User Guide - Linux

Компьютер қосылған, бірақ жауап бермей отыр
Егер компьютер қосылса, бірақ ол бағдарламаның немесе пернетақтаның пəрмендеріне жауап
бермесе, компьютер жұмысын аяқтамас бұрын төтенше түрде жұмыс аяқтауға арналған
төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Төтенше өшіру іс-əрекеті салдарынан сақталмаған ақпарат жоғалады.
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып, батареяны алып тастаңыз.
Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді
Компьютер пайдалану кезінде аз ғана жылы болады, бұл қалыпты құбылыс. Бірақ егер
компьютер əдеттен тыс қызып кетсе, желдеткіш саңылауы бітелгендіктен компьютер қызып
кетуі мүмкін.
Егер компьютер қызып кетті деп күдіктенсеңіз, компьютердің бөлмедегі температураға дейін
суынуы қажет. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын
тексеріңіз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты
қызып кету жағдайларын азайту үшін, компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің
ауа желдеткішін бөгемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз.
Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата
сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Сонымен қатар
жұмыс кезінде
айнымалы ток адаптерінің теріге немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ бетке
тимеуін қадағалаңыз. Компьютер жəне айнымалы ток адаптері Ақпараттық технология
жабдығы қауіпсіздігінің халықаралық стандарты (IEC 60950) арқылы белгіленетін
пайдаланушыға рұқсат етілген бет температурасына сай келеді.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің ішінде орналасқан желдеткіш автоматты түрде басталып, ішкі
бөліктерді суытады да, құрылғыны қызып кетуден қорғайды. Жұмыс істеу барысында ішкі
желдеткіш қосылады да, өшіріледі. Бұл қалыпты құбылыс.
Сыртқы құрылғы жұмыс істемей отыр
Егер сыртқы құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
Құрылғыны өндірушінің нұсқауларына сəйкес қосыңыз.
Құрылғының барлық қосылыстарының дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғы электр қуатына жалғанғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғының, əсіресе ескі болған жағдайда, амалдық жүйемен сыйысымды екенін
тексеріңіз.
Дұрыс драйверлер орнатылғандығына жəне жаңартылғандығына көз жеткізіңіз.
Ақаулықтарды жою 73