User Guide - Linux

4 Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар
Пернетақтаны пайдалану
Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау
Пернелер тіркесіміfn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің
біреуінің тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт
басыңыз.
Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне басқа жүйе
бөліктері сөндіріледі де, қуат үнемделеді.
Ұйқы күйінен шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Ұйқы режимінде тұрған компьютердің батарея заряды өте төмен деңгейге жетсе,
компьютер күту режиміне өтеді
, ал жүйелік жадтағы ақпарат қатты дискіге сақталады.
fn+f3 жылдам пернесінің функциясын өзгертуге болады. Мысалы, fn+f3 жылдам пернесімен
ұйқы күйін емес, күту күйін қосатын етіп реттеуге болады.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 пернелер тіркесімі компьютерден бейне ақпарат алатын
басқа
құрылғылардағы бейнелерді де ауыстыруы мүмкін.
fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 Микрофон қосулы/өшірулі.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
Пернетақтаны пайдалану 19