HP ноутбугі Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ешқандай мəліметтер қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс. HP компаниясы осы құжаттағы техникалық немесе редакторлық қателерге, не болмаса қалып кеткен мəліметтер үшін жауапты емес.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі .....
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу ............................................................................... 21 Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану ..................................... 21 Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................................. 21 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................................................................... 22 Шарлау ............
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ...... 37 Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу ................................................................................................ 37 Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу ................................................................................................ 37 Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу ..........................................................
Құпиясөздерді пайдалану ................................................................................................................ 53 Амалдық жүйеде құпия сөздерді орнату ........................................................................ 54 Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату ....................................................... 54 BIOS əкімші құпия сөзін басқару .................................................................... 55 BIOS əкімші құпия сөзін енгізу ..................
Қосымша а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету ............................................................................ 72 Ақаулықтарды жою ........................................................................................................................... 72 Компьютер қосылмайды .................................................................................................. 72 Компьютер экраны бос .................................................................................................
x
1 Қош келдіңіз Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асырыңыз: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі байланысын орнату 14-бетте бөлімінен қараңыз. ● Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз. Қосымша ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 19-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату ● Компьютер бөліктерін анықтау Linux анықтамасы ● Компьютердегі бағдарламалық құралдар Linux анықтамасы бөліміне кіру үшін, Компьютер (Компьютер) > Справка (Анықтама) пəрмендерін таңдаңыз.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Кепілдікті ашу үшін Жұмыс үстеліндегі Документы HP (НР құжаттары) белгішесін екі рет нұқыңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз. *Құрылғыға қолданылатын арнайы ұсынылған НР Шектеулі кепілдігін компьютердегі жəне/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік 4 Сипаттама (1) Меңзегіш таяқша Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Меңзегіш таяқшаның сол жақ түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. (2) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (3) Микрофон дыбысын өшіру шамы Қосулы: Микрофон дыбысы өшірулі. (4) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы. (5) Сымсыз байланыс шамы ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы сияқты ішіне орнатылған сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, тоқтата тұру күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер тоқтата тұру күйінде болғанда, тоқтата тұру күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Дыбысты өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. (5) Саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) Құпиясөз арқылы кірудің орнына, жүйеге саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді. Пернелер Бөлік Сипаттама (1) fn пернесі Функциялық пернемен, num lk пернесімен, esc пернесімен немесе b пернесімен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Алдыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Сымсыз байланыс шамы Сымсыз байланыс қосылысы қосулы. (2) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. ● Сары: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 90%-ға дейін зарядталған. ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90 - 99%-ға дейін зарядталған.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Желдеткіштер, 2 Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. ЕСКЕРІМ: WLAN орнату жəне Интернетке қосылу үшін, кең жолақты модем (не DSL, не кабельдік) (бөлек сатып алынады), Интернет қызметі провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі жəне сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатып алынады) қажет.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қызмет көрсету үшін ашатын есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бөлік Сипаттама (2) Қызмет көрсету үшін ашатын есікті босату құлпы Қызмет көрсету үшін ашатын есікті ашады. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті кездейсоқ алмау үшін қауіпсіздік бұрандасы беріледі. (3) Желдеткіш саңылаулары (2) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс істеу барысында ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты құбылыс.
3 Желі байланысын орнату Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Бар WLAN желісіне қосылу 15-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 16-бетте атты бөлімнен қараңыз. ● Сымды — Интернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады. Сымды желіге қосылу туралы ақпарат алу үшін Сымды желіге қосылу 18-бетте бөлімін қараңыз.
Сымсыз құрылғыларды қосу жəне өшіру Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Сымсыз желі контроллерін өшіру немесе қосу үшін, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз. Оларды Центр управления (Басқару орталығы) немесе Computer Setup арқылы басқаруға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс пернесінің орналасқан орны туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Сымсыз не сымды желі құрылғысын қосу немесе ажырату үшін 1.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN желілерінің тізімі көрсетілмесе жəне желіңіз жасырын болмаса, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртындасыз. Егер сіз қосылғыңыз келетін желіні көрмесеңіз, тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басып, Изменить соединения (Қосылыстарды өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN жүйесін қорғау үшін мынадай сақтық шараларын орындауға болады: ● Желіаралық қалқанды пайдалану— деректерді жəне желіге жіберілетін деректер сұрауларын тексереді жəне күдікті элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады.
Сымды желіге қосылу Жергілікті желіге (LAN) қосылу Жергілікті желіге (LAN) қосылу 8-істікшелі, RJ-45 желілік кабелін (бөлек сатылады) талап етеді. Егер желі кабелінде ТД жəне радио толқындарының бөгеуілдерін болдырмайтын құрал (1) бар болса, кабельдің (2) бұл құрал орналасқан ұшын компьютерге қарай орналастырыңыз. Желілік кабельді жалғау үшін 1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз. 2.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Пернетақтаны пайдалану Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау Пернелер тіркесімі — fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің біреуінің тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды.
Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. fn+f11 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның жарықтандырғышы зауытта іске қосылады. Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз. Пернетақталарды пайдалану Бұл компьютерде кірістірілген сандық пернетақта бар. Бұған қоса, компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы сандық пернетақтаны қолдайды.
(2) Бөлік Сипаттама Енгізілген сандық пернетақта Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық пернетақта сияқты пайдалануға болады. Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды. (3) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық пернетақтаны қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады. Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау Сенсорлы тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері ретінде пайдаланыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле Қимылдардың əрқайсысы туралы ақпарат көру үшін 1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз. 2.
Түрту Экранда таңдау үшін, меңзерді экрандағы элемент үстіне жылжытыңыз да, түртіңіз. ● Таңдау үшін, сенсорлы тақта аймағын бір саусағыңызбен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. ЕСКЕРІМ: Таңдалған элемент туралы ақпараты бар анықтамалық экранды ашу үшін экранды басып ұстап тұрыңыз. Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет.
Шымшу/Масштабтау Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын аша отырып жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
5 Мультимедиа Бұл компьютердің ішінде келесі құрылғылар бар: ● Кірістірілген үндеткіштер ● Кірістірілген микрофондар ● Кірістірілген веб-камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді: ● Музыка ойнату. ● Дыбыс жазу. ● Интернеттен музыканы жүктеу. ● Мультимедиалық көрмелерді жасау.
Аудио функцияларын тексеру Компьютердегі жүйе дыбысын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Звук (Дыбыс) тармағын таңдаңыз. 3. Звуковые эффекты (Дыбыс əсерлері) қойыншасын ашыңыз, одан кейін дыбыс түрлерінің əрқайсысын тексеру үшін Выбрать звук уведомления (Ескерту дыбысын таңдау) терезесінен дыбыс түрлерінің біреуін таңдаңыз.
VGA Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге қосады. ▲ VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз. Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін fn+f4 пернелерін басыңыз. ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелерін басу арқылы параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік беріледі.
DisplayPort Жоғары сапалы монитор немесе проектор секілді сыйысымды қосымша сандық дисплей құрылғыларын қосады. Сыртқы VGA монитор портымен салыстырғанда DisplayPort өнімділігі жоғары болып, сандық қосылысты жақсартады. 1. Сандық дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін DisplayPort портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Құрылғы кабелін алу үшін, оны компьютерден ажыратуға қосқыш ілгекті басыңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын видео дисплей ұясына жалғаңыз. 3.
6 Қуатты басқару Компьютердің жұмысын аяқтау ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Күту режимін қосу жəне одан шығу Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша күту режимі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады. Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталығындағы) Управление питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады. Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып күту режимін қосуға болады: ● Қуат түймешігін жылдам басыңыз. ● Дисплейді жабыңыз.
Қуат белгішесін қолдану Питание (Қуат) белгішесі хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан. Питание (Қуат) белгішесі қуат параметрлерін жылдам ашуға, батарея зарядының қалған деңгейін көруге жəне басқа қуат жоспарын таңдауға мүмкіндік береді. ● Батарея туралы ақпаратты көрсету үшін Питание (Қуат) белгішесін басыңыз. ● Қуатты басқарудың таңдаулы параметрлерін ашу үшін, Питание (Қуат) белгішесін нұқып, Предпочтения (Таңдаулы параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін батареяны, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш батареяны немесе HP компаниясынан сатып алынған батареяны ғана пайдаланыңыз. Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
ЕСКЕРТУ: Жалғыз қуат көзі болатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуына апаруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін, батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріп тастаңыз. 34 1. Қызмет көрсету есігін алыңыз. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта қою 41-бетте бөлімін қараңыз. 2. Батареяны босатуға арналған екі ысырманы құлып алу позициясына (1) жылжытыңыз. Ысырмалардың астынан қызыл түсті көресіз.
Батареяны зарядтау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. Батарея компьютер сыртқы ток көзіне айнымалы ток адаптері немесе қосымша қуат адаптері арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады. Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін 1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Система (Жүйе) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Управление питанием (Қуатты басқару) тармағын таңдаңыз. 3. От батареи (Батарея қуатымен) қойыншасында: 4.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ▲ Компьютерді төмендегі құрылғылардың біреуі арқылы сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз: ● Айнымалы ток адаптері ● Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу 1. Компьютерді өшіріңіз немесе күту күйін қосыңыз. 2. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз. 3.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге қойыңыз. ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде азаяды. Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2.
7 Дискілер Дискілер ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына сақтық шараларын орындаңыз: 40 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, күту режимін қосып, экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютердің өшірулі немесе күту күйінде екені белгісіз болса, қуат түймешігін басып компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына орналастырыңыз. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу үшін 1. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы жиегімен туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз. 2. Қызмет көрсету үшін ашатын қақпақ орнында отырғанша оны алға қарай (2) сырғытыңыз. 3.
Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығарып алу үшін 1. Жұмысыңызды сақтаңыз. 2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз. 3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 5. Компьютерді төңкеріп, оның алдыңғы жағы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 6.
Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін 44 1. Қатты дискті қатты диск орнына салғанда (1), мата тілдің диск үстінде болғанына көз жеткізіңіз. 2. Қатты дискіні бекіту үшін оның 4 бұрандасын (2) орнына салыңыз. 3. Батареяның өзін (Батареяны салу жəне шығарып алу 33-бетте бөлімін қараңыз) жəне қызмет көрсету үшін ашатын есікті (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта қою 41-бетте бөлімін қараңыз) орнына салыңыз. 4.
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар Жад картасын оқу құралын пайдалану Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады. Компьютеріңіз қолдау көрсететін сандық жад карталарының пішімдерінің қайсысын анықтау үшін, Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Жад картасын шығарып алу үшін 1. Файл шолғышын ашу үшін, Компьютер > Nautilus пəрмендерін таңдаңыз. 2. Файлдар шолғышының сол жақ аумағында көрсетілетін Месторасположения (Орналасу орындары) мүмкіндіктер тізіміндегі сандық карта атының қасында бар Извлечь (Шығару) белгішесін нұқыңыз. ЕСКЕРІМ: Құрылғыны шығарып алу қауіпсіз екендігі ескертіледі. 3. Картаны (1) басып, оны ұясынан шығарып алыңыз (2). ЕСКЕРІМ: Карта шықпаса, оны ұясынан тартып шығарыңыз.
Смарт картаны енгізу 1. Жапсырмасы бар карта жағын жоғары қаратып, карта нық отырғанша оны смарт карта оқу құралына жайлап салыңыз. 2. Компьютерге смарт картаның PIN коды арқылы кіру жөніндегі экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Смарт картаны шығарып алу ▲ Смарт картаның шеттерінен ұстап, оны смарт карта оқу құралынан сыртқа шығарыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдамау үшін, USB құрылғысын күштеп жалғамаңыз. ЕСКЕРІМ: мүмкін. ▲ Компьютердің көрінісі USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына қосыңыз. ЕСКЕРІМ: USB жад құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2. Егер токқа қосылған құрылғыны қоссаңыз, құрылғының қуат сымын жерге қосылған айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны компьютерден ажыратыңыз.
9 Жад модульдері Компьютерде екі жад модулінің ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 52 7. Батареяның өзін (Батареяны салу жəне шығарып алу 33-бетте бөлімін қараңыз) жəне қызмет көрсету үшін ашатын есікті (Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта қою 41-бетте бөлімін қараңыз) орнына салыңыз. 8.
10 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны ұрланудан қорғамайды. Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер қолданылатын əдіске байланысты болады. Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз: ● Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз. ● Құпия сөздерді жазып алып, оларды компьютерден алыс қауіпсіз жерге сақтаңыз. ● Құпиясөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз. Əдетте қолданылатын құпия сөздер тізімі келесі кестелерде беріледі жəне олардың функциялары сипатталады.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз. 2.
DriveLock қорғау мүмкіндігін ішкі қатты дискіге қолдану үшін, Computer Setup бағдарламасында пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді орнату керек. DriveLock қорғау мүмкіндігін пайдалану кезінде келесі ақпаратты ескеріңіз: ● DriveLock қорғау мүмкіндігі ішкі қатты дискіге қолданылғаннан кейін, қатты дискіге кіру үшін пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді енгізу қажет. ● Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің күн сайынғы пайдаланушысы болғаны жөн.
Computer Setup құралының автоматты DriveLock құпия сөзін пайдалану Компьютерді бірнеше пайдаланушы қолданған кезде, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға болады. Автоматты DriveLock құпия сөзі орнатылғаннан кейін, кездейсоқ пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock басты құпия сөзі жасалады. Пайдаланушы құпия сөздің дұрыс деректерін енгізген кезде, бұл кездейсоқ пайдаланушы мен DriveLock басты құпия сөзі дискінің бұғаттауын алу үшін пайдаланылатын болады.
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет. Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Сақтық көшірмелер жасау 1.
ЕСКЕРІМ: Ақпараттың сақтық көшірмесін жасамас бұрын сақтық көшірме файлдары сақталатын орынды тағайындағаныңызға көз жеткізіңіз. 4. Сақтық көшірме жасауды бастау жəне сақтық көшірме жасау параметрлерін сақтау үшін, Сохранить и создать резервную копию (Сақтап, сақтық көшірме жасау) параметрін таңдаңыз. Сақтық көшірме файлдарын қалпына келтіру үшін 1.
ЕСКЕРІМ: ұсынады. Жүйе ақаулығы жағдайында, HP компаниясы HP зауыттық кескінін жасауды 1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Сол жақ аймақта Инструменты (Құралдар) түймешігін жəне оң жақ аймақта Создание заводского рисунка НР (HP зауыттық кескінін жасау) түймешігін басыңыз. 3. Нұсқау берілгенде түбірлік құпия сөзді енгізіңіз. 4. HP_Recovery.iso файлын оң жақ түймешікпен басыңыз жəне Открыть с помощью Brasero (Brasero арқылы алу) пəрменін таңдаңыз. 5.
SLED қайта орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз. 62 1. f11 пернесін басқаннан кейін, жүктеу мəзірінен Восстановление системы (Жүйені қалпына келтіру) пəрменін таңдаңыз. 2. «Данная утилита удалит содержимое вашего жесткого диска и восстановит ваш ПК до заводского состояния. Вы хотите продолжить?» (Бұл утилита қатты дисктегі мазмұнды жойып, компьютерді зауыттық күйге дейін қалпына келтіреді. Жалғастыру керек пе?) нұсқауы беріледі. Да (Иə) түймешігін басыңыз. 3.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Выйти (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Игнорировать изменения и выйти (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар. BIOS нұсқасын анықтау Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Тізімдегі үлгілерден арнайы өнімді таңдаңыз. 5. Қажет амалдық жүйені таңдаңыз. 6. BIOS бөліміне өтіңіз де, BIOS бағдарламалық құрал бумасын жүктеп алыңыз. 7. Жүктелетін BIOS бағдарламалық құрал бумасымен қамтамасыз етілген орнату нұсқауларын орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген файлды қатты дискіден жоюға болады.
13 MultiBoot Жүктеу құрылғыларының реті туралы Компьютер басталғанда, амалдық жүйе жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа немесе файлдар бар.
Computer Setup утилитасында жүктеу құрылғыларын қосу Егер USB құрылғысы немесе NIC картасы Computer Setup утилитасында қосылған болса, компьютер бұл құрылғыдан жүктелетін болады. Computer Setup утилитасын бастап, USB немесе NIC құрылғысын жүктеу құрылғысы ретінде қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1.
Жүктеу ретін өзгерту Жүктеу ретін өзгертпес бұрын мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз: ● Жүктеу реті өзгертілгеннен кейін компьютер қайта басталған кезде, жаңа жүктеу реті пайдаланылады. ● Жүктеу құрылғыларының бірнеше түрі қолданылса, компьютер жүктеу құрылғыларының əр түрінің бірінші құрылғысынан (оптикалық құрылғылардан басқа) жүктеледі. Мысалы, егер компьютер қатты дискісі бар қосымша қондыру құрылғысына жалғанған болса, бұл қатты диск жүктеу реті тізімінде USB қатты дискісі атымен көрсетілетін болады.
3. Обычный порядок загрузки (Жалпы жүктеу реті) тізімін таңдау үшін, меңзегіш құрылғыны немесе көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 4. Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз. – немесе – Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе төмен көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз. 5.
Express қалқыма хабарын кідірту (сек)) өрісіне енгізіңіз. («0» мəні таңдалған жағдайда, Express Boot басталуының орналасу мəзірі көрсетілмейді.) 5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Сохранить (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Сохранить изменения и выйти (Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету Ақаулықтарды жою Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды. Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер электр розеткасына қосылған болса, электр қуаты көзінің жұмысын тексеру үшін бұл розеткаға басқа электр құрылғысын жалғаңыз.
Компьютер қосылған, бірақ жауап бермей отыр Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пəрмендеріне жауап бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған төмендегі əрекеттерді орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Төтенше өшіру іс-əрекеті салдарынан сақталмаған ақпарат жоғалады. ● Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз. ● Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемей отыр Егер сымсыз желі қосылысы дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз. ● Сымсыз немесе сымды желілік құрылғыны қосу немесе ажырату үшін, тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу үшін мəзір мүмкіндіктерінен құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып тастаңыз. ● Сымсыз құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сервистік жапсырма — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сервистік жапсырма (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет.
ə Компьютерді тазалау Тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қақпағынан кір жəне қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша жылжытыңыз. Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
б Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
в Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының босатылуы; мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А амалдық жүйе 30 амалдық жүйе, орнатылған құпия сөздер 54 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 9 аудио мүмкіндіктері 26 аудио функциялары, тексеру 27 аудио функцияларын тексеру 27 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 9 Ə əрекет пернелері, анықтау 19 əрекеттер пернелері дыбыс деңгейі 26 əуежай қауіпсіздік құрылғылары 40 Б батарея батареяның төмен деңгейлері 36 зарядтау 35 қуат 32 қуатты үнемдеу 37 қызмет ету мерзімі 36 сақтау 37 салу 33 тастау 38 температура 37 шығарып алу 33 батареяларды зарядтау 35
компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 61 концентраторлар 47 корпоративтік WLAN қосылысы 15 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 19 Күту қосу 31 шығу 31 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 11 Қ қалпына келтіру 59 қатты диск орнату 44 сыртқы 49 шығарып алу 43 қатты диск, анықтау 12 қатты диск шамы 8 қауіпсіздік, сымсыз 16 қауіпсіздік кабелінің ұясы, анықтау 10 қоғамдық WLAN қосылысы 15 қондыру порты 9 қосқыш, қуат 9 Қосымша драйверлі USB қолдауы 63 қосымша сыртқы құрылғылар, пайдалану 48 қуат, үнемд
қауіпсіздік 16 қоғамдық WLAN қосылысы 15 қосылу 15 сипатталған 14 сымсыз куəландыру белгісі 75 сымсыз құрылғылар, түрлері 14 сыртқы диск 49 сыртқы құрылғылар 48 сыртқы монитор порты 10, 28 Ш шамдар caps lock 5 num lock 5 батарея 8 веб-камера 11 қатты диск 8 қуат 5, 8 микрофон үнсіздендірілген 5 сымсыз байланыс 5 Т температура 37 тұтынылатын қуат 78 түймешіктер дыбыс деңгейі 26 қуат 6 меңзегіш таяқшаның оң жағы 4 меңзегіш таяқшаның сол жағы 4 сенсорлы тақтаның оң жағы 4 сенсорлы тақтаның сол жағы 4 тінтуір
сипаттама 47 шығарып алу 48 USB порттары, анықтау 9, 10, 47 V VGA порты, жалғау 28 W WLAN антенналары, анықтау 11 WLAN жапсырмасы 75 WLAN желісіне қосылу 15 WLAN жүйесін орнату 16 WLAN құрылғысы 75 WWAN антенналары, анықтау 11 Индекс 83