User Guide - Linux
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
Шарлау
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның тік жылжу аймағы арқылы жоғары жəне төмен
жылжу үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта үстінен жоғары жəне төмен жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер сенсорлы тақтаны меңзерді басқа жерге жылжыту үшін пайдаланатын
болсаңыз, жылжу аймағына орналастырмастан бұрын, саусағыңызды сенсорлы тақтадан
көтеруіңіз керек. Саусақты сенсорлы тақтадан жылжу аймағына жайлап сырғыту жылжыту
функциясын белсендірмейді.
22 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар