User Guide - Linux

орнатылған нұсқаны анықтап, жүктеп алынатын BIOS жаңарту файлдарына қол жеткізу
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Тізімдегі үлгілерден арнайы өнімді таңдаңыз.
5. Қажет амалдық жүйені таңдаңыз.
6. BIOS бөліміне өтіңіз де, BIOS бағдарламалық құрал бумасын жүктеп алыңыз.
7. Жүктелетін BIOS бағдарламалық құрал бумасымен қамтамасыз етілген орнату
нұсқауларын орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген
файлды қатты дискіден жоюға болады.
Advanced System Diagnostics пайдалану
Advanced System Diagnostics (Кеңейтілген жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының
дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік
береді. Advanced System Diagnostics құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді:
Іске қосылу сынағыбұл сынақ компьютерді бастауға талап етілетін оның негізгі
бөліктерін талдайды.
Байқау сынағыбұл сынақ іске қосылу сынағын қайта орындайды жəне іске қосылу
сынағы барысында анықталмаған оқтын-оқтын мəселелер
бар-жоғын тексереді.
Қатты диск сынағыбұл сынақ қатты дискінің физикалық жағдайын, одан кейін қатты
дискінің əр бөліміндегі деректердің барлығын тексереді. Егер тексеру барысында бөлімнің
зақымданғаны анықталса, деректер дұрыс бөлімге жылжытылады.
Жад сынағыбұл сынақ жад модульдерінің физикалық жағдайларын анықтайды. Егер
ақаулық анықталатын болса, жад модульдерін бірден ауыстырыңыз.
Батарея сынағыбұл
сынақ батареяның жағдайын анықтап, қажет болса, оның дəлдігін
реттейді. Батарея сынақтан өтпесе, қолдау қызметіне мəселені хабарлап, басқа батарея
сатып алыңыз.
System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы
компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді. System Tune-
Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) құралдарының тексеру уақыты ұзағырақ, жад модульдері,
қатты дискінің SMART сипаттары, қатты дискінің беті,
батарея (жəне батареяның дəлдігін
реттеу), бейне жады мен WLAN модулі күйінің толық сынақтары орындалады.
Жүйе ақпараты мен қателер журналдарын Advanced System Diagnostics терезесінде қарап
шығуға болады.
Advanced System Diagnostics құралын бастау үшін
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде,
f2 пернесін
басыңыз.
2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
66 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics