User Guide - Linux
Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық қалқандар
– Желіге негізделген желіаралық қалқандар
желідегі компьютер мен Интернетке қосылыстың арасында орнатылады. Желіге
негізделген желіаралық қалқан арнаулы құрал немесе жолжоспарлағыш не желіаралық
қалқан мүмкіндігі бар ауыстырып қосу құрылғысы сияқты құрал бола алады.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез
келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы,
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мəселені уақытша шешу үшін, желіаралық
қалқанды уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды
қайта қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
1. Желіаралық қалқан параметрлерін қарап шығу немесе өзгерту үшін Компьютер > YaST
тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: YaST утилитасына кіру кезінде, түбірлік құпия сөзді енгізу сұралады.
2. Сол жақ аймақта Безопасность и пользователи (Қауіпсіздік жəне пайдаланушылар)
тармағын, одан кейін Межсетевой экран (Желіаралық қалқан) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Желіаралық қалқан параметрлерін өзгерту кезінде, түбірлік құпия сөзді енгізу
сұралады.
58 Бап 10 Қауіпсіздік