User Guide - Linux
Computer Setup утилитасында жүктеу құрылғыларын
қосу
Егер USB құрылғысы немесе NIC картасы Computer Setup утилитасында қосылған болса,
компьютер бұл құрылғыдан жүктелетін болады.
Computer Setup утилитасын бастап, USB немесе NIC құрылғысын жүктеу құрылғысы ретінде
қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру
үшін f10 пернесін басыңыз.
3. USB диск жетектеріндегі немесе қосымша қондыру құрылғысына енгізілген диск
жетектеріндегі (тек таңдаулы үлгілерде) жүктелетін медианы қосу үшін, меңзегіш
құрылғыны немесе көрсеткі пернелерді пайдалану арқылы Конфигурация системы
(Жүйе конфигурациясы) > Конфигурации устройств (Құрылғы конфигурациялары)
тармақтарын таңдаңыз. Поддержка обычного USB устройства (Əдетті USB қолдауы)
пəрменінің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша драйверлі USB қолдауын пайдалану үшін USB Port (USB порты)
мүмкіндігі қосылған болуы тиіс. Мүмкіндік зауытта іске қосылады. Егер порт өшірілген
болса, оны қосу үшін Конфигурация системы (Жүйе конфигурациясы) > Опиции порта
(Порт параметрлері) тармақтарын таңдаңыз, одан кейін USB порт (USB порты) пəрменін
таңдаңыз.
– немесе –
NIC құрылғысын қосу үшін, Конфигурация системы (Жүйе конфигурациясы) > Опции
загрузки (Жүктеу параметрлері) тармақтарын таңдаңыз, одан кейін PXE Internal NIC boot
(PXE сыртқы NIC картасынан жүктеу) пəрменін таңдаңыз.
4. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Сохранить (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Сохранить изменения и
выйти (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРІМ: MultiBoot утилитасын пайдаланбастан, NIC картасын Preboot eXecution Environment
(PXE) бағдарламаларды қашықтан жүктеу (RPL) серверіне қосу үшін, экранның төменгі
жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз, одан кейін f12 пернесін жылдам басыңыз.
68 Бап 13 MultiBoot