User Guide - Linux

5 Мультимедиа
Бұл компьютердің ішінде келесі құрылғылар бар:
Кірістірілген үндеткіштер
Кірістірілген микрофондар
Кірістірілген веб-камера
Алдын ала орнатылған мультимедиалық бағдарламалық құралдар
Мультимедия түймешіктері немесе пернелері
Дыбыс мүмкіндіктерін пайдалану
Компьютер аудио мүмкіндіктерінің көбін пайдалануға мүмкіндік береді:
Музыка ойнату.
Дыбыс жазу.
Интернеттен музыканы жүктеу.
Мультимедиалық көрмелерді жасау.
Шұғыл хабарлама жіберу бағдарламасы арқылы дыбыс жəне кескіндерді беру.
Радио бағдарламаларын тарату.
Орнатылған оптикалық дискіні пайдаланып (тек таңдаулы үлгілерде) немесе сыртқы
оптикалық дискіні пайдаланып, аудио ықшам дискілерін жасау (жазу).
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін келесілер арқылы реттеуге болады:
Дыбыс деңгейі түймешіктері
Дыбыс деңгейі жылдам пернелері
Дыбыс деңгейін реттеу пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды
киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік
жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Дыбыс деңгейі амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы басқарылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 19-бетте
бөлімдерінен қараңыз.
26 Бап 5 Мультимедиа