User Guide - Linux
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығарып алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, дисплейді жабыңыз.
3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
5. Компьютерді төңкеріп, оның алдыңғы жағы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
6. Қызмет көрсету үшін ашатын есікті (
Қызмет көрсету үшін ашатын есікті алу немесе қайта
қою 41-бетте бөлімін қараңыз) жəне батареяның өзін (Батареяны салу жəне шығарып
алу 33-бетте бөлімін қараңыз) алып тастаңыз.
7. Қатты диск есігіндегі 4 бұранданы (1) бұрап босатыңыз. Қатты дисктің мата тілін жoғары
қарай тартыңыз (2) жəне дискті шығарып алыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 43