User Guide - Linux

1 Қош келдіңіз
Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асырыңыз:
Интернетке қосылуИнтернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты
Желі байланысын орнату 14-бетте бөлімінен қараңыз.
Компьютермен танысукомпьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар 19-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Орнатылған бағдарламалық құралды табукомпьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз. Компьютер > Приложения (Қосымша
қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпарат алу
үшін, Компьютер > Справка (Анықтама) пəрмендерін таңдаңыз. Компьютермен
жеткізілетін бағдарламалық құралдарды пайдалану туралы егжей-тегжейлі ақпарат алу
үшін бағдарламалық құралмен қоса немесе өндірушінің веб-торабында қамтамасыз етілуі
мүмкін бағдарламалық құралды өндірушінің нұсқауларын қараңыз.
Қалпына келтіру дискілерін жасау арқылы қатты дисктің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру 59-бетте бөлімін қараңыз
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңартуБағдарламалар мен драйверлерді ең
соңғы нұсқаларға дейін жүйелі түрде жаңарту үшін қолданылады. Компьютеріңіз
тіркелгеннен кейін ол ең соңғы нұсқаларға дейін жүйелі автоматты түрде жаңартылады.
Компьютерді тіркеу барысында жаңартулар бар екені туралы автоматты ескертулерді алу
мүмкіндігін таңдауға болады. Амалдық жүйеге арналған жаңартулар туралы автоматты
ескертулер 90 күн
ішінде жарамды болады. АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/
contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу
үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
1