User Guide - Linux

ЕСКЕРІМ: Жүйе ақаулығы жағдайында, HP компаниясы HP зауыттық кескінін жасауды
ұсынады.
1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Инструменты (Құралдар) түймешігін жəне оң жақ аймақта Создание
заводского рисунка НР (HP зауыттық кескінін жасау) түймешігін басыңыз.
3. Нұсқау берілгенде түбірлік құпия сөзді енгізіңіз.
4. HP_Recovery.iso файлын оң жақ түймешікпен басыңыз жəне Открыть с помощью
Brasero (Brasero арқылы алу) пəрменін таңдаңыз.
5. Бос DVD дискісін енгізіңіз
жəне Записать (Жазу) пəрменін таңдаңыз. Оның нəтижесінде
DVD диск для восстановления заводского рисунка НР (HP зауыттық кескінін қалпына
келтіру үшін DVD дискісі) жасалады.
Қалпына келтіру дискісімен компьютерді қалпына келтіру үшін төмендегі қадамдарды
орындаңыз:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. HP зауыттық кескінді қалпына келтіру DVD дискісін оптикалық диск жетегіне енгізіп,
компьютерді өшіріп, қайта
іске қосыңыз.
3. Компьютер қайта басталып тұрған кезде, Computer Setup утилитасында жүктеу
мүмкіндіктерінің мəзірін ашу үшін f9 пернесін басыңыз.
4. Жүктеу опцияларынан Оптический дисковод (Оптикалық диск енгізгісі) параметрін
таңдаңыз жəне enter пернесін басыңыз.
5. Восстановление системы с медиа-диска (Жүйені медиа дискісінен қалпына келтіру)
параметрін таңдау үшін enter пернесін басыңыз.
6. Жүйені қалпына келтіру кезінде
екі нұсқау берілсе, Да (Иə) түймешігін басыңыз.
Барлық ақпаратты жойып, SLED құралын қайта
орнатыңыз
Кейде, компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа тастамас бұрын компьютерді
толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруды қалайсыз немесе жеке ақпаратыңызды алғыңыз
келеді. Осы бөлімде компьютерді оның бастапқы күйіне қайтару үшін жылдам əрі оңай əдіс
сипатталады. Бұл опция арқылы жеке ақпарат, бағдарламалар жəне компьютер
параметрлерінің барлығы жойылады жəне Linux амалдық жүйесі қайта орнатылады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл мүмкіндік арқылы мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесі
жасалмайды. Бұл мүмкіндікті пайдаланбас бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке
мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Бұл опцияны бастау үшін f11 пернесін басыңыз.
f11 пернесін пайдалану үшін
Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз.
немесе
Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Барлық ақпаратты жойып, SLED құралын қайта орнатыңыз 61