User Guide - Linux
ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін,
құрылғының өшірілгендігін жəне айнымалы ток қуаты сымының ажыратылғандығын тексеріңіз.
1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз.
2. Егер токқа қосылған құрылғыны қоссаңыз, құрылғының қуат сымын жерге қосылған
айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Құрылғыны қосыңыз.
Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны өшіріп, одан кейін оны
компьютерден ажыратыңыз. Қуат көзіне қосылған сыртқы құрылғыны ажырату үшін құрылғыны
өшіріңіз де, оны компьютерден ажыратыңыз, одан кейін айнымалы ток сымын
суырыңыз.
Қосымша сыртқы дискілерді пайдалану
Алынатын сыртқы дискілер мəліметтерді сақтау жəне оларға кіруге арналған мүмкіндіктер
санын ұлғайтады. USB жинақтағыш дискісін компьютердегі USB портына жалғау арқылы қосуға
болады.
ЕСКЕРІМ: HP сыртқы USB оптикалық дискілерін қуатқа қосылған компьютердегі USB портына
(тек таңдаулы үлгілерде) жалғау керек.
USB дискілерінің мына түрлері бар:
●
1,44-Мбайт дискет жетегі
●
Сыртқы қатты диск (адаптер тіркелген қатты диск)
●
Сыртқы оптикалық диск (ықшам диск жəне DVD)
●
MultiBay құрылғысы
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану 49