User's Guide
Дұрыс басып шығару туралы кеңестер
Сәтті басып шығару үшін келесі кеңестерді пайдаланыңыз.
Компьютерден басып шығару туралы кеңестер
Компьютерден құжаттарды, фотосуреттерді немесе хатқалталарды басып шығару туралы қосымша
ақпарат алу үшін амалдық жүйе нұсқауларының келесі сілтемелерін пайдаланыңыз.
●
Компьютерде сақталған фотосуреттерді басып шығару туралы мәліметтер. Қосымша ақпарат
үшін желіге өту мақсатында осы жерді басыңыз.
●
Компьютерден хатқалталарды басып шығару туралы мәліметтер. Қосымша ақпарат үшін желіге
өту мақсатында осы жерді басыңыз.
Сия және қағаз туралы кеңестер
●
Түпнұсқа HP картриджарын пайдаланыңыз. Түпнұсқа HP картридждары үздіксіз тамаша
нәтижелерді алу үшін HP принтерлерінде тексерілген.
●
Картридждарда сия бар екенін тексеріңіз. Болжалды сия деңгейлерін көру үшін Басты экранында
(Сия) түймесін басыңыз.
Картридждермен жұмыс істеу туралы қосымша кеңестерді білу үшін Картридждармен жұмыс
істеу туралы кеңестер (85-бет) бөлімінде қосымша ақпаратты қараңыз.
●
Біреу ғана емес, қағаз бумасын салыңыз. Бір өлшемдегі таза және тегіс қағазды пайдаланыңыз.
Бір уақытта тек қағаздың бір түрін салыңыз.
●
Барлық қағаздарға нық сәйкестендіру үшін қағаз науасындағы қағаз енінің бағыттауыштарын
сәйкестендіріңіз. Кіріс науасындағы қағазды қағаздың енін бағыттауыштардың
майыстырмайтынын тексеріңіз.
●
Қағаз науасына салынған қағаздың түрі мен өлшеміне сай басып шығару сапасын және қағаз
өлшемі параметрлерін орнатыңыз.
Принтер параметрлері туралы кеңес
●
Бумага/Качество (Қағаз/сапа) қойындысында Tray Selection (Науаны таңдау) аумағындағы
Носители (Медиа құралы) ашылмалы тізімінен тиісті қағаз түрін таңдаңыз да, Quality Settings
(Сапа параметрлері) аймағында тиісті басып шығару сапасын таңдаңыз.
●
Қосымша параметрлер диалогтық терезесіндегі Размер бумаги (Қағаз өлшемі) ашылмалы
тізімнен дұрыс қағаз өлшемін таңдаңыз. Қосымша парамтрлер диалогтық терезесіне кіру үшін
Расположение (Орналасу) немесе Қағаз/Сапасы қойындысындағы Қосымша түймешігін
басыңыз.
●
Әдепкі басып шығару параметрлерін өзгерту үшін Басып шығару, сканерлеу және факс түймесін
басып, принтердің бағдарламалық құралындағы Параметрлер түймесін басыңыз.
Операциялық жүйеңізге байланысты принтердің бағдарламалық жасақтамасын ашу үшін
келесілердің біреуін орындаңыз:
KKWW Дұрыс басып шығару туралы кеңестер 29










