User Guide - Linux

BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Computer Setup утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз.
Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін
ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске
қосу мəзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз.
2. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің
көмегімен Безопасность (Қауіпсіздік)
> Настроить пароль администратора BIOS (Setup BIOS əкімші құпия сөзі) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін орнату үшін, құпия сөзіңізді Ввести новый пароль (Жаңа
құпия сөзді енгізу) жəне Подтвердить новый пароль (Жаңа құпия сөзді растау)
жолақтарына енгізіп, enter пернесін басыңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту үшін,
ағымдағы құпия сөзді Ввести текущий пароль
(Ағымдағы құпия сөзді енгізіңіз) өрісіне енгізіп, жаңа құпия сөзді Ввести новый
пароль (Жаңа құпия сөзді енгізіңіз) жəне Подтвердить новый пароль (Жаңа құпия
сөзді растаңыз) өрістеріне енгізіп, enter пернесін басыңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін жою үшін, ағымдағы құпия сөзді Ввести пароль (Құпия сөзді
енгізіңіз) өрісінде теріп, enter
пернесін 4 рет басыңыз.
3. Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup утилитасынан шығу үшін, көрсеткі
пернелерді пайдаланып, Основной (Негізгі) > Сохранить изменения и выйти
(Өзгертулерді сақтап шығу) пəрмендерін таңдаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу
Ввести пароль (Құпия сөзді енгізіңіз) сұрауына əкімші құпия сөзін теріп, enter пернесін
басыңыз. Əкімші құпия сөзін енгізудің 3 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып,
əрекетті қайта орындау қажет.
Computer Setup DriveLock құпия сөзін пайдалану
ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолданыстан мүлдем шықпауын
қамтамасыз ету үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзін жəне DriveLock басты құпия сөзін
жазып алыңыз жəне компьютерден алыс əрі қауіпсіз жерде сақтаңыз. DriveLock құпия
сөздерінің екеуін ұмытып қалсаңыз, қатты диск мүлде құлыпталады жəне оны пайдалану
мүмкін емес.
DriveLock қорғау мүмкіндігі қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock
мүмкіндігін компьютердегі ішкі қатты дискі(лер)ге ғана қолдануға болады. DriveLock мүмкіндігі
қатты дискіге қолданылғаннан кейін, дискіге кіру үшін құпия сөзді енгізу қажет. Дискіге DriveLock
құпия сөздері арқылы кіру үшін, дискіні компьютерге немесе жақсартылған порт репликаторына
енгізу қажет.
Құпиясөздерді пайдалану 55