User Guide - Linux
3 Желі байланысын орнату
Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін:
●
Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз.
Бар
WLAN желісіне қосылу 15-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 16-бетте атты
бөлімнен қараңыз.
●
Сымды — Интернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады. Сымды желіге қосылу
туралы ақпарат алу үшін
Сымды желіге қосылу 18-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер
үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет
қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін
желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен
құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Сымсыз байланыс жəне желі күйінің белгішелерін
анықтау
Белгіше Атауы Сипаттама
Сымсыз байланыс
(қосылған)
Бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылардың қосулы екенін
көрсетеді.
Желілік қосылыс
(қосылған)
Сымды желінің қосылғандығын жəне белсенді болғандығын
көрсетеді. Егер сымды да, сымсыз да қосылыстар белсенді
болса, жылдамырақ болғандықтан амалдық жүйенің сымды
қосылысы қолданылады.
Желілік қосылыс
(ажыратылған)
Сымды жəне сымсыз желілердің қосылмағандығын көрсетеді.
Сымсыз қосылысты жасау
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
●
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз аймақтық желі (WWAN) құрылғысы
14 Бап 3 Желі байланысын орнату