сымсыз маршрутизаторларды іздейді, содан кейін дисплейде анықталған желі атауларын тізеді. ● Принтерде сымсыз байланысты тексеру үшін басқару тақтасында (Сымсыз) түймесін түртіп, Сымсыз желі мәзірін ашыңыз.
9 Мәселені шешу Осы бөлімде келесі тақырыптар бар: KKWW ● Кептелістер және қағаз беру құралының ақаулары ● Сия картриджіндегі ақаулар ● Басып шығару ақаулары ● Көшіру ақаулары ● Сканерлеу ақаулары ● Факс ақаулары ● Желі және байланыс ақаулары ● Принтер жабдығының ақаулары ● Құжатты беретін құралға күтім көрсету ● HP қолдау қызметі 99
Кептелістер және қағаз беру құралының ақаулары Не істегіңіз келеді? Қағаз кептелістерінен тазалау Қағаз кептелісі ақауларын жойыңыз. ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану Қағаз кептелісін тазалау және қағаз немесе қағаздың берілуіне байланысты мәселелерді шешу бойынша нұсқаулар. HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін. Қағаз кептелулерін тазалау үшін Анықтамадағы жалпы нұсқауларды оқу Қағаз кептелісі бірнеше жерде пай да болуы мүмкін.
Картридждің кіру аймағынан қағаз кептелісін тазалау KKWW 1. Принтерді өшіру үшін Қуат түймесін басыңыз. 2. Шығыс науасының ұзартқышын жауып, шығыс науасын принтерге салу үшін, оны сағат тілінің бағымен айналдырыңыз. 3. Принтердің алдыңғы есігін ашыңыз. 4. Сия картриджына қол жеткізу есігін ашыңыз. 5. Егер басып шығару құралы ортада тұрса, оны оңға жылжытыңыз. 6. Кептелген қағазды алыңыз.
7. Картридж есікгін жауып, алдыңғы есікті жабыңыз. 8. Шығыс науасы мен науа ұзартқышын алыңыз. 9. Принтерді қосу үшін Қуат түймесін басыңыз. Принтердегі қағаз кептелісін тазалау 1. Принтерді өшіру үшін Қуат түймесін басыңыз. 2. Принтерді төңкеріңіз, принтердің астындағы тазарту есігін табыңыз да, тазарту есігін ашу үшін оның екі ілмегін де тартыңыз. 3. Кептелген қағазды алып тастаңыз. 4. Тазалауға арналған есікті жабыңыз. Екі ілмек орнына сырт етілгенше есікті принтерге қарай итеріңіз. 5.
Құжатты беретін құралдағы қағаз кептелісін тазарту 1. Құжатты беретін құралдың қақпағын көтеріңіз. 2. Құжатты беретін құралдың алдыңғы шетінде орналасқан жасыл бөлікті көтеріңіз. 3. Роликтерден қағазды ақырын шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Роликтерден шығарып алған кезде қағаз жыртылып кетсе, принтердің ішінде қалып қоюы мүмкін қағаздың бөліктерін алу үшін роликтер мен дөңгелектерді тексеріңіз. Принтерден қағаз бөліктерінің барлығын алып тастамасаңыз, көбірек қағаз кептелісі туындауы мүмкін. KKWW 4.
Принтер кареткасының кептелісін тазалау Принтер кареткасының кептеліс мәселесін шешу ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану Егер бір нәрсе принтер кареткасына кедергі келтіріп тұрса немесе ол оңай жылжымаса, қадамдық нұсқауларды орындаңыз. HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін. Басып шығару кареткасының кептелулерін тазалау үшін Анықтамадағы жалпы нұсқауларды оқу 1. Басып шығару кареткасын бұғаттайтын қағаз сияқты заттарды алыңыз.
● ● KKWW – Кіріс науасына қағаз салынғандығын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Медиа құралын салу (7-бет) бөлімін қараңыз. – Барлық қағаздарға нық сәйкестендіру үшін кіріс науасындағы қағаз енінің бағыттауыштарын сәйкестендіріңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаз енінің бағыттауыштары майыстырмайтынын тексеріңіз. – Кіріс науасындағы қағаздың бұратылып қалмағанын тексеріңіз. Қағаздың бұралған жағын қарсы бағытта майыстырып, оны түзетіңіз.
Сия картриджіндегі ақаулар Сия картриджіне қатысты мәселені шешу Картриджді салғаннан кейін қате немесе картриджге қатысты мәселені көрсететін хабар пайда болса, сия картриджін алып, әр сия картриджінде пластмасса таспаның қорғаныш бөлігі жоқ екендігін тексеріңіз де, сия картридждерін қайта салыңыз. Бұл жұмыс істемесе, картридж контактілерін тазалаңыз. Егер мәселе әлі шешілмесе, сия картридждерін ауыстырып көріңіз.
4. Картридж есігін ашып, басып шығару жылжымасының принтердің ортасына өткенін күтіңіз. 5. Ақау хабарында көрсетілген картриджді шығарыңыз. 6. Картридж бен принтер байланыстарын тазалаңыз. а. Сия картриджының астын жоғары қаратып екі жағынан ұстаңыз және сия картриджының электр түйіспелерін табыңыз. Электрлі контактілер - сия картриджіндегі алтын түсті нүктелер. ә. Түйіспелерді құрғақ мақтаны немесе түксіз шүберекпен сүртіңіз.
8. Картриджді алу есігін, кейін алдыңғы есікті жабыңыз. 9. Қате туралы хабардың кеткендігін тексеріңіз. Қате туралы хабар алсаңыз, принтерді өшіріп қосыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер бір картриджде мәселе туындаса, оны алып тастап, принтерді бір картриджбен пайдалану үшін, жалғыз картриджді режимді қосыңыз. Картридждің үйлесімділігіне қатысты мәселелерді шешу Сия картриджы принтерге сәйкес келмейді. HP Instant Ink бағдарламасына тіркелмеген принтерге HP Instant Ink картриджын орнатсаңыз, осы қате болуы мүмкін.
Басып шығару ақаулары Не істегіңіз келеді? Мәселелерді басып шығарылмайтын (басып шығару келмейтін) қағазбен түзету HP Print and Scan Doctor HP Print and Scan Doctor - ақауды автоматты диагностикадан өткізіп және түзетіп көретін утилита. ЕСКЕРТПЕ: Бұл қызметтік бағдарлама Windows операциялық жүйесін үшін ғана қолжетімді. Басып шығарылмайтын басып шығару жұмыстары мәселелерін шешіңіз. HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану Принтер жауап бермесе немесе басып шығармаса, қадамдық нұсқауларды орындаңыз.
4. ● Windows Vista: Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мәзіріндегі Панель управления (Басқару тақтасы) параметрін басып, Принтеры (Принтерлер) түймешігін басыңыз. ● Windows XP: Windows жүйесіндегі Пуск (Бастау), Панель управления (Басқару тақтасы), Принтеры и факсы (Принтерлер және факстар) тармақтарын таңдаңыз. ә. Принтер белгішесін екі рет басыңыз немесе принтер белгішесін тінтуірдің оң жағымен басыңыз және басып шығару кезегін ашу үшін Басылып шығарылғандарды көру параметрін таңдаңыз. б.
iii. Инструменты администрирования (Әкімшілік құралдар), түймешігін басыңыз немесе түртіңіз және содан кейін Службы (Қызметтер) белгішесін екі рет басыңыз немесе түртіңіз. iv. Принтердегі спулер бағдарламасы түймешігінің үстінен тінтуірдің оң жағымен басып ұстап тұрыңыз және Сипаттар түймешігін басыңыз. v. Жалпы қойындысындағы Іске қосу түрі параметрінің жанында Автоматты параметрі таңдалғанына көз жеткізіңіз. vi.
ә. iii. Қызметтер түймесін екі рет басып, Принтердегі спулер бағдарламасын таңдаңыз. iv. Принтердегі спулер бағдарламасын тінтуірдің оң жағымен басып, қызметті қайта іске қосу үшін Қайта іске қосу түймесін басыңыз. Әдепкі принтер ретінде дұрыс құрылғы орнатылғанына көз жеткізіңіз. Әдепкі принтердің жанында қара немесе жасыл дөңгелекке белгі қойылған. б. Басқа құрылғы әдепкі принтер ретінде орнатылса, дұрыс құрылғыны тінтуірдің оң жағымен басыңыз және Әдепкі принтер ретінде орнату параметрін таңдаңыз.
Құрылғы тоқтатылмағанын немесе желіге қосылмағанын растау үшін а. Параметры системы (Жүйе басылымдары) мәзірінен Печать/Факс (Басып шығару/факс) пәрменін таңдаңыз. ә. Открыть очередь печати (Басып шығару кезегін ашу) түймешігін басыңыз. б. Басып шығарылатын тапсырманы таңдаңыз. Басып шығарылатын тапсырманы басқару үшін, төмендегі түймешіктерді қолданыңыз: в. 4. ● Удалить (Жою): Таңдалған басып шығарылатын тапсырмадан бас тартыңыз. ● Ұстау: Таңдалған басып шығарылатын тапсырманы тоқтатыңыз.
Әрқашан басып шығарып жатқан қағаздың тегіс екенін тексеріңіз. Суреттерді басып шығарғанда жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін HP жетілдірілген фотосурет қағазын пайдаланыңыз. Арнайы қағазды өз бумасында, жабық полиэтилен қалтасының ішіне салып, салқын, құрғақ, тегіс жерде сақтаңыз. Басып шығаруға дайын болғанда пайдалануды жоспарлаған қағазды ғана дереу шығарып алыңыз. Басып шығаруды аяқтағанда қолданылмаған фотосурет қағазын полиэтилен қалтасына салып қойыңыз.
принтер бағдарламалық құралы мәзірінен диагностикалық бетті басып шығару а. Кіріс науасына хат немесе қолданылмаған қарапайым A4 ақ қағазды салыңыз. ә. принтер бағдарламалық құралы бөлімін ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (16-бет) бөлімін қараңыз. б.
принтер бағдарламалық құралы бағдарламасынан картридждерді тазалау а. Кіріс науасына хат немесе қолданылмаған қарапайым A4 ақ қағазды салыңыз. ә. принтер бағдарламалық құралы бөлімін ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) (16-бет) бөлімін қараңыз. б.
Принтер картридждарын бағдарламадан туралау а. Қағаз науасына Хат немесе A4 пішімді кәдімгі ақ қағаз салыңыз. ә. HP утилитасы ашыңыз. ЕСКЕРТПЕ: HP утилитасы белгішесі Hewlett-Packard қалтасында орналасады, ол қатты дискінің жоғарғы деңгейінде Приложения (Бағдарламалар) қалтасында болады. 6. б. Терезенің сол жағындағы құрылғылар тізімінен HP DeskJet 3830 series таңдаңыз. в. Туралау түймешігін басыңыз. г. Выравнить (Туралау) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ғ.
ЕСКЕРТПЕ: Тазалауды аяқтағаннан кейін де басып шығару сапасы әлі нашар болса, принтерді туралап көріңіз. Тазалау және туралау процесін орындағаннан кейін де басып шығару сапасында ақаулықтар болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз. ғ. Ақпарат және қолдау көрсету аймағына қайта оралу үшін Барлық параметрлер түймешігін басыңыз.
Көшіру ақаулары Көшіру ақауларын шешіңіз. ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану Принтер көшірме жасамаса немесе басып шығарылған қағаздар сапасы төмен болса, қадамдық нұсқауларды орындаңыз. HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
Сканерлеу ақаулары HP Print and Scan Doctor HP Print and Scan Doctor - ақауды автоматты диагностикадан өткізіп және түзетіп көретін утилита. ЕСКЕРТПЕ: Сканерлеу ақауларын шешу Бұл қызметтік бағдарлама Windows операциялық жүйесін үшін ғана қолжетімді. HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану Сканерлемесе немесе сканерленген нысандар сапасы төмен болса, қадамдық нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: HP Print and Scan Doctor және HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
Факс ақаулары Факс орнатуымен мәселе болса, алдымен, факс тексеру есебін орындаңыз. Сынақ орындалып, бірақ әлі де факспен жұмыс істеу кезінде ақаулықтар туындаса, параметрлердің дұрыстығын растау үшін есепте тізімделген факс параметрлерін тексеріңіз. Факс тексеруді іске қосу Принтердің күйін тексеру үшін және оның факспен жұмыс істеу үшін дұрыс орнатылғанын тексеру үшін факс теңшелімінің сынағын жасауға болады. Осы тексеруді принтердегі факс орнатуын аяқтаған соң ғана орындаңыз.
«Факс жабдығын тексеру» орындалмады ● Принтердің басқару тақтасында орналасқан Қуат түймесін басып, принтерді өшіріңіз де, принтердің артқы жағындағы қуат сымын ажыратыңыз. Бірнеше секундтан кейін қуат сымын жалғап, қуатты қосыңыз. Сынақты қайта іске қосыңыз. Егер сынақ орындалмаса, осы бөлімдегі ақаулықтарды жою бойынша ақпаратты қарауды жалғастырыңыз. ● Сынақ факсын жіберіп немесе қабылдап көріңіз. Факсты сәтті жіберіп, қабылдасаңыз, мұнда ақаудың болмағаны.
1. Телефон сымының бір ұшын телефон ұясына жалғаңыз, содан соң екінші ұшын принтердің артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Телефон ұясына қосу үшін 2-EXT портын қолдансаңыз, факстарды жіберу немесе алу мүмкін болмайды. 2-EXT порты жауап беру құрылғысы сияқты тек қана басқа жабдыққа қосу үшін қолданылуы қажет. Cурет 9-1 Принтердің артқы көрінісі 1 Телефон ұясы 2 Принтермен бірге қорапта берілген телефон сымын «1-LINE» портына қосу үшін пайдаланыңыз. 2.
«Теру сигналын анықтау» сынағы орындалмады ● Принтер сияқты бірдей телефон сымын қолданатын басқа жабдық сынақтың орындалмауына әкелуі мүмкін. Ақауды басқа жабдықтың туғызатынын тексеру үшін, телефон желісінен барлығын ажыратып, сынақты қайта іске қосыңыз.
● – Басқа жабдықсыз Файл желісі күйін тексеру орындалса, жабдықтың бір немесе бірнеше бөліктері ақауларды туғызған болуы мүмкін; жабдықтың қайсы бөлігі ақауға әкелетінін анықтау үшін, әрбір бөлікті бөлек уақытта артқы жағына қосып, әрбір уақытта сынақты қайтадан іске қосып көріңіз. – Басқа жабдықсыз Файл желісі күйін тексеру орындалмаса, принтерді жұмыс телефон желісіне қосып, осы бөлімдегі ақауларды жою туралы мәліметтерді қарап шығуды жалғастырыңыз.
● Принтермен бірге қорапта берілген телефон сымын телефон ұясына қосу үшін қолданғаныңызды тексеріңіз. Телефон сымының соңғы ұшын принтердің артқы жағында таңбаланған 1-LINE портына және екінші ұшын суретте көрсетілгендей телефон ұясына қосу қажет. 1 Телефон ұясы 2 Принтермен бірге қорапта берілген телефон сымын «1-LINE» портына қосу үшін пайдаланыңыз. ● Жұмыс телефоны мен телефон сымын принтер үшін қолданылатын телефон ұясына қосуға әрекет жасап, теру сигналын тексеріңіз.
болсаңыз, DSL модемін өшіріп, кем дегенде 15 минутқа қуаттан толығымен ажыратыңыз. Одан кейін DSL модемін кері қосып, теру сигналын қайтадан тыңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Келешекте телефон желісінде қайтадан статикалық шуды байқауыңыз мүмкін. Принтер факстарды жіберуді және қабылдауды тоқтатса, осы процесті қайталаңыз. Телефон желісі әлі де шу шығарса, телефон корпорациясымен байланысыңыз. DSL модемін қосу туралы Қосымша ақпарат алу үшін қолдау қызметін беретін DSL провайдерімен байланысыңыз.
– Жауап беру құрылғысын ажыратып, факсты қабылдап көріңіз. Жауап беру құрылғысынсыз факс жіберу сәтті орындалса, жауап беру құрылғысының ақау туғызған болуы мүмкін. – Жауап беру құрылғысын қайта қосып, шығысы хабарламасын қайта жазыңыз. Ұзақтығы шамамен 10 секунд хабарламаны жазыңыз. Хабарламаны жазу кезінде асықпай және ақырын сөйлеңіз. Дыбыстық хабарламаның соңында шамамен 5 секунд тыныш уақыт қалдырыңыз. Осы тыныш уақытты жазу кезінде артқы жақта шу болмауы қажет. Факсты қайта қабылдап көріңіз.
өту мақсатында осы жерді басыңыз. Жауап беру құрылғысын ұсынылғандай қосылмағандай болсаңыз, факс сигналдары жауап беру құрылғысына жазылмауы мүмкін. KKWW ● Принтердің факстарды автоматты түрде қабылдау үшін орнатылғанын және Жауап берілетін қоңыраулар параметрінің дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Принтерге жауап беру үшін орнатылған қоңырауларды саны жауап беру құрылғысына жауап беру үшін орнатылған қоңыраулардың санынан жоғарырақ болуы қажет.
Желі және байланыс ақаулары Не істегіңіз келеді? Сымсыз байланысты түзету Келесі ақауды жою параметрлерінің бірін таңдаңыз. HP Print and Scan Doctor HP Print and Scan Doctor - ақауды автоматты диагностикадан өткізіп және түзетіп көретін утилита. ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберін пайдалану Бұл қызметтік бағдарлама Windows операциялық жүйесін үшін ғана қолжетімді. ● Принтеріңіз ешқашан жалғанбағаз болсп немесе жалғанып, енді жұмыс істемесе, сымсыз байланыс мәселеңізді шешіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP ақауды онлайн жою шеберлері барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін. Wi-Fi Direct ақауын жою үшін Анықтамадағы жалпы нұсқауларды оқу 1. Wi-Fi Direct қосылғанын растау үшін принтерді тексеріңіз: ▲ Принтерді басқару панелінде (Wi-Fi Direct) таңбашасын түртіңіз де, Wi-Fi Direct мәліметтері мәзірін ашыңыз. Егер мәзір (Wi-Fi Direct өшірулі деп көрсетсе, оны қосу үшін Параметрлер белгішесін түртіп, Wi-Fi Direct түймесін түртіңіз. 2.
Принтер жабдығының ақаулары Картриджді алатын есікті жабу ▲ Басып шығаруды бастау үшін картридж есігін жабу қажет. Принтер кенеттен жұмыс істемей қалды ● Қуат пен қуат байланыстарын тексеріңіз. ● Принтердің қуат сымы жұмыс істеп тұрған розеткаға берік қосылғанын тексеріңіз. Принтердегі ақауды жою ● Принтерді өшіріңіз және қосыңыз. Егер ақау жойылмаса, НР компаниясына хабарласыңыз.
Құжатты беретін құралға күтім көрсету Құжатты беретін құрал бірнеше бетті алатын болса немесе қарапайым қағазды алмайтын болса, шығыршықтар мен бөлгіш тіректі тазартыңыз. Шығыршықтарды немесе бөлгіш тіректі тазарту АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Принтерді тазаламас бұрын оны Қуат түймесін ( ) басып өшіріп, электр розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз. 1. Құжаттарды салатын науадан барлық түпнұсқаларды алып тастаңыз. 2. Құжатты беретін құралдың қақпағын көтеріңіз.
HP қолдау қызметі Өнімнің соңғы жаңартулары мен қолдау туралы ақпаратты алу үшін, HP DeskJet 3830 series www.hp.com/support мекенжайындағы қолдау қызметінің веб-сайтына кіріңіз. HP онлайн режимінде қолдау принтерге қатысты түрлі қызметтерді ұсынады: Драйверлер және жүктеулер: Бағдарламалық құрал драйверлері мен жаңартуларды, сондай-ақ, принтер қорабында болатын нұсқаулықтар мен құжаттамаларды жүктеп алыңыз.
Принтерді тіркеу Тіркелу үшін бірнеше минут жұмсау арқылы жылдамырақ қызметтен, тиімділіктен және өнімге қолдау көрсететін ескертулерден рахат алуыңыз мүмкін. Бағдарламалық құралды орнату кезінде принтерді тіркемеген болсаңыз, кейінірек оны http://www.register.hp.com веб-сайтында тіркеуге болады Қосымша кепілдік параметрлері Қосымша төлеу арқылы HP DeskJet 3830 series үшін кеңейтілген қызметтік жоспарларды алуға болады. www.hp.
136 9-тарау Мәселені шешу KKWW
а Техникалық мәліметтер Осы бөлімде берілген HP DeskJet 3830 series техникалық сипаттамалары және халықаралық ережелер мәліметін қараңыз. Қосымша ақпаратты HP DeskJet 3830 series өнімімен бірге берілген құжаттан қараңыз.
Hewlett-Packard Company ескертулері Осы жерде қамтылған мәліметтер ескертусіз өзгертіледі. Барлық құқықтары қорғалған. Авторлық құқық арқылы рұқсат етілген жағдайлардан басқа кезде, Hewlett-Packard компаниясының жазбаша рұқсатынсыз осы материалды көшіруге, өңдеуге немесе аударуға тыйым салынады. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған кепілдіктер ғана осындай өнімдер мен қызметтермен бірге келетін нақты кепілдеме ережелерін орындау үшін орнатылады.
Техникалық сипаттамалар Осы бөлімде HP DeskJet 3830 series техникалық сипаттамалары берілген. Қосымша өнім сипаттамаларын алу үшін www.hp.com/support торабындағы Өнім туралы мәліметтер парағын қараңыз. Жүйе талаптары ● Бағдарламалық жасақтама және жүйе талаптары немесе болашақ амалдық жүйе шығарылымдары мен қолдау туралы ақпарат алу үшін www.hp.com/support мекенжайындағы HP желілік қолдау веб-сайтына кіріңіз.
Қағаз салмағы ● Қарапайым қағаз: 64-90 г/м² (16-24 фунт) ● Хатқалталар: 75-90 г/м² (20-24 фунт) ● Карталар: 200 г/м² (110-фунт ең көп индекс) дейін ● Фотосурет қағазы: 280 г/м² (75 фунт) дейін Басып шығарудың техникалық сипаттары ● Сканерлеу жылдамдығы құжаттың күрделілігіне байланысты әртүрлі болады ● Әдіс: қажет болғанда таматын термо сия ● Тіл: PCL3 GUI Көшірме техникалық сипаттары ● Сандық кескінді өңдеу ● Көшіру жылдамдықтары құжат пен үлгінің күрделілігіне қарай әр түрлі болады.
● 33,6 Кбит/с кезінде бір бет жылдамдығы 4 секунд (қалыпты ажыратымдылықта ITU-T #1 сынақ кескініне негізделген). Беттері күрделі немесе ажыратымдылығы жоғары болатын факстер көп уақыт алады және көбірек жадты қолданады. ● Автоматты факс/жауап беру құрылғысы қосылған кезде қоңырауды анықтау. Жақсы (нүкте/дюйм) Қалыпты (нүкте/дюйм) Қара 208 x 196 208 x 98 Түрлі түсті 208 x 200 208 x 200 Картридж ресурсы ● Картридждер ресурстары бойынша қосымша ақпаратты алу үшін www.hp.
Қоршаған ортаны қорғайтын өнім бағдарламасы Hewlett-Packard компаниясы сапалы өнімдерді экологиялық таза мәнерде беруге жауапкершілікпен қарайды. Қайта қолдануға арналған дизайн осы өнімде қамтылған. Дұрыс қызметті және сенімділікті қамтамасыз ету кезінде материалдардың саны аз қолданылады. Оңай айыру үшін ұқсас емес материалдарды қолдану жоспарланған. Ілмектер мен басқа қосқыштарды жалпы құралдарды қолданып орналастыру, қолдану және жою оңай болады.
Eco-кеңестері HP компаниясы тұтынушылардың қоршаған ортаға ықпал етуін азайтуға көмектесуге жауапкершілікпен қарайды. HP қоршаған орта бастамалары туралы қосымша ақпарат алу үшін HP қоршаған орта бағдарламалары мен бастамалары веб-сайтына кіріңіз. www.hp.
Қуатты тұтыну ENERGY STAR® логотипімен белгіленген Hewlett-Packard басып шығару және кескін жабдығы АҚШ қоршаған ортаны қорғау ұйымымен бекітілген. Келесі белгі ENERGY STAR бойынша сертификатталған кескін өнімдерінде көрсетіледі: Қосымша ENERGY STAR бойынша сертификатталған кескін өнімінің үлгісі туралы ақпарат төмендегі сайтта берілген: www.hp.com/go/energystar Қалдық жабдықтардың пайдаланушылар тарапынан шығарып тастау Бұл белгі өнім қалдықтарын басқа үй қоқыстарымен бірге шығармау керектігін білдіреді.
Калифорниялық перхлорат материал туралы ескерту KKWW Қоршаған ортаны қорғайтын өнім бағдарламасы 145
Еуропалық Одақтың батареяға қатысты директивасы 146 а қосымшасы Техникалық мәліметтер KKWW
Шектелген заттардың белгіленуінің бар екені туралы шарттың декларациясы (Тайвань) 限用物質含有情況標示聲明書 Declaration of the Presence Condition of the Restricted Substances Marking 限用物質及其化學符號 Restricted substances and its chemical symbols 單元 Unit 鉛 汞 鎘 六價鉻 多溴聯苯 多溴二苯醚 Lead Mercury Cadmium (Pb) (Hg) (Cd) Hexavalent chromium Polybrominated biphenyls (Cr+6) (PBB) Polybrominate d diphenyl ethers (PBDE) 0 0 0 0 0 0 電線 (Cables) 0 0 0 0 0 0 印刷電路板 - 0 0 0 0 0 列印引擎(Print Engine) - 0 0
Зиянды заттадың/элементтердің және олардың құрамының кестесі (Қытай) Қауіпті заттарды шектеу (Украйна) Қауіпті заттарды шектеу (Үндістан) 148 а қосымшасы Техникалық мәліметтер KKWW
EPEAT Қытай SEPA экологиялық жапсырмасының пайдаланушыға арналған ақпараты KKWW Қоршаған ортаны қорғайтын өнім бағдарламасы 149
Принтер, факс және көшірме жасау құрылғысына арналған China Energy Label белгісі (Қытайда өнімдерге арналған қуат тұтыну жапсырмасы) 150 а қосымшасы Техникалық мәліметтер KKWW
Басқару ескертпелері HP DeskJet 3830 series принтері елдегі/аймақтағы заң агенттіктерінің өнімге қойылатын талаптарына сәйкес келеді.
FCC мәлімдемесі Кореядағы пайдаланушыларға арналған ескерту Жапониядағы пайдаланушыларға арналған VCCI (B класы) сәйкестік мәлімдемесі 152 а қосымшасы Техникалық мәліметтер KKWW
Жапониядағы пайдаланушыларға арналған қуат сымына қатысты ескерту Германиядағы пайдаланушыларға дыбыс деңгейінің көрсеткіші Германияға арналған көрнекі дисплейдің жұмыс істеу аумағы туралы мәлімдеме Еуропа одағына арналған заңды хабарлама CE белгісімен белгіленген өнімдер қолданылуы мүмкін келесі бір немесе бірнеше ЕС директиваларымен үйлесімді: Төменгі кернеулі құрылғылар бойынша директива 2006/95/EC, EMC директива 2004/108/EC, Экологиялық қауіпсіз құрастыру директивасы 2009/125/EC, R&TTE директива 199
Егер оның құрамына таридо тарату және қабылдау құрылғысы кірсе, онда қалыпты пайдалану жағдайларында жоғары жиілікті радио әсерлер ЕО стандарттарына сәйкес келетін минималды аралық 20 см-ді құрауы тиіс. Еуропадағы сымсыз функционалдылық ● Бұл өнімді барлық ЕС елдерінде, сондай-ақ Исландияда, Лихтейнштейнде, Норвегия мен Швейцарияда шектеусіз пайдалануға арналған.
Сәйкестік мәлімдемесі KKWW Басқару ескертпелері 155
Шарттық сымсыз желі мәлімдемелері Бұл бөлім сымсыз өнімдерге қатысты келесі заңды ақпаратты қамтиды: ● Радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді ● Бразилиядағы пайдаланушыларға арналған ескерту ● Канададағы пайдаланушыларға арналған ескерту ● Мексикадағы пайдаланушыларға арналған ескертпе ● Тайваньдағы пайдаланушыларға арналған ескерту ● Жапониядағы пайдаланушылар үшін ескерту ● Кореядағы пайдаланушыларға арналған ескерту Радиотолқындардың таралуына күшті әсер етеді Бразилиядағы пайдалануш
Канададағы пайдаланушыларға арналған ескерту Мексикадағы пайдаланушыларға арналған ескертпе KKWW Басқару ескертпелері 157
Тайваньдағы пайдаланушыларға арналған ескерту Жапониядағы пайдаланушылар үшін ескерту Кореядағы пайдаланушыларға арналған ескерту 158 а қосымшасы Техникалық мәліметтер KKWW
АҚШ телефон желісін пайдаланушылар үшін ескерту: Байланыс жөніндегі федералдық комиссия талаптары KKWW Басқару ескертпелері 159
Канаданың телефон желісін пайдаланушылар үшін ескерту 160 а қосымшасы Техникалық мәліметтер KKWW
Германияның телефон желісін пайдаланушыларға ескерту Австралия сымды байланыс факсының нұсқаулығы KKWW Басқару ескертпелері 161
162 а қосымшасы Техникалық мәліметтер KKWW
ә Қосымша факсты орнату Осы бөлімде бірдей телефон желісінде әлдеқашан орнатылған болуы мүмкін жабдықпен және қызметтермен факстың сәтті жұмыс істеуі үшін принтерді орнату жолдарын үйренесіз. КЕҢЕС: Жауап беру күйі және факстың тақырыпшасы туралы мәліметтер сияқты кейбір маңызды факс параметрлерін жылдам орнатуға көмектесетін факсты орнату шеберін (Windows) немесе HP утилитасын ( OS X) пайдалануға да болады. Бұл құралдарға HP принтерінің бағдарламалық жасақтамасы арқылы кіре аласыз.
Факсты орнату (параллель телефон жүйелері) Факс үшін принтерді орнатуды бастамас бұрын елдің/аймақтың қандай телефон жүйесін қолданатынын анықтаңыз. Сериялық немесе параллель телефон жүйесі болатындығына байланысты факсты орнатуға арналған нұсқаулар әртүрлі болады. ● Тізімделген кестеде еліңізді/аймағыңызды көрмесеңіз, сізде сериялық теру телефон жүйесінің болуы ықтимал.
● F жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/дыбыстық поштасы бар факс желісі ● G жағдайы: Компьютер модемімен ортақ пайдаланылатын факс желісі (ешбір дыбыстық қоңыраулар қабылданбайды) ● H жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютер модемі бар факс желісі ● I жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/жауап беру құрылғысы бар факс желісі ● J жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютер модемі және жауап беру құрылғысы бар факс желісі ● K жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде теру
3. ● Жауап беру құрылғысы: Принтердегі факс қоңыраулары үшін қолданылатын бірдей телефон нөмірлері бойынша дыбыстық қоңырауларға жауап беретін жауап беру құрылғысы. ● Дыбыстық пошта қызметі: Принтердегі факс қоңыраулары үшін қолданылатын бірдей нөмірлер бойынша телефон корпорациясы арқылы дыбыстық пошта жазылымы. Келесі кестеден үйге немесе кеңсе параметріне сәйкес келетін жабдықтың байланысын және қызметтерді таңдаңыз. Одан кейін ұсынылатын факс орнатылымын қараңыз.
Факс желісін қолданатын басқа жабдық немесе қызметтер Сандық абонен ттік желі Жеке телеф он станци ясы Арнайы қоңырау қызметі Дыбыст ық қоңырау лар Компьютердің теру модемі Жауап беру құрылғысы Дыбыстық пошта қызметі Ұсынылатын факс орнатылымы I жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/жауап беру құрылғысы бар факс желісі (178-бет) J жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютер модемі және жауап беру құрылғысы бар факс желісі (180-бет) K жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде теру моде
ЕСКЕРТПЕ: Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады. 2. Авто жауап беру параметрін қосыңыз. 3. (Қосымша) Жауап берілетін қоңыраулар параметрін төменірек параметрге (екі қоңырау) өзгертіңіз. 4. Факс сынағын іске қосыңыз. Принтерге қоңырау шалынғанда, принтер Жауап берілетін қоңыраулар параметрінде орнатылған бірнеше қоңыраудан кейін автоматты түрде жауап береді. Принтер факсты қабылдау сигналдарын жіберуші факс құрылғысына шығарып, факсты қабылдайды.
3. DSL сүзгісінен қосымша телефон сымын телефон ұясына қосыңыз. 4. Факс сынағын іске қосыңыз. Принтерге қосымша жабдықты орнату кезінде ақаулар туындаса, келесі көмектерді алу үшін жергілікті қызметті берушімен немесе сатушымен байланысыңыз.
Cурет ә-3 Принтердің артқы көрінісі 1 Телефон ұясы 2 Телефон сымын принтердің артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз. Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады. Арнайы қоңырау қызметімен принтерді орнату 1. Телефон сымының бір ұшын телефон ұясына жалғаңыз, содан соң екінші ұшын принтердің артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады. 2. Авто жауап беру параметрін қосыңыз. 3.
С жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/факс желісі Бірдей телефон нөміріне дыбыстық қоңырауларды және факс қоңырауларын қабылдайтын болсаңыз және осы телефон желісінде басқа кеңсе жабдығы (немесе дыбыстық пошта) болмаса, принтерді осы бөлімде сипатталғандай орнатыңыз. Cурет ә-4 Принтердің артқы көрінісі 1 Телефон ұясы 2 Телефон сымын принтердің артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз. Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады.
бере алмайды. Принтерді қоңырауларға қолмен жауап беретін етіп орнату үшін Авто жауап беру параметрін ажыратыңыз. 4. Факс сынағын іске қосыңыз. Принтер қоңырауға жауап бермес бұрын телефонды көтеріп, жіберуші факс құрылғысынан факс сигналдарын естісеңіз, факс қоңырауына қолмен жауап беру қажет. Принтерге қосымша жабдықты орнату кезінде ақаулар туындаса, келесі көмектерді алу үшін жергілікті қызметті берушімен немесе сатушымен байланысыңыз.
Принтерге қосымша жабдықты орнату кезінде ақаулар туындаса, келесі көмектерді алу үшін жергілікті қызметті берушімен немесе сатушымен байланысыңыз. G жағдайы: Компьютер модемімен ортақ пайдаланылатын факс желісі (ешбір дыбыстық қоңыраулар қабылданбайды) Ешбір дыбыстық қоңырауларды қабылдамайтын факс желісі және осы телефон желісіне қосылған компьютер модемі болса, принтерді осы бөлімде сипатталғандай орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: 4. Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады. Модемнің бағдарламалық құралы факстарды компьютерге автоматты түрде алу үшін орнатылған болса, бұл параметрді ажыратыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Модемнің бағдарламалық құралында факсты автоматты түрде қабылдау функциясын ажыратпаған болсаңыз, принтер факстарды қабылдай алмайды. 5. Авто жауап беру параметрін қосыңыз. 6. (Қосымша) Жауап берілетін қоңыраулар параметрін төменірек параметрге (екі қоңырау) өзгертіңіз. 7. Факс сынағын іске қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Параллель сплиттерді сатып алу қажет. Параллель сплиттердің алдыңғы жағында бір RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар. 2 сымды телефон сплиттерді, сериялық сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11 порты бар және артқы жағында ашасы бар параллель сплиттерді қолданбаңыз. Cурет ә-7 Параллель сплиттердің мысалы Принтерді компьютерде DSL/ADSL модемімен бірге орнату 1. DSL провайдерінен DSL сүзгісін алыңыз. 2.
Компьютердегі телефон порттарының санына негізделген принтерді компьютермен бірге орнатуға арналған екі түрлі жол бар. Бастамас бұрын бір немесе екі телефон порттарының болуын қарау үшін компьютерді тексеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютерде тек бір ғана телефон порты болса, суретте көрсетілгендей параллель сплиттерді сатып алу қажет (жалғастырғыш деп те аталады). (Параллель сплиттердің алдыңғы жағында бір RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар.
5. Модемнің бағдарламалық құралы факстарды компьютерге автоматты түрде алу үшін орнатылған болса, бұл параметрді ажыратыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Модемнің бағдарламалық құралында факсты автоматты түрде қабылдау функциясын ажыратпаған болсаңыз, принтер факстарды қабылдай алмайды. 6. 7. Енді принтердің қоңырауларға автоматты түрде немесе қолмен жауап беретінін шешу қажет: ● Принтерді қоңырауларға автоматты түрде жауап беретін етіп орнату үшін, ол барлық кіріс қоңырауларына жауап беріп, факстарды қабылдайды.
5 DSL/ADSL модемі 6 Компьютер 7 Телефон сымын принтердің артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз. Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады. ЕСКЕРТПЕ: Параллель сплиттерді сатып алу қажет. Параллель сплиттердің алдыңғы жағында бір RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар. 2 сымды телефон сплиттерді, сериялық сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11 порты бар және артқы жағында ашасы бар параллель сплиттерді қолданбаңыз.
Cурет ә-11 Принтердің артқы көрінісі 1 Телефон ұясы 2 Телефон сымын принтердің артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз. Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады. 3 Жауап беру құрылғысы 4 Телефон (қосымша) Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/жауап беру құрылғысы бар факс желісімен принтерді орнату 1. Принтердің артқы жағында таңбаланған 2-EXT порттан ақ жолақты ажыратыңыз. 2.
Телефон қоңырау шалғанда, орнатылған қоңыраулардың санынан кейін жауап беру құрылғысы жауап беріп, жазылған сәлемдесуді ойнатады. Принтер осы уақытта қоңырауды басқарады, факс сигналдарын «тыңдайды». Кіріс факс сигналдары анықталған болса, принтер факсты қабылдау сигналдарын шығарып, факстарды қабылдайды; факс сигналдары болмаса, принтер желіні басқаруды тоқтатады және жауап беру құрылғысы дыбыстық хабарламаны жазады.
Cурет ә-13 Принтердің артқы көрінісі 1 Телефон ұясы 2 Компьютердегі «IN» телефон порты 3 Компьютердегі «OUT» телефон порты 4 Телефон сымын принтердің артындағы «1-LINE» деп таңбаланған портқа жалғаңыз. Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады. 5 Модемі бар компьютер 6 Жауап беру құрылғысы 7 Телефон (қосымша) Екі телефон порты бар компьютермен бірге бірдей телефон желісіне принтерді орнату 1. Принтердің артқы жағында таңбаланған 2-EXT порттан ақ жолақты ажыратыңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Модемнің бағдарламалық құралында факсты автоматты түрде қабылдау функциясын ажыратпаған болсаңыз, принтер факстарды қабылдай алмайды. 7. Авто жауап беру параметрін қосыңыз. 8. Жауап беру құрылғысын қоңыраулардың аз санынан кейін жауап беретін етіп орнатыңыз. 9. Принтердегі Жауап берілетін қоңыраулар параметрін өнім арқылы қолдау көрсетілетін қоңыраулардың ең көп санына өзгертіңіз. (Ең үлкен қоңыраулардың саны елге/аймаққа байланысты әртүрлі болады). 10. Факс сынағын іске қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Параллель сплиттерді сатып алу қажет. Параллель сплиттердің алдыңғы жағында бір RJ-11 порты және артқы жағында екі RJ-11 порты бар. 2 сымды телефон сплиттерді, сериялық сплиттерді немесе алдыңғы жағында екі RJ-11 порты бар және артқы жағында ашасы бар параллель сплиттерді қолданбаңыз. Cурет ә-14 Параллель сплиттердің мысалы Принтерді компьютерде DSL/ADSL модемімен бірге орнату 1. DSL/ADSL провайдерінен DSL/ADSL сүзгісін алыңыз.
K жағдайы: Ортақ пайдаланылатын дыбыстық/компьютерде теру модемі және дыбыстық поштасы бар факс желісі Бірдей телефон нөміріне дыбыстық қоңырауларды және факс қоңырауларын қабылдайтын болсаңыз, бірдей телефон желісінде компьютерде теру модемін қолданатын болсаңыз және осы телефон корпорациясы арқылы дыбыстық пошта қызметіне де жазылған болсаңыз, принтерді осы бөлімде сипатталғандай орнатыңыз.
2 Принтермен бірге қорапта берілген телефон сымын 1-LINE портына қосу үшін қолданыңыз Телефон сымын ел/аймақ адаптеріне қосу қажет болады. 3 Модемі бар компьютер 4 Телефон Екі телефон порты бар компьютермен бірге бірдей телефон желісіне принтерді орнату 1. Принтердің артқы жағында таңбаланған 2-EXT порттан ақ жолақты ажыратыңыз. 2. Компьютердің артқы жағынан (компьютерде теру модемі) телефон ұясына қосылатын телефон сымын табыңыз.
Факс орнатылымын сынақтан өткізу Принтердің күйін тексеру үшін және оның факспен жұмыс істеу үшін дұрыс орнатылғанын тексеру үшін факс теңшелімінің сынағын жасауға болады. Принтерді факс аппараты үшін орнатуды аяқтағаннан кейін осы сынақты орындаңыз.
Индекс А абоненттің айқындауыш коды 66 ақауларды жою басып шығару 132 бірнеше бет алынады 105 жауап беру құрылғылары 128 жылжытылған беттер 105 қағаз беру ақаулары 104 қағаз науадан алынбайды 104 қуат 132 факс 121 факс жабдығының сынағы орындалмады 122 факс желісінің сынағы орындалмады 124 факс сынақтары 121 факстар алу 125, 127 факстар жіберу 125, 128 факс-телефон сымының байланысы сынағы, орындалмады 122 факс телефон сымының түрі сынағы орындалмады 123 факсты теру сигналының сынағы орындалмады 124 факсты
жылжыту, ақауларды жою басып шығару 105 З заңды ескертулер заңды үлгінің идентификаторлық нөмірі 151 И импульстік теру 68 Интернет протоколы факс, қолдану 72 К каретка каретка кептелісін тазалау 104 кептелістер тазалау 100 кепілдік 135 компьютер модемі факспен ортақ пайдаланылады (параллель телефон жүйелері) 173 факспен ортақ пайдаланылады және дыбыстық желі (параллель телефон жүйелері) 175 факспен ортақ пайдаланылады және дыбыстық пошта (параллель телефон жүйелері) 184 факспен ортақ пайдаланылады және жауа
теру сигналы, орындалмады 124 теңшеу 186 факс желісінің күйі 124 факс телефон сымының түрі сынағы орындалмады 123 Т тазалау факс жұрналдары 75 тақырыпша, факс 66 телефон, факс жіберу алу 58 жіберу 55 телефон желісі, қоңырауға жауап беру үлгісі 67 телефон кітапшасы контактілерді жою 65 контактіні өзгерту 63 реттеу 63 топтық контактілерді орнату 64 топтық контактілерді өзгерту 64 факс жіберу 54 телефон сымы дұрыс портқа қосылған сынағы орындалмады 122 дұрыс түрі сынағы орындалмады 123 телефон ұясы, факс 122 т
пайдаланылады (параллель телефон жүйелері) 180 жауап беру құрылғысының ақауларын жою 128 жауап берілетін қоңыраулар 67 желі күйінің сынағы, орындалмады 124 жұрнал, басып шығару 74 жұрнал, тазалау 75 жылдамдық 69 жіберу 54 жіберу, ақауларды жою 125, 128 Интернет протоколы, арқылы 72 кішірейту 60 қайта басып шығару 59 қайта теру опциялары 68 қате есептері 74 қатені түзету күйі 56 қолмен алу 58 модем, бірге ортақ пайдаланылады (параллель телефон жүйелері) 173 модем және дыбыстық желі, бірге ортақ пайдаланылады