User Guide - Linux

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін батареяны, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш батареяны
немесе HP компаниясынан сатып алынған батареяны ғана пайдаланыңыз.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға
байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
Қалған батарея зарядын көрсету
Меңзерді тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы Питание (Қуат) белгішесінің үстіне апарыңыз.
Батареяны салу жəне шығарып алу
ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық
нұсқаулығынан қараңыз.
Батареяны салу үшін
1. Батареядағы (1) ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралау арқылы батареяны ұясына
салыңыз, одан кейін оны батарея ұясына нық отырғанша басыңыз.
2. Батареяны орнына бекіту үшін батареяның босату ысырмасын жылжытыңыз (2).
3. Батареядағы кетіктерді (1) компьютердегі ілгектермен туралап, батареяны басып жабыңыз
(2). Батарея орнына автоматты түрде түседі.
Батареяны алу үшін
Батарея қуатын пайдалану 33