User Guide - Linux
Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен
шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін:
●
Сервистік жапсырма — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды:
Бөлік
(1) Өнім атауы
(2) Сервистік жапсырма
(3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі
(4) Кепілдік күшінің мерзімі
(5) Модель сипаттамасы
Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Компьютер үлгісіне
байланысты сервистік жапсырма компьютердің түбіне жабыстырылады немесе батарея
орнының ұясында не қызмет көрсету үшін ашатын қақпақтың астында орналасады.
●
Техникалық деректер жапсырмасы — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді.
Техникалық деректер жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
●
Сымсыз куəландыру белгісі немесе белгілер (тек таңдаулы үлгілерде
) — қосымша сымсыз
құрылғылар туралы жəне құрылғылар қолдану үшін бекітілген кейбір мемлекеттер мен
аймақтардың мақұлдау таңбаларын береді. Компьютерде бір немесе бірнеше сымсыз
құрылғылар болса, бір немесе бірнеше куəландыру белгісі компьютермен бірге беріледі.
Бұл ақпарат шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Сымсыз куəлік беру
жөніндегі жапсырмалар батарея орнында орналасқан.
●
SIM (абонентті анықтау модулі) жапсырмасы (
тек таңдаулы үлгілерде) — SIM картасының
ICCID кодын (Кірістірілген байланыс картасының кодын) береді. Бұл жапсырма батарея
ұясының ішінде орналасады.
●
HP мобильді кең жолақты модулінің сериялық нөмірі бар жапсырма (тек таңдаулы
үлгілерде) — HP мобильді кең жолақты модулінің сериялық нөмірін көрсетеді. Бұл
жапсырма батарея ұясының ішінде орналасады.
Жапсырмалар 75