User Guide - Linux
Сымсыз құрылғыларды қосу жəне өшіру
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Сымсыз желі контроллерін өшіру немесе қосу үшін, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз.
Оларды Центр управления (Басқару орталығы) немесе Computer Setup арқылы басқаруға
болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс пернесінің орналасқан орны туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Сымсыз не сымды желі құрылғысын қосу немесе ажырату үшін
1. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен
нұқыңыз.
2. Мына құрылғылардың біреуі немесе бірнешесін қосу не ажырату үшін, төмендегі
құсбелгілердің біреуін қойыңыз немесе алып тастаңыз:
● Включить сеть (Желіні қосу, барлық желілік құрылғылар үшін)
●
Сымсыз байланысты қосу
WLAN құрылғысын қолдану
Сымсыз байланыс арқылы компьютер Wi-Fi немесе WLAN желілеріне қосылады. WLAN сымсыз
жол жоспарлағышы немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланысқан басқа компьютерлер мен
керек-жарақтардан тұрады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз қосылысты жасау немесе пайдаланушылардың желіге кіруіне рұқсат ету
кезінде түбірлік құпиясөзді енгізу сұралады.
Бар WLAN желісіне қосылу
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс түймешігінің жəне сымсыз байланыс
шамының орналасқан орындары туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте
бөлімінен қараңыз.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое
соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басыңыз.
Бар сымсыз желілер Беспроводные сети (Сымсыз желілер) тізімінде көрсетіледі.
3. Қажет сымсыз желіні таңдаңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады, бұл қауіпсіздік коды болып табылады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Автоматты анықталмаған желіге қосылу үшін, Сетевое соединение (Желілік
қосылыс) белгішесін басыңыз да, Соединение со скрытой беспроводной сетью
(Жасырын сымсыз желіге қосылыс) пəрменін таңдаңыз. Кірістірілген қауіпсіздік жүйесі
кодын енгізіп, шифрлау параметрлерін орнатыңыз.
WLAN құрылғысын қолдану 15