User Guide - Linux
Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары
қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN жүйесін қорғау үшін мынадай сақтық
шараларын орындауға болады:
●
Желіаралық қалқанды пайдалану— деректерді жəне желіге жіберілетін деректер
сұрауларын тексереді жəне күдікті элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар
бағдарламалық құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де
біріктіріп пайдаланады.
● Сымсыз
байланыс шифрлауы — компьютеріңіз үш шифрлау протоколын қолдайды:
◦
WPA (Wi-Fi Protected Access);
◦
Wi-Fi Protected Access II (WPA2);
◦
WEP (Wired Equivalent Privacy).
ЕСКЕРІМ: HP компаниясы WPA2 таңдауды ұсынады, себебі бұл — үш шифрлау
протоколының ең дамығаны. WEP шифрлауын пайдалану ұсынылмайды, себебі оны оңай
шешуге болады.
●
WPA жəне WPA2 протоколдары желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне
шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. WPA протоколы да, WPA2
протоколы да динамикалық түрде əр бума үшін жаңа кілт жасайды, сондай-ақ желідегі əр
компьютер үшін əртүрлі кілт жинақтарын жасайды. Бұны орындау үшін
◦
WPA протоколы AES (Advanced Encryption Standard) стандартын жəне TKIP (Temporal
Key Integrity Protocol) протоколын пайдаланады.
◦
WPA2 протоколы жаңа AES протоколы болатын CCMP (Cipher Block Chaining Message
Authentication Code Protocol)
протоколын пайдаланады.
●
WEP протоколы тасымалдамас бұрын деректерді WEP кілтімен шифрлайды. Дұрыс кілтсіз
басқа адамдар WLAN желісін қолдана алмайды.
Басқа желіге роуминг
Егер компьютерді басқа WLAN желісінің ауқымына жылжытсаңыз, амалдық жүйе сол желіге
қосылуға əрекет жасайды. Əрекет сəтті болса, компьютер автоматты түрде жаңа желіге
қосылады. Егер амалдық жүйе жаңа желіні танымаса, WLAN желісіне қосылу үшін бастапқы
жасаған рəсімді орындаңыз.
WLAN құрылғысын қолдану 17