User Guide - Linux

Күту режимін қосу жəне одан шығу
Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша күту режимі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде
болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталығындағы) Управление
питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып күту режимін қосуға
болады:
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Дисплейді жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Оны батарея қуатымен жұмыс істеп тұрған компьютерде орындауға болады.
Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Приостановка (Тоқтата тұру)
пəрмендерін таңдаңыз.
Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан Питание (Қуат) белгішесін нұқып,
Ждущий режим (Күту режимі) пəрменін таңдаңыз.
Күту режимінен шығу үшін
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамы жанып, экранда жұмысыңыздың
тоқтаған жері көрсетіледі.
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу
Жүйе зауытта не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не
болмаса батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде ұйқы күйіне қосылатын етіп
орнатылған.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталығындағы) Управление
питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқы күйін
қосуға
болады:
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Ожидание (Күту)
пəрмендерін таңдаңыз.
Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан Питание (Қуат) белгішесін нұқып,
Спящий режим (Ұйқы режимі) пəрменін таңдаңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Компьютер күту күйінен шыққанда, қуат шамдары қосылады жəне экран жұмыс
істеуді аяқтаған
жерге қайтарылады.
Қуат параметрлерін орнату 31