User Guide - Linux
3. Обычный порядок загрузки (Жалпы жүктеу реті) тізімін таңдау үшін, меңзегіш құрылғыны
немесе көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде жоғарыға жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
жоғары көрсеткі пернесін пайдаланыңыз немесе + пернесін басыңыз.
– немесе –
Құрылғыны жүктеу ретінің тізімінде төмен жылжыту үшін, меңзегіш құрылғыны немесе
төмен көрсеткі
пернесін пайдаланыңыз немесе - пернесін басыңыз.
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Сохранить (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Файл > Сохранить изменения и выйти (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне
енеді.
Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сəйкес
динамикалық түрде таңдау
Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына
əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз жəне Select Boot Device (Жүктеу
құрылғысын таңдау) мəзірі ашылады.
2. f9 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен
жүктеу ретін таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер бірден іске қосылады.
MultiBoot Express кеңестерін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
MultiBoot бастау мəзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш
құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Конфигурация системы
(Жүйе конфигурациясы) > Параметры загрузки (Жүктеу параметрлері) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Əдепкі параметр ағымдағы MultiBoot параметріне жеткенше компьютердің басталу
орналасқан мəзірін экранға шығару уақытының секундта көрсетілетін мəнін Задержка (в
секундах) всплывающего экспресс сообщения многовариантной загрузки (Multiboot
70 Бап 13 MultiBoot