User Guide - Linux
VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол
сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге
қосады.
▲
VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз.
Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін fn+f4
пернелерін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелерін басу арқылы параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік
беріледі. Ноутбук панелі, ноутбук панелімен бірге қолданылатын сыртқы құрылғы немесе
сыртқы мониторлардың біреуі арасында ауысуға болады. Дисплей портына жəне VGA
порттарына сыртқы мониторларды да жалғауға болады. Бірақ олардың біреуі ғана бір
уақытта белсенді болуы мүмкін.
Егер сыртқы монитор fn+f4 пернелері басылғаннан кейін анықталмаған болса, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
Приложение для дисплея Gnome (Gnome бейнелеу бағдарламасы) белгішесін басыңыз.
2. Настроить параметры дисплея (Дисплей параметрлерін реттеу) пəрменін таңдаңыз.
3. Обнаружить мониторы (Мониторларды тану) құсбелгісін қойыңыз.
4. Дисплей орналасуының оң жағында орналасқан Вкл (Қосулы)
радио түймешігін басыңыз.
Егер əдепкі монитор анықталмайтын болса, ажыратымдылықты реттеңіз жəне сыртқы
монитор спецификациясын пайдалану арқылы ауқымды жаңартыңыз. Қажет болса, бұру
параметрін өзгертіңіз. Дисплейден айнадай бейнелеу қажет болса, Зеркальные экраны
(Айнадай экрандар) құсбелгісін қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы мониторды альбомдық режимге өзгерту үшін По умолчанию (Əдепкі)
параметрін таңдаңыз.
5. Применить (Қолдану) түймешігін басыңыз.
6. Закрыть (Жабу) пəрменін таңдаңыз.
28 Бап 5 Мультимедиа