User Guide - Linux

8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар
Жад картасын оқу құралын пайдалану
Қосымша жад карталары деректерді қауіпсіз сақтау мен оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық камераларда, қалта
компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютеріңіз қолдау көрсететін сандық жад карталарының пішімдерінің қайсысын анықтау
үшін,
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Жад картасын енгізу
ЕСКЕРТУ: Жад карта қосқыштарының зақымдануын болдырмау үшін, жад картасын күштеп
енгізбеңіз.
1. Жад картасын ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал оның қосқыштарын компьютерге
қаратыңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына салып, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Жад картасын алу
ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол
бермеу мақсатында, жад картасын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды
орындаңыз.
Ақпаратты сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз.
Жад картасын оқу құралын пайдалану 45