User Guide - Linux
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS
нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасы туралы ақпаратты (сонымен қатар, ROM date (ROM күні) жəне System BIOS
(Жүйелік BIOS) деп аталатын ақпаратты) келесі жолмен экранға шығаруға болады.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
2. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Информация о системе
(Жүйе ақпараты) тармақтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол
жақ бұрышында орналасқан Выйти (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Игнорировать изменения и
выйти (Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сонымен қатар, BIOS нұсқасын қарап шығу үшін, компьютерді қосыңыз немесе
өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін, одан кейін f1 пернесін басыңыз. Утилитадан шығу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS
жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне
қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы
болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату
барысында
мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерді тоқтата тұру немесе күту күйіне
ауыстырып қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Веб-браузерді ашады. АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы
бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
2. Компьютерде орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына
қол жеткізу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Бағдарламалық құрал мен драйверді жүктеуге арналған параметрді таңдап, «өнім»
жолағына компьютер үлгісінің нөмірін жазып, enter пернесін басыңыз. Компьютерде
BIOS нұсқасын жаңарту 65