User Guide - Linux

Computer Setup құралының автоматты DriveLock
құпия сөзін пайдалану
Компьютерді бірнеше пайдаланушы қолданған кезде, автоматты DriveLock құпия сөзін орнатуға
болады. Автоматты DriveLock құпия сөзі орнатылғаннан кейін, кездейсоқ пайдаланушы құпия
сөзі мен DriveLock басты құпия сөзі жасалады. Пайдаланушы құпия сөздің дұрыс деректерін
енгізген кезде, бұл кездейсоқ пайдаланушы мен DriveLock басты құпия сөзі дискінің бұғаттауын
алу үшін пайдаланылатын болады.
ЕСКЕРІМ: Автоматты DriveLock мүмкіндіктерін пайдалануға кіріспес бұрын, BIOS əкімші құпия
сөзі сізде болуы тиіс.
Автоматты DriveLock құпия сөзін басқару
Computer Setup утилитасында автоматты DriveLock құпия сөзі мүмкіндігін қосу немесе жою үшін
төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Безопасность
(Қауіпсіздік)
> Автоматический DriveLock пароль (Автоматты DriveLock құпия сөзі) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup құралының автоматты DriveLock құпия сөзін пайдалану 57