User Guide - Linux

13 MultiBoot
Жүктеу құрылғыларының реті туралы
Компьютер басталғанда, амалдық жүйе жүктеу құрылғыларынан жүктеуге кіріседі. Зауытта
қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау ретін басқарады.
Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет жетектері, желілік
интерфейс картасы (NIC), қатты дискілер жəне USB құрылғылары кіреді. Жүктеу
құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін медиа
немесе файлдар бар.
ЕСКЕРІМ: Кейбір жүктеу құрылғылары жүктеу ретіне қосылмас бұрын, оларды Computer
Setup утилитасында іске қосу қажет.
Зауттық параметрлер бойынша компьютер қосылған жүктеу құрылғылары мен қатты диск
ұяларының орналасу орындарын іздеп, жүктеу құрылғыларын мына ретпен таңдайды:
ЕСКЕРІМ: Тізімде бар жүктеу құрылғылары мен қатты диск ұяларының орналасу
орындарының кейбіреулері компьютерде қолданылмауы мүмкін.
Ноутбукті жаңартуға арналған орын
Оптикалық диск жетегі
Ноутбук қатты дискісі
USB дискет жетегі
USB CD-ROM
USB қатты дискісі
Ноутбук Ethernet
Secure Digital (SD) жад картасы
Қондыру стансасын жаңартуға арналған орын
Сыртқы SATA диск жетегі.
Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы компьютердің жүктеу құрылғысын
іздеу ретіне де өзгерістерді енгізуге болады. Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for
Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін
басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
esc пернесін басыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу
құрылғыларды көрсететін мəзір ашылады жəне жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік беріледі.
Немесе MultiBoot Express құралын компьютер қосылған не қайта басталған сайын компьютерде
жүктеу құрылғысының орналасуы сұралатындай етіп орнатуға болады.
Жүктеу құрылғыларының реті туралы 67