User Guide - Linux
Жүктеу ретін өзгерту
Жүктеу ретін өзгертпес бұрын мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз:
●
Жүктеу реті өзгертілгеннен кейін компьютер қайта басталған кезде, жаңа жүктеу реті
пайдаланылады.
● Жүктеу құрылғыларының бірнеше түрі қолданылса, компьютер жүктеу құрылғыларының əр
түрінің бірінші құрылғысынан (оптикалық құрылғылардан басқа) жүктеледі. Мысалы, егер
компьютер қатты дискісі бар қосымша қондыру құрылғысына жалғанған болса, бұл қатты
диск жүктеу реті
тізімінде USB қатты дискісі атымен көрсетілетін болады. Егер амалдық
жүйе бұл USB қатты дискісінен жүктеу əрекетін жасап, оны сəтсіз орындаса, жүйе қатты
диск ұясындағы қатты дискіден жүктеу əрекетін қайта жасамайды. Оның орнына, жүйе
жүктеу реті тізіміндегі келесі құрылғы түрінен жүктеу əрекетін жасайды. Алайда, егер екі
оптикалық құрылғы бар болса жəне бірінші оптикалық құрылғы жүктелмесе (
онда медиа
болмаса немесе медиа жүктеу дискісі болмаса), жүйе екінші оптикалық құрылғыдан жүктеу
əрекетін жасайды.
●
Жүктеу ретін өзгерту қатты логикалық диск арнаулы орындарын да өзгертеді. Мысалы,
егер С дискісі атымен пішімделген диск салынған CD-ROM диск жетегінен жүктеуді
бастасаңыз, бұл CD-ROM диск жетегі С дискісі болып аталатын болады жəне қатты диск
ұясындағы қатты диск D дискісі
атына ие болады.
●
Егер NIC құрылғысы Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасының Built-In Device
Options (Кірістірілген құрылғы мүмкіндіктері) мəзірінде қосылған болса жəне жүктеу
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасының Boot Options (Жүктеу мүмкіндіктері)
мəзірінде қосылған болса, компьютер бұл құрылғыдан жүктелетін болады. NIC
құрылғысына жүктеу логикалық диск арнаулы орындарын өзгертпейді, себебі NIC
құрылғысымен байланысты диск əрпі жоқ.
●
Қосымша қондыру құрылғысындағы диск жетектері жүктеу ретінің
тізіміндегі сыртқы USB
құрылғылары сияқты əрекет етеді.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау
MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады:
●
Компьютер іске қосылған сайын жаңа жүктеу ретін Computer Setup утилитасында жүктеу
ретін өзгерту арқылы орнату үшін.
● Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басу арқылы жүктеу
ретін динамикалық түрде таңдап, Boot Device Options (Құрылғыларды жүктеу мүмкіндіктері)
мəзірін ашуға f9 пернесін басу үшін.
● Айнымалы
жүктеу реттерін орнатуға MultiBoot Express құралын пайдалану үшін.
Компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын жүктеу құрылғысы сұралады.
Computer Setup утилитасында жаңа жүктеу ретін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
пайдаланылатын жүктеу ретін орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Жүктеу ретін өзгерту 69