User's Guide
«Факс жабдығын тексеру» орындалмады
●
Принтердің басқару тақтасында орналасқан (Қуат түймесі) түймесін басып, принтерді өшіріңіз
де, принтердің артқы жағындағы қуат сымын ажыратыңыз. Бірнеше секундтан кейін қуат сымын
жалғап, қуатты қосыңыз. Сынақты қайта іске қосыңыз. Егер сынақ орындалмаса, осы бөлімдегі
ақаулықтарды жою бойынша ақпаратты қарауды жалғастырыңыз.
●
Сынақ факсын жіберіп немесе қабылдап көріңіз. Факсты сәтті жіберіп, қабылдасаңыз, мұнда
ақаудың болмағаны.
●
Мастер установки факс (Факсты орнату шеберінен (Windows)) немесе НР утилитасы (OS X),
тексеруді орындап жатсаңыз, принтердің факсты қабылдау немесе көшірме жасау сияқты басқа
тапсырманы орындап жатпағанын тексеріңіз. Принтердің бос еместігін көрсететін хабар үшін
дисплейді тексеріңіз. Бос емес болса, ол аяқталғанша және тексеруді орындамас бұрын бос
күйіне ауысқанша күтіңіз.
●
Принтермен бірге келген телефон сымын пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз. Телефон
ұясынан принтерге жалғау үшін телефон сымы пайдаланылмаса, факстарды жібере де,
қабылдай да алмайсыз. Принтермен бірге келген телефон сымын жалғағаннан кейін факсты
тексеруді қайта іске қосыңыз.
●
Телефон сплиттерін пайдаланып отырсаңыз, факс аппаратында ақау пайда болуы мүмкін.
(Сплиттер — телефон ұясына жалғайтын екі сымды қосқыш.) Сплиттерді алып тастап, телефон
ұясына принтерді тікелей қосып көріңіз.
Табылған ақауларды шешкеннен кейін, жіберілетіндігін және принтердің факс жіберуге дайын екенін
тексеру үшін факс сынағын қайтадан іске қосыңыз. Факс жабдығын тексеру әлі де қате беруді
жалғастырса және факс жіберу ақаулары шешілмесе, НР қолдау орталығымен байланысыңыз.
www.hp.com/support сайтына өтіңіз. Бұл веб-сайтта жалпы принтер ақауларын түзетуге көмектесе
алатын ақпарат пен қызметтік бағдарламалар беріледі. Нұсқау берілсе, елді/аймақты таңдаңыз да,
техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу туралы ақпаратты алу үшін Барлық HP контактілері
түймесін басыңыз.
«Факс белсенді телефон ұясына қосылған» сынағы орындалмады.
●
Телефон сымының қауіпсіз екенін тексеру үшін, принтер мен телефон ұясы арасындағы
байланысды тексеріңіз.
●
Принтермен бірге келген телефон сымын пайдаланып отырғаныңызды тексеріңіз. Телефон
ұясынан принтерге жалғау үшін телефон сымы пайдаланылмаса, факстарды жібере де,
қабылдай да алмайсыз. Принтермен бірге келген телефон сымын жалғағаннан кейін факсты
тексеруді қайта іске қосыңыз.
●
Принтердің телефон ұясына дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Принтермен бірге берілген қораптағы
телефон сымын қолданып бір ұшын телефон ұясына қосыңыз, одан кейін екінші ұшын
принтердің артындағы таңбаланған 1-LINE портына қосыңыз.
Факс орнатылымы және сынағы туралы қосымша мәліметтер алыңыз, қосымша ақпарат үшін
желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
●
Телефон сплиттерін пайдаланып отырсаңыз, факс аппаратында ақау пайда болуы мүмкін.
(Сплиттер — телефон ұясына жалғайтын екі сымды қосқыш.) Сплиттерді алып тастап, телефон
ұясына принтерді тікелей қосып көріңіз.
●
Жұмыс телефоны мен телефон сымын принтер үшін қолданылатын телефон ұясына қосуға
әрекет жасап, теру сигналын тексеріңіз. Теру сигналын естімесеңіз, телефон корпорациясымен
байланысып, желіні тексерткізіңіз.
120 9-тарау Мәселені шешу KKWW










