User Guide - Linux

Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына орналастырыңыз.
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнына салу үшін
1. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті оның алдыңғы жиегін компьютердің (1) алдыңғы
жиегімен туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз.
2. Қызмет көрсету үшін ашатын қақпақ орнында отырғанша
оны алға қарай (2) сырғытыңыз.
3. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсету үшін ашатын есікті босату ысырмасын оң
жаққа сырғытыңыз (3) жəне қажет болса, қызмет көрсету үшін ашатын есікті орнында
бекіту үшін қосымша бұранданы (4) орнына салып, бұрап қатайтыңыз. Қызмет көрсету үшін
ашатын есікті (5) орнында бекіту үшін, босату ысырмасын сол жаққа сырғытыңыз
.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсету үшін
ашатын есіктің астында сақталады.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы, күту режимінде немесе ұйқы күйінде болғанда қатты дискіні шығармаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
42 Бап 7 Дискілер