User Guide - Linux
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
▲
Компьютерді төмендегі құрылғылардың біреуі арқылы сыртқы айнымалы ток қуатына
қосыңыз:
●
Айнымалы ток адаптері
●
Қосымша жалғау немесе кеңейту құрылғысы
● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптері
Зарядталған батарея бар болғанда төмен батарея деңгейін шешу
1. Компьютерді өшіріңіз немесе күту күйін қосыңыз.
2. Зарядсыз батареяны
зарядталған батареяға ауыстырыңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
●
Күту күйін қосыңыз.
●
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Зарядсыз батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз немесе айнымалы ток
адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып ұйқы күйінен шығыңыз.
Батарея қуатын үнемдеу
●
Сымсыз жəне жергілікті желі (LAN) қосылымдарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде
модем бағдарламаларынан шығыңыз.
●
Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзіне қосылмаған жад құрылғыларын
ажыратыңыз.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Дисплей жарықтығын азайтыңыз.
●
Компьютер пайдаланылмаған кезде күту режимін не ұйқы күйін қосыңыз немесе
компьютерді өшіріңіз
.
Батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Батарея қуатын пайдалану 37