User Guide - Linux
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN желілерінің тізімі көрсетілмесе жəне желіңіз жасырын болмаса,
сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртындасыз.
Егер сіз қосылғыңыз келетін желіні көрмесеңіз, тапсырмалар тақтасының оң жағындағы
хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін
басып, Изменить соединения (Қосылыстарды өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажетті жабдықтар:
●
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып
алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі
●
Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2)
●
Сымсыз компьютер (3)
Төменде берілген суретте Интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген.
ЕСКЕРІМ: Кейбір кабельді модемдердің ішіне жол жоспарлағышы кірістіріледі. Жол
жоспарлағышын бөлек сатып алу қажеті туралы Интернет қызметі провайдерінен сұраңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз қосылысты орнату кезінде компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышының
қадамдастырылғанын тексеріңіз. Компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышын қадамдастыру
үшін, компьютерді жəне сымсыз жол жоспарлағышын өшіріп, қайта қосыңыз.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды
компьютерлерді қосуға болады.
WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе
Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
WLAN жүйесін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе
кофеханалар жəне əуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз
етпейді. Байланыс орнында компьютердің қауіпсіздігі туралы сенімді болмасаңыз, өрескел
емес электрондық пошта жіберу жəне негізгі Интернетте іздеу сияқты желі əрекеттерімен
шектеңіз.
16 Бап 3 Желі
байланысын орнату