User Guide - Linux

Бөлік Сипаттама
(2) Енгізілген сандық пернетақта Пернетақта іске қосылған кезде оны сыртқы сандық
пернетақта сияқты пайдалануға болады.
Пернетақтаның əр пернесі оның жоғары оң жақ
бұрышындағы белгіше көрсететін функцияны орындайды.
(3) num lk пернесі fn пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық
пернетақтаны қосады жəне сөндіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық
пернетақтаны сөндіру үшін fn+num lk пернелерін қайта басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Енгізілген сандық пернетақта сыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта
компьютерге жалғанған кезде өшірулі.
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын ауыстырып қосу
Енгізілген сандық пернетақта пернелерінің функцияларын олардың стандарты пернетақта
функциялары мен сандық пернетақта функцияларының арасында ауыстырып қосуға болады.
Сандық пернетақта өшірулі кезде оның пернесінің сандық функциясын пайдалану үшін,
пернетақта пернесін басқан кезде fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Сандық пернетақта қосулы кезде оның пернесінің стандартты функциясын
пайдалану үшін
Кіші əріптермен жазу үшін, fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Бас əріптермен жазу үшін, fn+shift пернелерін басып ұстап тұрыңыз.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып
тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса,
компьютердегі num lock
шамы сөніп тұрады.
Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін:
Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақтаны қолдану 21