Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Microsoft жəне Windows – Microsoft компаниялар тобының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мəліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Ақпарат алу .................................................................................................................................................... 1 2 Компьютерді орнату ...................................................................................................................................... 3 Интернетке жалғау (таңдаулы үлгілерде) ......................................................................................... 4 3 Экранды шарлау .................................
9 Техникалық сипаттамасы ........................................................................................................................... 25 Техникалық сипаттамалары ............................................................................................................. 25 10 Қолдау көрсету ақпараты ......................................................................................................................... 26 Көмек алу жолы .......................................................
1 Ақпарат алу Тапсырмалар Нұсқаулар ● Орнату нұсқаулары парақшасы Компьютерді орнату – немесе – Компьютерді орнату (3-бет) бөлімін қараңыз. ● Интернетке қосу Интернетке жалғау (таңдаулы үлгілерде) (4-бет) бөлімін қараңыз. ● Зауыттық параметрлерін қалпына келтіру Жүйені қалпына келтіру (16-бет) бөлімін қараңыз. ● Компьютер функцияларын қолдану туралы бейне-нұсқауларды көріңіз http://www.hp.com/supportvideos бөлімін қараңыз (ағылшын тілінде ғана).
Тапсырмалар Нұсқаулар ● Ережелер, қауіпсіздік жəне қоршаған орта туралы ақпарат: Қауіпсіздік жəне ережелер туралы ақпарат табу Бастау экранында справка (анықтама) сөзін жазыңыз, одан кейін HP справка и помощь (HP анықтама жəне қолдау) бөлімін таңдаңыз. Компьютер тармағын таңдап, Пайдаланушы нұсқаулықтары тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/contactHP веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютерді орнату АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін: ● Компьютерді су, шаң, ылғал жəне күйе тимейтін жерге қойыңыз. Аталған қоршаған орта факторлары компьютердің ішкі температурасын көтеріп, өрт шығу немесе ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. ● Жерге тұйықтап тұрған ашасын ажыратпаңыз. Жерге тұйықтау ашасы – өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі. ● Қуат сымын кез-келген уақытта оңай қол жететін жердегі айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
д. Жүктегіңіз келетін əр жаңартудың жанындағы жүктеу пəрменін басыңыз. е. Əр жүктелген жаңартуды орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Қосымша ақпарат немесе жаңартулардың басылған нұсқасын компьютердің қорабынан қараңыз. 5. Ережелер, қауіпсіздік жəне қоршаған орта туралы ақпаратты оқу. Бастау экранында справка (анықтама) сөзін жазыңыз, одан кейін HP справка и помощь (HP анықтама жəне қолдау) бөлімін таңдаңыз. Компьютер тармағын таңдап, Пайдаланушы нұсқаулықтары тармағын таңдаңыз. 6.
3 Экранды шарлау Компьютер экранын мына əдістермен шарлауға болады: ● Түрту қимылдарын пайдалану (кейбір үлгілерде ғана) ● Пернетақта мен тінтуірді қолдану Кейбір компьютер үлгілерінің пернетақталарында күнделікті тапсырмаларды орындауға арналған арнайы əрекет пернелері немесе пернелер үйлесімімен орындалатын функциялар бар. Түрту қимылдарын пайдалану Сенсорлық қимылдарды параметрлерін өзгерту, түйме конфигурациялары, жылдамдығын басу жəне меңзер таңдауларын өзгерту арқылы реттеуге болады.
Пернелер үйлесімін пайдалану үшін, fn пернесін басып қалыңыз, сосын тіркесімнің екінші пернесін басыңыз. Компьютер үлгісіне қарай пернетақтаңыз төмендегі пернелерді қолдауы мүмкін. Белгіше Сипаттама Ашық бағдарламаларды тізімде көрсетеді. Ашық бағдарламаларды бекітеді. Ашық бағдарламалар арасында ауысады. Ашық бағдарламадағы қол жетімді пəрмендерді көрсетеді. Жұмыс үстелін көрсетеді немесе жасырады. Іздеу шебер түймесін ашады. Бөлісу шебер түймесін ашады. Құралдар шебер түймесін ашады.
Белгіше Сипаттама Спикер дауысын үнсіздендіреді немесе қайта қосады. Пернені басып тұрсаңыз, спикер дауысын біртіндеп азайтады. Пернені басып тұрсаңыз, спикер дауысын біртіндеп қатайтады. Таңдалған нысан мүмкіндіктерін көрсетеді. Windows пернелер тіркесімін пайдалану Windows жүйесінде əрекеттерді жылдам орындауға арналған пернелер тіркесімдері бар. Белгілі бір əрекетті орындау үшін Windows пернесін ғана басыңыз немесе оны арнаулы пернемен бірге басыңыз.
4 Компьютерді қорғау Компьютерде жүйе мен оның деректерінің тұтастығын рұқсатсыз кіруден қорғайтын функциялар бар. Дұрыс пайдалану үшін осы мүмкіндіктерді қарап шығыңыз. Компьютердің қауіпсіздік функциялары Компьютердегі қауіп Компьютер мүмкіндігі Компьютерді немесе пайдаланушы тіркелгісін рұқсатсыз пайдалану Пайдаланушы құпиясөзі Кілтсөз өзіңіз таңдаған таңбалардан тұратын таңбалар тобы. Компьютеріңіз туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін осы таңбаларды енгізу қажет болады.
5 Ақауларды жою Егер сізде монитор немесе принтер сияқты кез келген перифериялық жабдықтарды компьютермен қолдану проблемалары болса, ақаулықтарды жою туралы егжей-тегжейлі мəліметтерді өнім жасаушысы берген құжаттамадан көріңіз. Келесі кестелер орнату, іске қосу немесе компьютерді пайдалану кезінде орын алатын ақауларды жəне олардың шешімдерін көрсетеді. Ол туралы толығырақ ақпарат немесе ақаулықтарды жөндеу туралы қосымша кеңестерді көру үшін http://www.hp.
Белгі Мүмкін болатын шешім Компьютер жауап бермейді. 1. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз. 2. Тапсырмалар реттеушісі опциясын таңдаңыз. 3. Жауап бермеген кез-келген бағдарламаны таңдап, тапсырманы аяқтау пəрменін басыңыз. Бағдарламаларды жабу ақаулықты жөндемесе компьютерді қайта бастаңыз. 1. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз. 2. Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан қосу таңбасын басып, одан кейін қайта бастау пəрменін басыңыз.
Белгі Мүмкін болатын шешім Экран бос Экран дисплейін қайта көрсету үшін пернетақтадағы бос орын пернесін басыңыз немесе тінтуірді жылжытыңыз. Ұйқы режимінен жалғастыру үшін ұйқы түймесін (таңдалған модельдер үшін) басыңыз немесе пернетақтадағы еsc пернесін басыңыз. Компьютерді қосу үшін, қуат түймесін басыңыз. Монитор кабелінің ашалары майысып қалуы мүмкін. Экрандағы кескін тым үлкен немесе кішкентай немесе кескіндер анық емес. ● Істіктердің біреуі майысса, монитордың кабелін ауыстырыңыз.
Пернетақта мен тінтуір (сымсыз) Белгі Мүмкін болатын шешім Сымсыз пернетақта немесе тінтуір жұмыс істемейді немесе олар табылмады. ● Сымсыз пернетақтаны немесе сымсыз тінтуірді қабылдағыштан қалыпты жағдайда 10 метр (32 фут) шамасында жəне бастапқы орнату немесе қайта синхрондау кезінде 30 см (12 дюйм) қашықтықта пайдалану керек. ● 20 минут қолданылмаған тінтуір тоқтату режиміне қосылады. Тінтуірді қайта қосу үшін тінтуірдің сол жақ түймесін басыңыз.
Үндеткіштер мен дыбыс Белгі Мүмкін болатын шешім Дыбыс деңгейі өте төмен немесе нашар. Үндеткіштердің компьютердің артқы жағындағы аудио шығыс (қара) ұясына қосылғандығын қадағалаңыз. (Бірнеше арналы үндеткіштер үшін қосымша дыбыс ұялары пайдаланылады.) Жақсы дыбыс шығармайтын қуатталмаған үндеткіштер (батарея немесе қуат сымы сияқты бөлек қуат көзі жоқ үндеткіштер) ажыратылды. Қуатталмаған үндеткіштерді қуатталған үндеткіштермен ауыстырыңыз. Дыбыс шықпайды. 1.
Бағдарлама ақаулықтарын жөндеу Белгі Мүмкін болатын шешім Бағдарламалық құрал ақауларын жою үшін келесі əдістерді орындаңыз: ● Компьютерді толық өшіріп, қайтадан қосыңыз. ● Дискілерді жаңартыңыз. Келесі тараудағы “Құрылғы дискілерін жаңарту” бөлімін қараңыз. ● Компьютердің бағдарламалық құрал орнатылмастан бұрын пайдаланылған конфигурациясын қалпына келтіріңіз. Осы кестедегі "Microsoft жүйесін қалпына келтіру" бөлімін қараңыз. ● Бағдарламаны немесе құрылғы дискісін қайта орнатыңыз.
Белгі Мүмкін болатын шешім Бағдарламалық құралды немесе аппараттық құрал драйверін қайта орнату Өндіруші орнатқан бағдарламалық құрал немесе аппараттық құрал драйверлерінің біреуі зақымдалған болса, оны HP Recovery Manager (HP қалпына келтіру менеджері) бағдарламасын пайдаланып қайта орнатуға болады (таңдаулы үлгілерде ғана). ЕСКЕРТПЕ: Компьютермен бірге берілген CD немесе DVD дискілерімен келген бағдарламалық құралдарды қайта орнату үшін HP қалпына келтіру менеджері пайдаланбаңыз.
6 Жүйені қалпына келтіру Жүйені қалпына келтіру қатты дискіні толығымен өшіріп, қатты дискіні қайта форматтайды. Бұл кезде жасалған барлық дерек файлдары жойылады, содан кейін операциялық жүйе, бағдарламалар мен драйверлер қайта орнатылады. Сондықтан, компьютер зауыттан шыққанан кейін орнатылған барлық бағдарламаларды қайта орнату керек. ЕСКЕРТПЕ: Жүйені қалпына келтіру бағдарламасын пайдалану алдында əрқашан жүйені қалпына келтіру процедурасын орындаңыз.
1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерден монитор, пернетақта жəне тінтуірден басқа барлық перифериялық құрылғыларды ажыратыңыз. 3. Компьютерді қосыңыз. 4. Бастау экранында восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен HP қалпына келтіру менеджері тармағын таңдаңыз. Сұралса, бағдарламаға жалғастыруға рұқсат ету үшін Да (иə) түймесін басыңыз. 5. Windows қалпына келтіру ортасы тармағын таңдаңыз. 6. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
1. Компьютер жұмыс істеп тұрса, сақтау керек барлық файлдарды қамтитын сақтық көшірме DVD дискісін немесе сақтық көшірме USB флэш жадын жасаңыз, содан кейін сақтық көшірме ақпарат тасушысын компьютерден алыңыз. 2. Қалпына келтіру DVD дискісін пайдалансаңыз, DVD дискі науасына № 1 қалпына келтіру дискісін салып, науаны жабыңыз. Егер қалпына келтіру USB флэш жадын пайдалансаңыз, оны USB портына салыңыз. 3.
● Қалпына келтіру дискілер жинағындағы дискілердің саны компьютеріңіздің үлгісіне байланысты (əдетте 3-6 DVD дискілері). Қалпына келтіру дискісін жасау бағдарламасы жиынды жасау үшін қажет бос дискілердің нақты санын айтады. ● Жоғары сапалы бос USB флэш жадын пайдаланып, қалпына келтіру USB флэш жадын жасауды таңдауға болады. Егер USB флэш жадын пайдаланып жатсаңыз, бағдарлама барлық деректерді сақтау үшін қажет дискі өлшемін айтады (ең кемі 8 ГБ).
7 Техникалық қызмет көрсету Компьютердің жоғары жылдамдықпен жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін, қарапайым техникалық тексеріс жасау маңызды. Орындау уақыты мен тапсырмалар Дұрыс техникалық қызмет көрсету үшін ұсынылатын аралықтарда осы нұсқауларды орындаңыз. Апта сайын Бағдарламалық құралды тазалау Жүйеде жиналып, оның жұмысын төмендететін қалаусыз жəне уақытша файлдарды жою үшін Disk Cleanup бағдарламасын немесе қауіпсіз үшінші тараптың тазалау құралдарын пайдаланыңыз.
бағдарламасын пайдаланыңыз. Деректерді сыртқы қатты дискіге ауыстыруға болады. Компьютерді тазалау Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензил аммоний хлоридінің 0,3 пайыздық тұнбасы (мысалы, əртүрлі компаниялар шығарған бір рет қолданылатын сүрткіштер түрінде).
1. Процессордағы желдеткіштерді шаңсорғышпен тазалаңыз. 2. Компьютер коннекторларында (мысалы, Ethernet жəне USB коннекторлары) жəне жанында жиналған қоқыстардан тазалаңыз. Пернетақта мен тінтуірді тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
8 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК құралын диагностикалау) қызметін пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық тексеру мүмкіндігін береді. Диагностикалау процесі амалдық жүйеден тыс жұмыс істейді, осылайша ол амалдық жүйе немесе басқа бағдарламалық құрамдастар себеп болған ақаулықтарды тиімді түрде жояды.
HP жүйесіне өніміңізді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беру үшін, Find Now (Қазір табу) түймесін басыңыз. 4. Компьютер үлгісін жəне амалдық жүйе түрін таңдаңыз. 5. Diagnostic бөлімінен HP UEFI Support Environment(HP UEFI қолдау ортасы) тармағын басыңыз. – немесе – Скачать (жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
9 Техникалық сипаттамасы Техникалық сипаттамалары ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің дəл электрлік көрсеткіштерін анықтау үшін, компьютердің сыртына жапсырылған төлқұжатқа жүгініңіз.
10 Қолдау көрсету ақпараты Көмек алу жолы HP қолдау қызметі компьютерді тиімді пайдалануға көмектесе алады. Қажетті нəрселерді компьютерде орнатылған құралдар, веб-сайттағы ақпарат, телефон немесе жергілікті сатушы арқылы табуыңызға болады.
Тұтынушыға жөндеуге қатысты қолдау көрсету Егер компьютерді жөндеу керек болса немесе бөлшектерін ауыстыру керек болса, екі таңдауыңыз бар: ● Сіз компьютеріңіздің тұтынушы ауыстыра алады деп есептелетін көп бөлшектерін оңай ауыстыра аласыз. Бұл жөндеудің ең тез əдісі, өйткені көбінесе біз бөлшекті аз күн ішінде тікелей үйіңізге немесе фирмаңызға жібере аламыз. (Бұл опция барлық елдерде немесе аймақтарда қол жетімді болмайды.
Индекс А ақаулығын жөндеу дисплей (монитор) 10 қуат 10 ақаулықтарды жөндеу бағдарлама 14 компьютер қосылмайды 9 ақаулықтарын жөндеу интернетке қосылу 13 пернетақта мен тінтуір (кабельді) 11 пернетақта мен тінтуір (сымсыз) 12 үндеткіштер мен дыбыс 13 Анықтама жəне Қолдау 1, 26 Ә əрекеттік пернелер 5 Ж жөндеу, орындау уақыты жəне тапсырмалар 20 жүйені қалпына келтіру əдістері 16 мүмкіндіктері 16 И интернет, жалғау 4 К компьютер ақаулықтарды жөндеу 9 қауіпсіздік функциялары 8 компьютерді күту 21 компьютерді та