User Guide - Linux

Шымшу/Масштабтау
Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге
мүмкіндік береді.
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын аша
отырып жылжытыңыз.
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы мен меңзер параметрлерін жəне басқа құрылғылар
параметрлерін өзгерту үшін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Мышь
(Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
Меңзегіш таяқшаны пайдалану
Меңзегіш таяқшаны көрсеткіні экранда жылжытқыңыз келген бағытта басыңыз. Тінтуірдегі оң
жəне сол жақ түймешіктер сияқты, меңзегіш таяқшаның оң жəне сол жақ түймешіктерін
пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану 25